2. Әртүрлі топтағы адамдарға экскурсияны өткізудің ерекшеліктері.
1.Дифференциялдық қызмет көрсетудің мәні. Экскурсанттарды
топтастырудың түрлері.
Экскурсанттарды жіктеудің маңызды белгісі-мамандық және білім
деңгейі болып табылады. Экскурсияға қатысушылардың білім деңгейлерін
есепке алу тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеруге мүмкіндік береді. Арнайы
дайындалған деңгейлерімен ерекшеленетін топтардың бірнеше түрін
көрсетуге болады: бастауыш, орта және негізгі мектеп жасындағы оқушылар,
техникалық ЖОО-ның студенттері, инженерлер мен педагогтар, өнертану
ЖОО-ң студенттері, өнертанушы-мамандар. Осы топтың реттілігі бойынша
экскурсиялық нысандардың күрделілігі мен саны да өседі. Әрбір экскурсовод
экскурсия өткізуге тапсырыс алғанда мынаны білуі қажет: қатысушылар
құрамын, материал дайындауға уақыт бөлу, әдістемеде өзгерістерді ойластыру
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: