№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты


Жіктеудің үшінші әдісінде психологиялық критерийлер есепке  алынады



Pdf көрінісі
бет18/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

 
Жіктеудің үшінші әдісінде психологиялық критерийлер есепке 
алынады.

 
 
 
 
Экскурсанттардың 
үш
категориясын қарастырамыз:

 
 
 
1. Әуесқой адамдар, олар 
көп нәрсені білгілері келеді. Бұл адамдар адам танымындағы барлық 
салалардың өткен және ең жаңа жағдайларын білуге қызығады. Әуесқой 
адамдарға әртүрлі әлеуметтік топтар, яғни әртүрлі жастағылар, мамандықтары 
мен дүниетанымдары әртүрлі адамдар жатады. Бірақ олардың жаңа білімдер, 
мәліметтер алуға ұмтылыстары оларды бір-біріне ұқсатады. Мұндай топтар 
оқу орындарында, өнеркәсіп өндірістерінде, демалыс орындарында 
қалыптасады.
 
 
 
 
 
 
 
2. Білімнің белгілі бір 
шеңберіне ғана қызығушылық танытатын адамдар тобы. Мұндай адамдарды 
тарту үшін экскурсия тақырыбын үздіксіз кеңейтіп отыру қажет.Ол үшін 
мазмұны жағынан ұқсас түрлі тақырыптарға экскурсия циклдері құрылады. 
Әсіресе, бұл мәселе үлкен қалаларда көкейтесті маңызға ие болуда.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3. Үшінші категория адамдары өз 
бос уақыттарын мақсатсыз, бірақ қызық өткізеді. Сондықтан да экскурсияның 
басталу кезінде олар оның мазмұны туралы мүлде білмейді десе де болады.
Экскурсия барысында топ екі бөлікке бөлінеді:
 
1)
экскурсоводтың көрсеткен нысандары мен айтқан әңгімелеріне 
қызығушылық танытатын адамдар тобы 
2)
өзі таңдаған уақыт өткізудің бұл түрін қате деп есептейтін адамдар 
тобы 
Экскурсанттарды 
осындай 

топқа 
бөлу, 
адамдардың 
қызығушылықтарын және олардың экскурсияға деген қатынастарын есепке 
алу экскурсоводқа экскурсия жүргізуге және дайындалуына көп көмегін 
тигізеді. Мысалы, 2-ші категориямен жұмыс жасағанда көп көңіл терең 
мазмұндауға бөлінеді. 3-ші категориямен жұмыс жасағанда көңіл аударту 
әдіс- тәсілдерін жиі қолдану керек. Сонымен бірге, экскурсанттарды басқаша 
да топтастыруға болады. Мысалы, тұрғылықты жерлеріне байланысты: 
жергілікті, отандастар және шетелдіктер.
Жергілікті 
тұрғындарды 
бұрынғы және қазіргі уақыттағы қызық фактілер мен нақты сандар 
қызықтырады. Отандастарды жергілікті жердің табиғатының ерекшеліктері, 


тарихы, белгілі тұлғалары, осы өңірдің тұрғындары туралы әңгімелер 
қызықтырады. Ал шетелдіктер үшін жалпы мағлұматтар айтылады. Әсіресе, 
жалпы адамзат өміріндегі мәдениет пен ұлттық тарихтың орны туралы ұлттық
нақышта айтылған әңгімелер өте маңызды. Мұндай топ адамдарының 
тақырыпқа қызығушылығын арттыру үшін экскурсовод білімдар болуы шарт. 
Соңғы 
онжылдықтарда экскурсиялық істі ұйымдастыру көптеген өзгеріске ұшырады. 
Бұл Кеңестік уақыттағы туристік - экскурсиялық жұмысты басқару жүйесінің
құлдырауымен және нарықтық қатынастарға өтумен байланысты болды. 
Қазіргі уақытта республикада жоғары сапалы экскурсиялық қызметті 
ұйымдастыратын ірі мекемелер қалмады десе болады. Менеджмент дамуына 
экономикалық, әлеуметтік және техникалық факторлар әсер етті. 
Экскурсиялық менеджментті алға қойылған мақсатқа жетуге қабілетті, 
басқару ғылымы деп қарауға болады. Біздің жағдайда бұл түсінік 
максимальды санды клиенттерге жоғары сапалы экскурсиялар жүргізу, 
жоғары табыс табу және де сол үшін адамдардың еңбегі мен интеллектісі 
қолданылады.
Осы 
оқу 
құралында менеджмент туристік –экскурсиялық ұйым және оның құрылымы 
деңгейінде қарастырылады. Экскурсиялық менеджменттің маңызды 
міндеттерінің бірі - фирмада жұмыстырдың ұйымдастырылуы, осылайша 
клиенттерді тарту болып табылады. Клиенттерді 2 үлкен топқа бөлуге болады: 
1) жергілікті халық 2) туристер.
Жергілікті 
халықтың көптеген топшаларына қызмет көрсету туралы «Жеке әдістемелер» 
бөлімінде айтылды. Сондықтан да біз туристер туралы айтамыз. Экскурсияға 
деген қызығушылықтарына байланысты туристерді екі түрге жіктейміз.
Неміс ғалымы Ганн
демалыс уақыттарындағы белсенділіктері бойынша туристердің 6 типін 
ажыратады: 

тыныш демалысқа 
әуесқой адамдар (S типі, теңіз, күн)- олар күнделікті стресстерден арылу үшін 
тыныш жерлерге демалуға барады. Мұндай адамдарды кішігірім 
экскурсияларға, табиғатқа серуендеуге, жаяу, катерьмен және т.б. тартуға 
болады.
- рахаттануды ұнататын 
адамдар (F- алыс қашықтық, флирт)
- өте пысық, тапқыр 
туристер, олар демалыс уақытында мәдени рахат алудың жолын іздейді және 
мұндай адамдарды кешке жақын болатын және түнгі клубқа барумен 
аяқталатын экскурсияларға тартуға болады. 

белсенді 
демалысты ұнатушылар (WI-орман) – олар бос уақыттарын табиғатта 
өткізгенді ұнатады және олар шамадан тыс қозғалысты таңдайды, демалуды 
емделумен байланыстырады. Олар үшін жаяу, біркүндік экскурсиялар - 
жорықтар сәйкес келеді. 

спорттық демалысты ұнатушылар (M- альпинистер және т.б.), олардың 
назарлары жарыстарға аударылған. Олар физикалық жүктемелерден 
қорықпайды. Бұл жерде бірінші, ұзақ емес экскурсия (транспортпен) қажет. 
Мысалы, концертке бару. Екінші нұсқа қиын жорыққа бару; 
- танымды әуесқойлар (В).


Олар үш типке бөлінеді: 1) жолсілтемелерде жазылған жерлерге 
барушылар; 2) танымал емес орындарға барушылар; 
- эрудит-әуесқойлар. Оларды мұражайлар, көрмелер, этнографиялық 
сирек дүниелер қызықтырады. 
- оқиғаларды (А), қауіп-қатерді, жаңа әсерлер алуды ұнататындар. Бұған 
тауларға шығу, үңгірлерге түсу, жерасты жорығы, құмдарға жорық жатады. 
Туристерді жіктеудің екінші классификациясы олардың өмір сүру 
стиліне байланысты болады.
- рахат алуды ұнатушылар. Олар демалыстың сапасына жоғары талап 
қояды. Саяхат олар үшін өздерін көрсету тәсілі болып табылады. Олар 
кішігірім спорттық жүктемеден қорықпайды және қиын, қысқа мерзімді 
жорықтарға бара алады. 
- тенденциялық туристер. Өздерін тұлға ретінде көрсеткісі және 
тапқысы келеді. Олар тыныштықты іздейді, қоршаған орта мәселелерімен 
және аймақ мәдениетімен айналысады. 
-жанұялық туристер - яғни балалары бар жанұялар. Олар тыныш 
жағдайда демалады, ойнайды, шомылады. Олар үшін жанұяның кішкентай 
мүшелерінің 
қызығушылықтарын 
есепке 
алатын 
экскурсиялар 
ұйымдастырылады. 
- тұтастай демалушылар - салыстырмалы түрде пассив туристер, олар 
тәтті тамақтанғанды ұнатады, алыс емес қашықтықтағы жорықтарға, 
серуендерге шығады. Тұтынушылар сұранысы бойынша нарық үшін тиімді 
бағамен экскурсиялар ұйымдастырылады. Сонымен бірге осындай қызмет 
көрсететін фирмалардың санының статистикасын, осы қызметтердің көлемі 
мен сапасын, баға факторын зерттеу қажет. Зерттеулер нәтижесінде нарыққа 
кіруге мүмкін шешімдер қабылданады. Содан соң нарықта өз орнын алу 
стратегиясын және бәсекеге қабілетті экскурсиялық терімдер даярлау қажет. 
Осы сұрақтар бизнес-жоспар көмегімен шешіледі. Оның маңызды бөлігі 
«Заңдық жоспарлау» тарауы, онда мыналар анықталады: 
-
жеке меншік түрі және кәсіпорынның құқықтық статусы; 
-
бағыныштылық сызбасы; 
-
шаруашылық қызметіне әкімшілік араласу шекарасы; 
-
типтік келісім шарттар мен басқа да құжаттардың түрлері; 
Туристік-экскурсиялық бизнес үшін маңыздысы жауапкершілігі шектеулі 
серіктестіктер болып табылады. Ол екі немесе одан да көп адамдар 
қатысуымен құрылады, ал жарғылық қор үлестерге бөлінеді.
Жаңа экскурсиялар құрудың жоспары даярланады. Ол үшін 
қызметкерлерді ұйымдастыру және басқару бойынша жұмыстар жүргізу 
қажет. 
-
қажет жұмысшылар санын есептеу; 
-
квалификациялық талаптар және қызметтік нұсқаулар даярлау; 
-
еңбек ақысы түрлерін даярлау; 
-
фирма жұмысының регламентін дайындау; 


Экскурсияны нарықта жүргізу үшін маркетинг- жоспар құрылады және 
ол мына тараулардан тұрады.
-
Іске асыру технологиясы. Бұл жұмысты негізінен экскурсия 
ұйымдастырушылар орындайды. Ұйымдастырушылар вокзалдарда, 
әуежайларда, сауда орталықтарында, киоскілерде жұмыс жасайды. 
-
Сатуды ынталандырудың тәсілдері. Бұл туристік жәрмеңкелерге, 
презентацияларға қатысу, ұйымдастырушыларға сыйақы, жеңілдіктер 
жүйесі. 
-
Баға қою. Бұл бәсекелестер бағасын есепке алып жүргізіледі. Бұған 
транспорттық шығындар, еңбекақылар, экскурсия ұйымдастыру, үстеме 
шығындар - салықтар, жалға алу және басқалары сонымен бірге 
табыстар кіреді. Каникул, мейрамдар уақытында бағаның маусымдық 
ауытқулары болады. 
-
жарнама
-
клиенттермен жұмыс 
Қаржылық жоспар кәсіпорынның тұрақты жұмысының негізі болып 
табылады. Ол 6 блокты қамтиды.
-
талдау бөлімі қызмет көрсету көлемін зерттейді, яғни, экскурсия саны, 
экскурсанттар саны, жалпы табыс және жұмысшыға үлес, бір 
экскурсияның бағасы т.б. 
-
табыс жоспары 
-
баланстық ведомость 
-
қаржылық жоспар 
-
төлем төлеуге қабілеттілік және жою көрсеткішімен есеп айырысу 
-
жобаның тиімділігінің болжамы 
Қаржылық жоспардың әрбір бөлімі нұсқалық түрде болуы қажет. 
Қаржылық жоспар ақша ағынының қозғалысын талдайды: өндірістік, 
инвестициялық және қаржылық. Жұмыс жоспары қаржы жоспарының 
орындалуын және экскурсияның жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Онда 
мына бөлімдер қарастырылады.
-
клиенттер мен ересектерге ұйымдастырылатын жұмыс 
-
кадрлармен жұмыс - экскурсия ұйымдастырушыларын даярлау курсы, 
жұмысқа қабылдау, карьераны жоспарлау 
-
әдістемелік жұмыс - тақырыпты кеңейту және экскурсия сапасын 
жоғарылату 
-
экскурсоводтарды бақылау - текстерді тексеру, тыңдау, анкеталау 
жұмыстары 
-
экскурсоводтардың жеке жоспарлары. 
Жұмыс жоспарларының орындалуын менеджер-әдіскер қамтамасыз етеді. 
Ол әдістемелік кабинетке жауапты. Кабинетте анықтамалар, тексттер, 
нысандар карточкалары, экскурсоводтардың жоспарлары мен есептері 
жиналады. Материалдар жүйеленіп, каталогке енгізіледі. Сонымен бірге, 
техникалық құралдар: видео, аудио, теле аппаратуралар болуы қажет. 
Сонымен бірге, бизнестің сәтсіздігіне апаратын көптеген себептер бар: 
жоспарлау қателігі, заңнаманың бұзылуы, серіктестердің адал еместігі. 


Мұндай жағдайлармен күрес жүргізу әдістері: 
-
заңдық, финанстық, маркетингтік қызметтің жоғары квалификациялы 
қызметкерлері 
-
құқықтық және қаржылық ақпараттардың жедел алынуы 
-
фирма қызметіне аудиторлық тексеріс 
-
қауіп-қатерді сақтандыру 
-
сауатты қаржылық, кадрлық және т.б жоспарлардың болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет