1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Тақырып бойынша пысықтау сұрақтары



бет80/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Тақырып бойынша пысықтау сұрақтары

  • Мінез дегеніміз не?


  • Мінездің қалыптасуына ықпал етуші факторларды атаңыз?


  • Типтік мінез дегеніміз не?


  • Мінезді тәрбиелеудің жолдары қандай?


  • Жас сатыларына байланысты мінез ӛзгеруін қалай түсіндірер едіңіз



      Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Аймауытов Ж. Псиқология. Алматы, «Рауан», 1995, - 303б.


    2. Бодалев А.А. Психология личности. М:, Изд-во МГУ, 1988г., -312с.


    3. Еникеев М.И., Основы общей, юридический психологии, М.,1996г., - 630с.


    4. Жарықбаев Қ.Б. Психология негіздері. Алматы 2005ж., -415б.


    5. Немов Р. С. Психология. М., «Просвешение»., 1995, 1том -573с., 2том - 491с.


    6. Намазбаева Ж.И. Психология Алматы: 2005, -293б.


    7. Психология Адамзат ақыл-ойының қазынасы, Алматы, «Таймас баспа үйі», 2005ж.,1-5т. 1 т. - 461б., 2т. -478б., 3т. 479б., 4т.-477б., 5т.-479б.,


    8. Сәбет Бап-Баба Жантану негіздері Алматы, «Дәнекер», 2001ж., -293б.


    9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб,: Питер 1999г., -345с. 10.Рувинский Л.И., Хохлов С.И., Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек


    Алматы, «Мектеп» 1989ж., -150б.


      № 19 дәріс. Қабілет. Жоспар:



      1. Қабілет туралы жалпы ұғым.
    1. Қабілеттер концепциясы



      1. Қабілет және нышан
    2. Педагогтық қабілет және оның құрылымы



      1. Қабілеттің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы

    1. Қабілет туралы жалпы ұғым.

    Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда кӛрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз.


    Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейі (жұрттың бәріне ортақ) репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік кӛрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Біркелкі тең жағдайда (дайындық деңгейі, білімі, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті тӛмендеу кісіге қарағанда істі орындауда жақсы нәтиже кӛрсетеді.
    Қабілеттің дамуы мен кӛрінісінің ең жоғары деңгейі - "талант", "дана" деген терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар ӛнерде, ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижеге жетеді. Дана адам әдебиет, ӛнер, ӛндіріс, ғылым саласында бұрын сонды болмаған, соңғы жаңалықтар ашады. Талантты
    адам да жасампаз, бірақ ӛзіндік жаңалықты белгілі идеялар, бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды. Талантты және дана адамдар практикада және ӛнерде, ғылымда бұрын соңды болмаған жаңалықтар ашады. Таланттылық - даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар, жеке адамның жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете, Ломоносовтар шығармашылық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты дамуының үлгісі болып табылады.
    Қабілет жалпы, арнаулы болып бӛлінеді. Жалпы қабілет бұл адамның ақыл-ой қабілеті.

    Арнаулы қабілет - іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет ӛнері, музыка, сахна ӛнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
    Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті- техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет