1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет82/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Қабілет және нышан.

Адамның кейбір ӛзгешеліктері ана құрсағында жатқанда-ақ пайда болады. Мәселен, баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан дейді. Жүйке жүйесінің, кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мұны физиологиялық нышан дейді.


Нышанның соңғы түрі қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Мәселен, баланың есту анализаторының жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, кӛру анализаторының ӛзгешелігі сурет қабілетінің кӛрінуіне себін тигізеді. Бірақ нышан қабілет дамуының бірден-бір шарты бола алмайды. Ол - адамның ішкі мүмкіндігінің кӛрсеткіші. Егер, адамның туысынан нышаны болса да, дұрыс тәрбие кӛрмесе, яғни белгілі әрекетпен айналыспаса, оның қабілеті айтарлықтай дамымайды. Әрбір қабілетке арнаулы нышан сәйкес келеді деп ойлау да қате. Нышан кӛп мәнді қасиет, яғни сол нышанға негізделіп, адам ӛмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық дейді. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке қызметінің тума типіне (мида уақытша байланыстардың тез жасалып, берік орнығуы, жүйке процестерінің қозғалғыштығы, динамикалық стереотиптердің шапшаң жасалып, оңай ӛзгеруі т. б.) байланысты болып келеді.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай туса, ол ерте кӛзге түсетін болады. Тарихта болсын, күнбе-күнгі ӛмірімізде болсын мұндай мысалдар ӛте кӛп. Осыдан 200 жылдай бүрын Германияда "ұстазы Кристиан фон Шенах жазып алған любектік тӛрт жасар дарынды бала Кристиан Гейнрих Хейнекеннің ӛмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен ӛлімі" деген кітап жарық кӛрді. Аса дарынды бала жӛніндегі алғашқы кітап осы болатын.
Туғанына он ай толмай жатып кішкентай Гейнрих "суретке салынған заттардың кӛпшілігін айырып атайтын" болды. Ол үш жасқа келгенде ертегілерді ӛзі оқып, математиканың тӛрт амалымен есеп шығара алады, қӛп ұзамай сәби француз тілін үйреніп, "географиядан жақсы мағлұмат алады" және мыңнан астам латын мәтелін біледі. Гейнрихтың даңқы әлемге жайылып, оны Дания королі қонаққа шақырады. Сол дарынды сәби тӛрт жастан тӛрт ай асқанда қайтыс болған.
Психологтар Г.С.Костюк, А.Г.Ковалев, В.Н.Мясищев нышандарды тек анатомиялық-физиологиялық жағынан қарастырмай, мұны бәрінен бұрын жас
бала іс-әрекетті алғаш меңгере бастаған кезенде немесе кей жағдайда, белгілі бір қызметпен жүйелі түрде айналыса қоймаған ересек адамдардан байқалатын психо-физиологиялық қасиеттер деп қарайды. Бұл, мәселен, заттардың түстерін жақсы ажырата алу, кӛру есі, музыкалық есту т.б. нышан әрекет үстінде байқалады. Мәселен, біреуге музыка, енді біреуге сурет ӛнері күшті әсер етеді. Бірақ бұл әлі де аздау. Жоғары сенсорлық-моторлық сапалар мен бейімділік сәйкес келетін салаларда болған күш сынаудың шешуші мәні бар.
Былайша айтқанда, нышанды әлі дами қоймаған, бірақ іс-әрекетте алғаш сынаудан-ақ кӛрініс беретін - қабілеттің бастапқы табиғи негізі деп білуіміз керек. Н.С.Преображенская мен С.А.Саркисовтың зерттеулері адамның ми қыртысының үлкен жарты шарындағы жасушалардың орналасуында айтарлықтай дара айырмашылықтар болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ ми жасушалары қабаттарының құрылымында дара айырмашылықтар болатындығы бұлардың ми қызметіне, атап айтқанда, қабілеттердің кӛрініс беруіне қатысы болатындығы аталып ӛтілді.

Бейімділік. Бейімділік - туа бастаған қабілеттің ең алғашқы белгісі, симптомы. Бейімділік баланың (не ересек адамның) іс-әрекеттің белгілі түріне (сурет, музыка) ұмтылысынан кӛрінеді. Шынайы бейімділік болған жағдайда әрекетке деген зор ынталылық қана емес, шеберлікті шапшаң игеру, елеулі нәтижелерге жету байқалады. Жалған немесе алдамшы бейімділік бір нәрсеге үстірт жай таңдана қараудан немесе беріле әрекет еткенмен, орташа ғана нәтижеге қол жететіндіктен байқалады. Сӛйтіп қабілет - адамның табиғи және жүре пайда болтын қасиеттерінің сомдалып құйылуы. Бірақ табиғи қасиеттер тума болғанымен еңбек үрдісінде, тәрбие жағдайында ӛңделіп, дамып жетіледі.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет