Байланысты: Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамынан дәріс тезистері 2
Идиомаланған күрделі етістіктер Идиомаланған тұрақты тіркестердің бір тобы қимыл мағынасында қолданылады. Мысалы, көзге түрткі болу, көзден ғайып болу, көздеп бір-бір ұшу, зәре-құты қалмау, төбе шашы тік тұру, қара терге бату, қара жер болу, бетегеден биік, жусаннан аласа болу, көзі түсу, көкке көтеру, мойнына қамыт кигізу, тумай жатып картайған, инедейді түйедей ету т.б.
Идиомаланған етістіктер сөйлемде бір сөз қызметін аткарады. Мысалы, Инедейді түйедей ету - сенің әдетің (С.Мұқанов). Идиомаланған етістік сөйлемнің бастауышы болып тұр. Досыңның өскені тамағыңа сүйек болып кадалды. Мұнда идиомаланған етістік мәнді тізбек сөйлемнің баяндауышы.
Әдебиеттер:
Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.
Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.
Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.
Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.
Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.
Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1989.