1 дәріс тақырыбы. Білімнің ерекшеліктері мен оның қазіргі әлеуметтік –мәдени жағдайдағы рөлі. ҚР-дағы оқыту-тәрбиелеу процесі. Жоспар


Педагогтың өздігінен білім жетілдіру үдерісіндегі әрекеттері



бет35/40
Дата03.09.2022
өлшемі1,23 Mb.
#38389
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
лекции (1)

Педагогтың өздігінен білім жетілдіру үдерісіндегі әрекеттері:
- Өзін-өзі өзгертудің қажеттілігі туралы шешім алуы;
- Жетілдіру бағдарламасын жасау;
- Бағдарламаны жүзеге асыру жұмысы;
- Бағдарламаны немесе барысына керек болса, коррекция жасау;
- Бағдарламаорындау туралы өзін-өзі талдау;
- Өз алдына жаңа мақсат пен міндеттер қою;
- Өзін жетілдіру мен өзінің өсу бағдарламасын жасау - педагог әрекетінің
негізгі кезеңі.
Өздігінен білім жетілдіру бағдарлама бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері:

  • Жаңа технологиялар бойынша оқытуға рационалды өтуге өзінің мүмкіндіктерін, өзінің іс-әрекеті, проблемалық талдауы, өзін -өзі диагностикалау.

  • «Мен болашақтамын», «Менің жетістіктерім» жалпы қонцепциясын қалыптастыру;

  • өзін-өзі дамыту стратегиясын таңдау, өздігінені жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының жаңа қалпына көшу;

  • әрекеттің міндеттері мен кезеңдерін анықтау;

  • жақындағы мақсаттарды ( күтілетін нәтиже) нақтылау;

  • өзін-өзі жетілдіру бойынша әрекеттер жоспарын құрастыру:

  • өзін-өзі бағалау;

  • әріптестермен тәжірибе алмасу.

Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын,әрі ұлттық рухта сусындаған білімді,дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр.Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту,біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ.
Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек.Ол бес жылда бір өткізілетін курстар мен аттестация арқылы дамып отырыуы тиіс.Осыған орай арнайы жоспар құрылып сол жоспар жүзеге асырылып отыруы керек.Оның қатарына жүйелі өтетін ашық сабақтар,түрлі сайыстар,байқаулар,іс тәжірибелер,сыныптан тыс жұмыстар,олимпиада және КҒА қатысу кіреді.Сонымен бірге әр түрлі деңгейдегі курстар мен семинарларға қатысу да мұғалімнің білімін көтерудің жолдары болмақ.
Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ.
Ұстаз қолында, адам тағдыры,болашақ ел тағдыры тұр. Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім мектептің жүрегі деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай, қазіргі оқу орындары алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екендігі аян.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл,зерттеуші,жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер , шығармашыл ұстаз керек.Елбасының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе,Қазақстан сол деңгейде болады», деген.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқыа арнаған «Қазақстан 2030» жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым бағыттар менміндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігін атап көрсеткен. Демек, бүгінгі таңда пелагогикалық ұжым мен сол ұжымды құрудағы педагог кадрлардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады.
Сабақ ол педагогикалық шығарма сондықтан да ол біртұтастығымен бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен мұғалім мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығынтүрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу–тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін мұғалім бірінші кезекте өзінің әдістемелік, саяси-экономикалық, эклогиялық, психологиялық, дидактикалық білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонымен қатар психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтармен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы шарт. Әрбір пән мұғалімінің ешкімге тәуелсіз кәсіби бағыты болуы керек. Сонда ғана мұғалім мен ұжым қызметінің желісі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үлес қоспақ.
Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек.
Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта мұғалімнің әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ. Әрине ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа еңбекке, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді.
Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін ұжымның әрбір мүшесі мектептің жаны болып саналатын ұстаздар қауымы үнемі шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өздерінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек.
Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауаптыкезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбәр кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы.
Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр.
Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тәрбиешілерінің абыройлы парызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніа жатқан жаңа технологияня меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс.Сонда мектеп те, мұғалім де бала үшін қызмет етпек.
Қазақстан Республикасы «Білім» туралы Заңының 51 бабының 5- тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін , парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген.
Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.
Мұғалімнің кәсіптік дамуының бағдарламасы Мұғалімнің өзіндік білім алуына ықпал етеді:ақпаратпен күнделікті жұмыс;шығармашылыққа деген ынта-жігері;
қазіргі ғылымның жылдам дамуы;өмірде ,қоғамда болып жатқан өзгерістер;бәсекелестікқоғамдық пікірматериалдық ынталандыруқызығушылық
Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу,зерттеу қызметінің мүмкінтіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.
Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін негізгі бағыттар:кәсіптік (пәнді оқыту бойынша),психологиялық-педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау),технологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті),әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары),құқықтық,эстетикалықтарихи,шет тілдері,ақпараттық-компьютерлік технологиялар,денсаулықты сақтауқызығушылықтары, хоббиі,креактивтік (шығармашыл) мұғалім бұл тізімді өзінің бағыттарымен толықтырады.Өздігінен білім алу көздері

  • семинарлар мен конференциялар

  • шебер сыныбы

  • іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар;

  • біліктілікті жетілдіру курсы

  • экскурсиялар театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар

  • әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)

  • интернет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет