1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Нақтылы заттық ұғымды қимылға айналдыратын жұрнақтар



бет49/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75
Нақтылы заттық ұғымды қимылға айналдыратын жұрнақтар
1.Дене мүшелерінің қимылға түсуін яғни дене мүшелері арқылы жасалатын қимылды білдіретін туынды түбір етістіктер жасайтын жұрнакгар мыналар:
-ла, -ле: баста, көзде, қолда, аяқта, өкшеле, өкпеле, мойында, төбеле, аркала, бакайла, уыста, тісте, тізеле, езуле, жанбаста, желкеле, шынтақта т.б.
-а, -е: тісе, тіле.
2. Туу, көбею қимылын жасайтын жұрнақ:
-ла, -ле: балала, қозда, бұзаула, төлде, лақта, туында, жұмыртқала, күшікте, гулде.
3. Құрал арқылы жасалатын қимылды білдіретін жүрнақ: - ла, -ле: балтала, пышақта, арқанда, шідерле, тырмала, ашала, көсеуле, арала, құрықта, ауыздықта, жүгенде, сабаула, ожаула, шегеле, тізгінде, үтікте, көгенде, ноқтала, қазықта.
4. Объектідегі заттық ұғымның қимыл-әрекетке көшуін, яғни одан етістік жасалуын білдіретін жұрнақтар:
-ла, -ле: күмісте, алтында, қаңылтырла, шыныла, асфальтта, бетонда, майла, тұзда, жүнде, қауызда, өрнекте, бұтақта, жемде, сүтте, пиязда, сула.
-а, -е: ата, аса, деме, ота, өрте, сына, міне,
-қар, -кер: басқар, ескер
-сер: тексер
-шы, -ші: аунақшы, дөңбекші, жаншы, қакшы, көпірші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет