1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары



бет13/40
Дата15.11.2023
өлшемі0,52 Mb.
#123993
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
1 Дәріс Психологияға кіріспе Жоспары-emirsaba.org

Ерiк сапалары
Адамның ерiк-жiгер қасисттерi сан қилы. Бүлардың iс-әрекеттiң нақтылы жағдайларына, орындау тәсiлiне карай бiрнеше сапалары бар:Бiрiншiден, ерiктiң күшiне (тоқтамга келгiштiк, кедергiлердi жеңе алу, өзiн-өзi меңгере алу, батылдық шыдамдылық т. б.), екiншiден, адамгершiлiкке сыйымды ерiк қимылының сапаларына (жеке мүдденi ұжым еркiне, қоғам мүддесiне бағындыра алуда көрiнетiн ерiк сапалары),үшiншiден, ерiктiң адамның дербестiгiнен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптiлiк, тәртiптiлiк, жинақылық т, б.) бөлiнедi.
Тоқтамға келгiштiк. Тоқтамға келгiштiк дегенiмiз адамның небiр қиын-қыстау кезеңдерде қажеттi шешiмдерге келiп, оны жүзеге асыруға қабiлетiнiң болуы. Тез тоқтамға келу үшiн адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбiр iстi ой таразысына салуды қажет ететiн қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы iсiн дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесiн тыңдау, ақылға салу, өзiн тежей алу, қателердi көре бiлу, тәуекелге бел байлай алушылық — тоқтамға келгiш адамға тән қасиеттер.Адамның өз әрекетiн дұрыс түсiнуi, iстеген iсiнiң азды-көптi кемшiлiктерiн көре бiлуi оның ақыл-ой парасатымен байланысып жатады. Бiреу тоқтамға келуде оншама көп қателiкке жол бермейдi, ал екiншi бiреу көптеген қателiктерге ұшырайды, сонысынан кейiн үлкен опық жейдi, әуре-сарсаңға түседi, ал үшiншi бiр адамдар жиi-жиi түрлi тоқтамға келедi де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бiрақ оларды, блин, көбiнесе, орындай ал-майды. Ақырында мұның барлығы оның ерiк-жiгерiн жегiдей жеп мұқалтады.
Табандылық. Табанды адам алған бетiнен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетудi көздейдi. Ол қажымай-талмай әрекет етiп, осы жолда небiр қиыншылыққа төзiп, оларды бiрiнен соң бiрiн жеңiп отырады. Мұндай адамның ерiк күшi қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстiнде онан сайын нығая түседi. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мынбаев ұлы Отан соғысында екi қолынан бiрдей айрылды да, жарымжан болып қалды. Бiрақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектiкпен өмiр сүрiп, халқына пайда келтiру жағын ойлады.
Ұстамдылық. Ұстамдылық дегенiмiз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, басқа күйiп-пiсуден бойын тежей алу қабiлетi. Ұстамды адам әр кез терең ойланып, iстiң тетiгiн аңғара отыра әрекет етедi. Ол ағат iстерге бара бермейдi, көрсе қызар, яғни нәпсiнiң құлы емес. Мұндай адам өзiнiң бар күш-жiгерiн тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. “...нағыз зор ерiк дегенiмiз бiрдемеге тек тiлек етiп, соған қол жеткiзу емес,— дейдi А. С. Макаренко,— сонымен бiрге керек болған жағдайда қажетсiз нәрседен өзiн бас тарта бiлуге мәжбүр етуi керек. Жiгер дегенiмiз — құр тiлекпен қанағаттану емес, бұл бiр мезгiлдегi тiлек те, тоқталыс та, тiлектен бас тарту да... Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз ешбiр жiгердiң де болуы мүмкiн емес”.
Тәртiптiлiк пен жинақылық. Тәртiптiлiк дегенiмiз адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тiлегiн әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабiлетi. Адам неғұрлым өз қылығының қоғамдық мәнiн жақсы ұғынса, соғұрлым зор сенiммен, белсендiлiкпен әрекет етiп, өзiнiң Отан алдындағы жауапкершiлiгiн жақсы түсiнедi. Жекешiл, ұжымнан оқшауланып жүретiн адамда тәртiптiлiк жағы аз болады. Кiсiнiң тәртiптiлiгi оның жинақылығымен, iс-әрекетiнiң жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бiр iске кiрiсерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның тәртiптiлiгi мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетiмен қатар жеке өмiрiнде де ерекше маңыз алады.Оқушыларды тәртiптiлiк пен жинақылыққа тәрбиелеудегенiмiз олардың оқу әрекетiн дұрыс ұйымдастыру, әрбiр кiшкентай iстiң өзiне тиiсiнше мән берiп отыруға үйрету қоғамдық iсте де, жеке өмiрде де қатаң тәртiп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бiр сөзбен айтқанда, осылардың барлығын олардың қанына “сiңiрiп” отыру деген сөз.
Ерлiк. Ерлiк дегенiмiз алға қойған мақсатына шексiз сенген, сол жолда ақтық демi бiткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетiн қасиет. Сонымен қатар, ерлiк — батылдық пен ұстамдылықтың, табандылық пен тез тоқтамға келгiштiктiң адамның басында ойдағыдай тоғысуы. Ерлiк iстеген сәтте адам өзiне өлiм қаупi төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтередi, өз мақсатын асыл мұратына бағындырып, мұны ең негiзгi борышым деп есептейдi. Ерлiк көбiнесе қоғамдық мәнi бар iстерде көрiнедi. Сондықтан да ол адамның өз халқына, Отанына қалайша берiлгендiгiн сипаттайтын негiзгi көрсеткiштердiң бiрi болып табылады. Қазақ халқының тарихында да кiр жуып, кiндiк кесксн жерiн көздiң қарашағындай сақтап, басқыншы жаудан асқан ерлiкпен қорғай бiлген небiр батыр тұлғалар көптеп кездеседi. Мәселен, Күлтегiн, Едiге, Қарасай-қази, Қобыланды, Ерсайын, Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Жанқожа, Кеңесары, Нау-рызбай, Исатай, Махамбет, Амангелдi, Бауыржан т. б. осылар секiлдi өр рухты, намысты қолдан бермей шыбын жанын туған жерi үшiн құрбан еткен қас батырлардың бейнелерi қазiргi тәуелсiз елдiң жас ұрпақтарына iздесе таптырмайтын өнеге. Ерiктiң осындай сапасын қалайша тәрбиелеу керектiгi жөнiнде ұшқыш-ғарышкер А. Николаев былай дейдi: “...Бұл орайда пәлендей бiр рецепт берудiң өзi қиынау. Менiңше, тек адам бала кезiнен бастап-ақ батылдыққа, қайсарлыққа, көздегенiне жетпей тынбайтындай өжеттiкке, ұстамдылыққа үйiр болып өскенi жөн. Ерлiк дәстүрiне тәрбиелену — өмiрдiң өзi бiздiң алдымызға тартып отырған қиындықтарды жеңу деген сөз”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет