1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет43/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Бір ізді бейнелер. Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамастан, түйсіктің аз ғана уақыт болса да ӛз күшінде қалатын кездерін бір ізді бейнелер деп атайды. Бұлар кӛру, есту, иіс, дәм, тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мысалы, адам 2-3 секунд бойы кӛз алмай, шамға қарап отырып, содан кейін кӛзін жұмса, жарықтың ізін айқын кӛре алады. Бір ізді бейненің бұл түрі оң ізді бейнелер деп аталады.
Қолымызға екі парақ ақ қағазды қолға алып, бірін сол ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып қойып, бұдан соң қызыл қағаздан 20-30 секундтай кӛз алмай отырып, кӛзімізді ақ қағазға сәл аударсақ, оның бетінен кӛгілдір түсті кӛруге болады. Бұл теріс бір ізді бейненің мысалы. Бір ізді бейнелер кӛбінесе адамға байқалмайды. Себебі мұндай тітіркендіргіштің бір түрі екіншісімен жалғасып, ілесіп отырады. Оның байқалмауы - кӛздің тор қабығының ылғи қозғалып тұруынан. Сондықтан адамның кӛзі талмайды. Орталық нерв жүйесінің жоғары бӛліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер бір ізді бейнелердің физиологиялық негізі болып табылады.

    Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  1. Түйсік дегеніміз не?


  2. Түйсіктің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ілімі қалай түсіндіреді?


  3. Сезгіштік пен табалдырық заңдылығының мәнісі неде?


  4. Түйсіктердің ӛзара байланысы қалай?


  5. Түйсік қандай түрлерге бӛлінеді?


  6. Түйсіктің психофизиологиялық заңдылықтары туралы айтқан ғалымдар?



    Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Годфруа Ж. Что такое психология М., «Мир», 1996ж., 1том -370с., -2том,


- 490с.

  1. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. А: Изд. КазГУ, 1992г., -195 б.

  2. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., - 630с.


  3. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.


  4. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.


  5. Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Алматы, «Таймас баспа үйі», 2005ж.,1-5т. 1 т. - 461б., 2т. -478б., 3т. 479б., 4т.-477б., 5т.-479б.,


  6. Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: в 2-х т./под ред.В.В.Давыдова и др. – М.: Педагогика, 1983г., -390с.


  7. Хрестоматия по общей психологии: Психология памяти/Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтер, В.Я. Романова, М., Изд-во МПИ 1979г., - 295с.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет