Сауаттылық және білімділік ұқсас ұғымдар болғанымен екеуі тең мағыналы ұғымдар емес. Бұл екі сапа адамның алған білім, білік, дағдыларының көлемі, кеңдігі, тереңдігі жағынан, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерімен ажыратылады. Адамдардың белгілі білім беру мекемелерінде алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар адам, орта білімді адам, жоғары білімді адам деп атайтынын көп естиміз. Білімділік - қоғам үшін және тұлға үшін кажетті максимумға дейін жеткізілген сауаттылық. Білімділік ұғымы қоғам мен адам өмірінің түрлі сұрақтары бойынша дүниетанымның кеңдігі. Ол тұлғаның білім алу саласындағы жетістіктерімен сипатталады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы. –Алматы, -22 қыркүйек 1997ж. 3645 Өкім.
2. Писарев Д.И. Избранные педагогические сочинения. - М.: «Высшая школа», 1984.- 290 с.
3. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика. – Алматы: «Дарын»,-2004. –448 б.
4. Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар.– Алматы: «Ғылым», -1975. – 419 б. Резюме В статье показано, что в настоящее время является актуальной
№3 дәріс тақырыбы. Педагогикалық мамандық және оның дамуының қазіргі қоғамдық қайта құру жағдайындағы негізгі бағыттары
Жоспар
1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті.
2. Мұғалім-қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі
өзгеруі жайлы.
3. ҚР-ң «Білім беру туралы заңы», «ҚР-ң 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту» тұжырымдамасындағы, «ҚР-ы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы» қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.
1. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік міндеті.
Жалпы білім беру ісінде және оқу-тәрбие жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін мұғалімсіз жүзеге асыру мүмкін емес. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдірудің бағдарламалық міндеттерін шешу жас мамандардың біліктілігіне, мәдениетіне, рухани кемелдігіне тікелей байланысты.
«Халық мұғалімі – жас өспірімнің рухани дүниесінің мүсіншісі, қоғам өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы – балаларды, өзінің үмітін, өзінің болашағын сеніп тапсыратын сенімді өкілі. Осы аса ізгі және аса қиын кәсіп, бұған өз өмірін арнаған адамнан тұрақты творчествоны, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын балаларға сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді».
Мұғалім – адамды қалыптастыратын, адамды адам етіп тәрбиелейтін маман иесі. Тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызметтің ең беделді әрі ең білгір адамдарға тапсырылатыны сондықтан. Осыған орай мұғалім – тәрбиешілердің еңбегіне қоғамда зор мән берген.
Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған.
Мұғалім ең күрделі процестерді – жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бір өзенді екі рет кешіп өтпейтіндігі сияқты, оқушыға әр уақытта бір өлшеммен қарауға болмайды. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш немесе басқалай приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару
Кез келген мемлекеттiң өркениеттiлiгi онда өмiр сүретiн халықтың бiлiм деңгейiмен бағаланады. Ал өркениеттiлiктiң негiзi мектепте қаланып, мектепте қанат жаяды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында сөйлеген сөзiнде: “Мектеп туралы мәселенiң көтерiлiп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтiк мәселелердiң iшiндегi ең өзектiсi”,- деген пiкiрі айта келе әсiресе ауыл мектебiн өркендетуге, ауыл мектебiнiң жағдайын жақсартуға баса көңiл бөлу қажет екенiне баса мән бердi.
Қазіргі кезде Қазақ қоғамы қоғамдық экономикалық жүйеден екінші бір жүйеге өтудің қиын кезеңінде тұр. Мемлекет тарапынан адамдардың жақсы өмір сүруіне жағдай жасалу, олардың әділеттілік, еріктілік, қайрымдылық құндылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үрдістің өзіндік қиыншылығы, қарама-қайшылығы, көп жақтылығы бақалады. Бұл негізінен белгілі курстар арқылы немесе жоғарыдағы адамдардың ниеттенуіне байланысты. Жалпы әрбір адамның мақсатын өзінің қатысуынсыз іске асыруға болмайды. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматты жоғарыдағы мақсатты іске асыруға үлес қосуы тиіс. Егер де, халық білімді, ақылды, мәдениетті, гуманды, демократиялы, әділетті, кәсіби бағдарлы болса, соғұрлы қоғам өркениет де» гейіне көтеріледі. Сол себептен, Қазақстанның болашақ иелерін сол тұрғыда тәрбиелеу қажет.
Кәсіп, мамандық – арнайы дайындықты қажет ететін еңбек іс-әрекеті. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекет - әрі кәсіби, әрі кәсіби емес болып бөлінеді.
Мамандық деп жеке тұлғаның шұғылданатын негізгі еңбек түрі мен қызметін айтады. Педагогикалық мамандық - жер бетіндегі алғашқы мамандықтардың бірі.
Таным тарихында іс-әрекет ұғымы екі түрлі мәнде, біріншіден, дүниеге көзқарастық ұстанымы ретінде, екіншіден, әр түрлі әлеуметтік ғылымдарға негіз болған постулат мәнінде қолданылып келеді. ХХ ғасырда әлеуметтік өмір формалары мен мәдени құндылықтардың пайда болуының негізі, қайнар көзі іс-әрекет деп қарайтын ұстанымы бірқатар әлеуметтік ғылымдардың қалыптасып дамуына негіз болды. Күнделікті өмірде «іс-әрекет» сөзі – еңбек, іс деген қарапайым ұғымды білдіреді. Ал ғылымда адамның болмысымен байланысты қарастырылады, онымен ғылымның бірнеше салалары: философия, психология, тарих, мәдениеттану, педагогика және т.с.с. шұғылданады. Іс-әрекет проблемасы, көбінесе, гуманитарлық пәндерде (психология, философия, әлеуметтану) зерттелген, онда іс-әрекеттің түрлерін анықтауға бірдей негіз болмаған: бір жіктеуде - ол оқу, еңбек, ойын; екіншісінде - таным, еңбек, қарым-қатынас; ал әлеуметтанушылардың еңбектерінде - еңбек, саяси, көркемөнер, ғылыми іс-әрекет және т.б.
«Мұғалім» мен «педагог» туралы түсінік педагогикалық қызмет атқаратын мамандарға арналған синоним ретінде қолданады. Мұғалім деп негізінде мектептегі педагогтарды айтады. Педагог деп жалпылама айтылады. Педагогтың әлеуметтік статусының 2 түрі бар:
1) мамандар, яғни арнайы даярлығы барлар;
2) басқа мамандықтардағы, бірақ тәрбиеші, оқытушы қызметін атқарып жүргендер.
Педагогикалық қызмет оқушы мен тәрбиеленушінің дамуына жұмыс істейтін мақсатты, арнайы ұйымдасқан педагогикалық бірлестігінен туындайды.
Мамандық қызметінің түрлері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, біліктілігін арттыру болып табылады.
ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың жолдары белгілі бір дәрежеде мұғалім даярлығынан бастап, оның іс-әрекетінің тәжірибелік тұрғыдан ұшталып, шыңдала түсуіне дейін тікелей қатысты. Өйткені, қазіргі заман мұғалімінің эмпирикалық тәжірибесінде әр түрлі білім беру технологияларын пайдалану, оның жетістіктерін болжау, өздігімен жобалау мен құрастыру негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс байқалады.
Сондықтан да, XXI ғасыр мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен:
жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы тиіс;
психологиялық-педагогикалык білімдерін жетілдіріп, үйренумен қатар, оларды шебер қолдана білуі тиіс;
білім негіздерін өздігімен оқып үйренуге оқушыларды баулу;
ұстаздың ұйымдастырушылық, бейімділік, сараптамашылық
қабілеттерімен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.
Мұғалім еңбегінің өзіндік ерекшелігі – оның нәтижелері кейінгі уақытқа ысырылып тасталғандай бірден көріне қоймайды. В.А.Сухомлинский «Жер жыртушы, тұқым себуші, астық басушы егіс даласында өсірілген бидай масағымен және бір уыс дәнге бірнеше айдан кейін қуанып мәз болады ... – мұғалім өз жасампаздығының жемісін көру үшін жылдар бойы еңбек ету керек болады» деген. Педагогикалық қателердің, біліксіз педагогикалық ықпалдардың жазасын баланың өзі (кейде бірнеше жылдан кейін ересек болған кезінде) және оның жақындары көріп жатады. Мұғалім оқушы тұлғасын қалыптастырушы делінеді. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты.
Мұғалім қызметінің тағы бір ерекшелігі – қолында нәтиже өлшеуіші жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында туындайтын қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал, бұл - өте күрделі іс-әрекет.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.
Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.
«Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді..Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып,оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімінің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалімінің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жетуі мүмкін емес Елбасымыз Н. Назарбаев: «Ұстаздықтың алдына қойған міндет өте ауқымды: білім жүйесін іштей қайта құру жəне сол арқылы бүкіл қоғамдағы ағарту жүйесінің барлық аймағын өзгерту. Ол үшін ішкі қайта құру қажет: құрылымдық, қызметтік, құндылық.
Жаңа ұрпақ мұғалімдерінің,андрагогика мен акмеологияның, психологиялық-педагогика мен гумандық педагогиканың міндеті– білім жүйесінің ішінен қайта құрудың мүмкіндіктерін іздестіру.– адами рухани бастаулардың тазалығын тексеру. Мұнда этика мен адамгершілік дүниені біртұтас қабылдауға бағытталған рух философиясының рухани ісі. Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс. Білімді түрлендіруде, білім беру үрдісін реформалауда зерттеуші мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» деген.
Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс тəсілдерін міндетті түрде меңгеру. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми əдістемелік кеңес пен бірлестіктердің жəне зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын жоғарыда атап өткен мəселелермен қатар,əр мектепте интернет жүйесі барлық сыныптарға қосылып жұмыс істеуі жөн шығар. Сондықтан да белгілі бір əдісті немесе іс шараларды іске асырмас бұрын мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұнын анықтаған жөн. Ол үшін мұғалімнің жалпы мəдениеттілік даярлығы, əдістемелік, зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті, диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейін зерттеу қажет.Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан- жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен іс əрекетін жүйелі ұғыну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуға тиіс. Осы жолдағы алғашқы қадам, ауыл мұғалімдерін арнайы əлеуметтік кəсіби топ деп қарай отырып, оларды зерттеу бағытында психологиялық педагогикалық жəне əлеуметтік ілімдердің біріктірілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |