1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



бет61/75
Дата31.12.2021
өлшемі231,81 Kb.
#23325
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   75
 Мекен мәнді жұрнақтар
Мекен мәнді туынды түбір үстеулер төмендегі жұрнақтар арқылы жасалады:
-кары, -кері: ішкері, тыскары, сыртқары, шеткері: Мысалы, Қақпадан басып кірді ішкері қадам басып, Бір үйінен өтеді, бір үйге асып (Абай).
-рақ, -рек: жоғарырақ, төменірек, әрірек, берірек, кейінірек. Мысалы, Мұрат басқалардан артқарақ оқшау отыр (Б.Соқпақбаев). Әскерлердің бірі қалжыңдап тіл қатып еді, Айша бұрылып, әрірек кетті (Т.Ахтанов).
-ай: жолай. Мысалы, Мектепке бара жатып жолай дүкенге кірдім (Ә.Қалдыбаев).
-ын: жырын. Мысалы, Ел ішінен жырын кеткен шіріген жұмыртқа десті (А.Байтанаев).
Сонымен бірге көнерген жалғаулар да мекен мәнді үстеу жасайды:
1) барыс септік: алға, артқа, сыртқа, төменге т.б.
2) жатыс септік: ілгеріде, төменде, жоғарыда, алшақта, өріде, алда, артта, сыртта. Мысалы, Ауылдары алшақта отырған Сүлеймен старшина мен Бәкір молда да келіп, батаның басында болды (С.Сейфуллин).
3) шығыс септік: шетінен, алдынан, артынан, сыртынан. Мысалы, Менен әзір сырыңды жасыра тұр, түбінде ең пайдалы кісің мен болам (С.Мұқанов). Шетінен өнерпаз жастар (газеттен).
4) көмектес септік: бермен, әрмен. Мысалы, Әрмен жүр, қырсығың тиеді (С.Мұқанов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет