1 Дәріс сабақтары бойынша қорытындылау



бет1/3
Дата05.05.2023
өлшемі20,51 Kb.
#90255
  1   2   3
Байланысты:
DOC-20230502-WA0008.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
Химия факультеті
Органикалық химия және полимерлер кафедрасы
«Фармацевтикалық кәсіпорындарды жобалау және жабдықтау негіздері»
пәні бойынша
ЕСЕП

Орындаған: ТФП-313 тобының студенті Исабай Ұлбала


Қабылдаған: Химиялық технология және мұнай кафедрасының
қауымдастырылған профессоры Рахимжанова Н.Ж.

Қарағанды 2023



Фармацевтік өндірістік технологиясы мамандығының ТФП-313 тобының 3 курс студенттерінде «Фармацевтік кәсіпорындарды жабдықтау және жобалау негіздері»пәнін меңгеру жоспарланған болатын.Семестр бойы мен осы пәннің дәрістік және зертханалық сабақтарына қатысып,аралық бақылауда жақсы тапсырып шықтым.Жалпы бұл пәнді меңгеру дәрістерді қарастыру,көптеген тапсырмаларды орындау және де зертханалық жұмыстар арқылы өткен болатын.
Мен бұл есепте осы семестр бойы өткен зертханалық жұмыстармен,оқытушы берген түрлі тапсырмалар,яғни,инфографика,презентация бойынша қорғаумен таныстыратын боламын.

1)Дәріс сабақтары бойынша қорытындылау
Жалпы, кәсіпорындарды жобалау және жабдықтау дегеніміз бұл белгілі бір күрделі құрылысты жүргізу үшін қажетті аппараттарды,жобалық,басқа да техникалық құжаттарды жобалап алдын ала дайындау болып табылады.
Мен дәрісті өту барысында фармацевтикалық кәсіпорындардағы жобалау және жабдықтау пәнімен,бұл пәннің бізге не себепті керек екенімен және де фармацевтика өнеркәсібінде қолданылатын аппараттардың түрлерімен,олардың жүмыс істеу принциптерімен,өндірісті жобалау және ұйымдастырумен таныстым.

2)Фармацевтік кәсіпорындарда шаңдарды тазарту қондырғылары(инфографика бойынша қорғау)
Мен фармацевтік кәсіпорындарда шаңдарды тазарту қондырғыларын қолдану тақырыбына инфографика жасап,қорғадым.Мен бұл инфорафика барысында өзіме керекті көптеген жаңа ақпараттармен таныстым.Қандай десеңіздер,яғни шаң дегеніміз не,шаңдарды тазалау әдістері және оларды тазартатын қондырғылармен таныс болдым.
Сол танысқан ақпараттарыма тоқтала кетсем,шаң дегеніміз яғни бұл қатты бөлшектердің атмосферадағы жиынтығы. Шаң пайда болуына қарай табиғи және жасанды, минералдық, органикалық шаруашылық коммуналды-тұрмыстық болып бөлінеді. Түтіннен айырмашылығы - желсіз кезде шаң шөгеді. Адамның денсаулығына диаметрі 2,5 мкм-ден кем ұсақ бөлшектер қауіпті болып саналады. Шаңның қаншалықты зиянды болатыны құрамына байланысты. Шаң бөлшектері неғұрлым ұсақ болса, олар соғұрлым атмосферада және адамның өкпесіне енгенде өкпенің ең терең бөліктерінде ұзақ сақталады. Шаңның әсерінен жиі кездесетін аурулар қатарына:пневмокониоз бен бронхит жатады.
Және де жалпы шаңдарды тазалаудың 4 әдісі бар.Олар:құрғақ шаң аулағыштар,дымқыл шаң аулағыштар,филтрлеу және электрофильтрлеу.Осы әдістердің ішіндегі ең тиімдісі-электрофильтрлеу. Оның газды тазалаудағы жоғары тиімділігі 99.0-99.5% құрайды.Негізінде шаң ұстайтын аппараттарды циклондар деп атайды.Негізгі аппараттарға:ВЗП-800 типті циклон және ОЭКДМ типті циклон жатады.
Қорытындылай келе,өнеркәсіпте шаңдардың алдын алу және де ол үшін керекті нақты құралдарды дұрыс пайдалану өте маңызды болып келеді.Жоғарыда айтылғандай шаңдардың әсерінен түрлі аураулар да пайда болуда,яғни,оларды болдырмау,алдын алу біздің міндетімізболып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет