Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2
Жинақтық санның сөзжасамы Жинақтық сан есім жасаушы қосымша -ау, -еу. Бұл қосымша бірден жетіге дейінгі бірлік сандардан жинақтық сан есім жасайды. Ол сандық ұғымды мүлдем өзгертпейді, бірақ есептік санға жинақтау мәнін қосып, оның мәнін абстракцияландырып, заттық үғым да қосады. Мысалы, Біреу де болса жетеді. Бес жыл өткен тойға енді өкініп жатыр екеуі. Үшеуі оңаша отыр. Ішінен мықты үшеуін таңдап алып, шұңқырға сал. Әлсіздеу біреуін үш көлікпен ауылға қайыр. Екеуі тракторға қалсын. Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жаба ала ма? (Ғ.Мұстафин).