1 дәріс. Реттеу теориясы


Біртұтас ағза деңгейінде реттеу



бет2/4
Дата30.09.2022
өлшемі238,84 Kb.
#40984
түріҚұрамы
1   2   3   4
Біртұтас ағза деңгейінде реттеу.

Тірі ағза өзін-өзі реттеуші күрделі жүйе. Ағза бірнеше қарапайым физиологиялық жүйелерден тұрады. Жоғарғы сатыдағы жануарлардың жүйелерін жүйкелік, жүрек қан тамыр, ас қорыту, тыныс алу т.б. деп ажыратамыз. Тірі ағзалардың қызметі біртұтас. Оның ішінде физиологиялық жүйелер бір-бірімен тығыз байланыста қызмет етеді, соның нәтижесінде ағзада спецификалық реттеуші жүйелер арқылы басқа жүйелер мен байланыста болады.
Миллиондаған жылдар бойы жүретін эволюциялық жүйелер біртіндеп жаңа деңгейге көтеріле отырып, сонымен қатар жүйелерді реттеудің деңгейі күрделеніп көпдеңгейлі және әртүрлі типте реттеушілік қасиеті бар. Ағзалардың пайда болуына душар етті. Н.М.Амосовтың көзқарасы бойынша реттеуші жүйенің 4 типі болатындығын көрсетеді. Бірінші жүйені шартты түрде химиялық спецификалық емес жүйе деп атайды. Бұл жерде реттеу жасуша мен мүшелер арасында зат алмасу өнімдері арқылы қамтамасыз етіледі.
Бір мүшеде пайда болған өнімдер екінші мүшеге әсер ету арқылы оның қызметін өзгертеді. Зат алмасу өнімдері немесе метоболиттер гормонға, медиаторға жатпайды.
Екінші реттеуші жүйе-эндокриндік немес гормондық. Бұл реттеу жүйесінің басты ерекшеліктері ерекше зат гормондар арқылы мүшелердің қызметін реттейді.
Үшінші реттеуші жүйе-вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеу. Бұл жүйе арқылы реттеу оперативті, тез және алыстан, бір орталықтан шығып бірнеше объектіні реттейді. Вегетативті жүйкенің негізгі қызметі ағзадағы тепе-теңдікті сақтау.
Төртінші реттеуші жүйе-бұл бас миы және орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ). Бас миы бір жағынан жоғарғы қызмет тепе-теңдікті сақтауға қатысса екінші жағынан біртұтас ағзаның сыртқы ортамен байланысын, тепе-теңдігін реттейді.
Енді функционалды жүйе дегеніміз не? Соған анықтама берейік. П.К.Анохиннің анықтамасы бойынша функционалды жүйе (ФЖ) ағзада белгілі қызмет атқаруды қамтамасыз етуші әртүрлі мүшелердің, ұлпалардың жиынтығы.
Функционалды жүйеге мысал дененің температурасын реттеуші жүйе (3 суретке қараңыз). Функционалды жүйенің негізі теріс кері байланыс арқылы жүйенің өзін-өзі реттеуі. Теріс кері байланыстың арқасында қызметі тұрақты және сыртқы ортаның әсерінен өзгермейді.
Сондықтанда физиологиялық реттеу жүйесіне қарағанда функционалды жүйе ағзаның жауап реакциясына талдау жасағанда артықшылығы молырақ, себебі осы арқылы ағзаның қызметін мүшелер арасындағы байланысты оңай дәлелдеуге, анықтауға болады.
Функционалды жүйеге әртүрлі физиологиялық жүйенің элементтері кіріп, міндетті түрде ағзаның екі негізгі реттелуші жүйесі: жүйкелік және эндокриндік реттеуші жүйелер. Шындығында да функционалды жүйе ағзаның біртұтастық құрылымының қызметін біріктіруші деп атауға болады.
Функционалдық жүйенің негізіндегі реттеу механизмдерінің ерекшелігі басқарылатын жүйе бірнеше қабаттан тұрады және реттелу бірнеше деңгейде іске асырылады. Мысалы, қандағы глюкозаның концентрациясының тұрақтылығы бауыр арқылы іске асырылады.

Бас миы қыртысы




Басқарушы әсер






аралық мидағы гипофиз жүйесі


ұйқы безінің аралдық аппараты




бауырдың тұрақтылықты сақтау механизмі






Әсердің нәтижесінен ауытқу


4 сурет. Қандағы қантты реттеудің жалпы нұсқасы (Дришель бойынша, 1966)


Екінші басқару деңгейі ұйқы безінің тепе-теңдікті сақтау механизмі (4 сурет) БУА механизмінің басты ерекшелігі қандағы глюкозаның құрамын инсулин және глюкоген гормонының көмегімен бас миының (гипофиз) қатысуынсыз жүреді. Ақырғы үшінші басқарушы деңгейге гипофиз және аралық ми, оның өзі үлкен жарты шарлар қыртысының бақылауымен жүзеге асырылады. Бұл жерде гипофиз және аралық ми өздерінің гормондары арқылы бірден немесе ұйқы безі арқылы қандағы қанттың деңшейін өзгертіп отырады.


Осындай күрделі жүйелердің төменгі және жоғарғы аралық әсерлері ақпараттардың алмасуы кері байланыс принципіне сәйкес іске асырылады. Төменгі деңгейлері өзін-өзін реттеушілік қасиетімен ерекшеленеді. Уақытша келіп түскен ақпарат белгі шегінен шықпаған жағдайда, олар өз бетінше тиісті реакцияға түсу арқылы жауап береді. Бұл жағдайда жоғарғы деңгейге ешқандай мәлімет берілмейді, оның өзі де қатысуға құқы жоқ. Жоғарғы деңгейдің төменгі деңгейдің жұмысына кірісуі мынандай жағдайда болады, егер соңғысы ақпаратты өңдеуге қабілеті жетпесе, ақпарат ағыны әсердің нәтижесінде ауытқуға душар болған жағдайларда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет