1-дәріс. С/С++ тіліндегі программа құрылымы


%d – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс, %i



бет4/19
Дата01.04.2023
өлшемі127,45 Kb.
#78169
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Дәріс Программалау

%d – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%i – бүтін ондық сан шығарылуы тиіс,
%f – жылжымалы нүктелі нақты ондық сан ([-]dddd.dddd ) жазылып шығады,
%e – жылжымалы нүктелі экспоненциалды сан ([-]d.dddde±dd) шығарылады,
%E – жоғарыдағы сияқты, тек е орнына Е ([-]d.ddddE±dd) шығарылады,
%c – бір символ шығарылуы тиіс,
%s – символдар тіркесі (қатары) шығарылуы тиіс,
%gнақты сан, сан ұзындығына қарай %e немесе %f қолданыла алады,
%u – таңбасыз ондық бүтін сан жазылып шығады,
%o – таңбасыз бүтін сегіздік сан шығады,
%x – таңбасыз бүтін он алтылық сан шығады.
\n – келесі жаңа жолға көшуді атқаратын басқару символы.

Мысалы: printf("%d%f", x, y);
экранға бір бүтін (%d) – х жəне бір нақты сан (%f)у шығару функциясы.
Форматтарда санның ені де көрсетілуі мүмкін. Ол былай жазылады:
%9i – бүтін сан ені 9 цифрдан тұрады, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.
%9.3f – нақты сан ені 9 цифрдан тұрады, оның 3 таңбасы бөлшекке беріледі, сан ені аз болса, оның сол жағында бос орындар орналасады.
Scanf() пернелерден (консольдан) мəлімет енгізу функциясы.
Жазылу ережесі:
scanf (<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>);
Аргументтер ретінде адрес нұсқауыштары – айнымалылар
адрестері пайдаланылады. Мысалы:
scanf("%d%f", &x,&y); мұндағы &x,&yх жəне у айнымалыларының компьютер жадындағы адрестері (& -амперсанд).
Əдетте scanf функциясы алдына қандай мəн енгізілетіні жайлы мəтін шығарылады. Мысалы:
printf("х, у енгізіңіз:");
scanf("%f%f", &x,&y);
cout << "Бүтін сан енгізіңіз:\n"; жолы экранға қос тырнақшадағы сөз тіркесін шығарып, курсорды келесі жолға көшіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет