№1 дәріс Тақырыбы: Экскурсияның негізгі функциялары мен белгілері Дәріс мақсаты



Pdf көрінісі
бет15/57
Дата21.12.2023
өлшемі1,22 Mb.
#141920
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
Экскурсия Лекция

№6 дәріс 
Тақырыбы
Экскурсияны өткізу әдістемесі.
 
Дәріс мақсаты: 
Студенттерге осы тақырып бойынша теориялық білімдерін 
жетілдіріп, оны тәжірибеде қолданудың аясын кеңейту
 
Жоспар:
1.
Экскурсияны көрсетудің методологиялық тәсілдері.
2.
Экскурсияны әңгімелеудің методологиялық тәсілдері. 
3.
Экскурсанттардың танымдылық іс-әрекеттерін белсендірудің 
әдістемелік тәсілдері 
1. 
Экскурсияны көрсетудің методологиялық тәсілдері.
Экскурсияда 
көрсету тәсілдері – объектіні бақылауды жеңілдетеді, экскурсиондық 
объектілік ерекшелігін көрсетеді және экскурсиондық объектіні бөліктерге 
бөліп көрсетеді. Экскурсияның көрсету тәсілдері бірнеше түрге бөлінеді: 
Экскурсиондық объектті алдын – ала көрсету тәсілі
бұл тәсіл 
экскурсанттар объектің қасында тұрғанда қолданылады. Алдын-ала көрсету 
тәсілі келесі мәселелерді қарастырады: 
1) қарастырып жатқан объектінің тарихын және сонымен байланысты 
тарихи оқиғаларды алдын-ала қарастырады; 
2) экскурсиондық объектке баға беру, әсіресе ол архитектуралық 
ескерткіш болса;
3) экскурсиондық объект табиғи ескерткіш болса, қоршаған табиғатқа 
баға беру;
Алдын-ала көрсету тәсілі 2 түрге бөлінеді: 
1) объектті көрсету ақпаратпен бірге жүргізіледі; 
2) объектті көрсету ақпаратсыз жүргізіледі. 
Панарама тәсілі
экскурсанттарға объекті биіктіктен көруге мүмкіндік 
береді. Панарамалық тәсілде экскурсанттар бір ғана объектті емес, бірнеше 
объектті қарастырады. Экскурсоводтар панарамалық тәсілде көптеген 
объекттің ішінде негізгі объектілерді таңдап алып, экскурсанттарға көрсетеді.
 
Реконструкциялық тәсіл
– экскурсовод экскурсиялық объектілердің алғашқы 
түрін сөзбен айтып жеткізеді. Бұл тәсіл соғыстар, қозғалыстар, революция 
болған жерлерде көрсеткенде қолданылады, соған қоса ескерткіштерді, 
ғимараттарды және мекемелерді көрсеткен кезде қолданылады. Экскурсовод 
туристік объектілерді көрсетудің алдында өзі сол объектің толық мінездемесін 
білу керек. Ғимараттарды көрсеткен кезде объектілердің сақталған бөліктерін 
көрсетіп, жетіспеген бөліктерін сөзбен айтып жеткізу керек. Егер объект 
толығымен жойылған болса, бұл кезде экскурсовод өзінің портфелінің 
көмегімен сол объектің мінездемесін беру керек. Егерде ескерткіштер, 
ғимараттар және туристік объектілер жойылған болса, олардың ежелгі көрінісі 
қандай болғанын айтып жеткізуі керек. Егер де танымал адамдардың 


өмірбаяны болса, олардың қай жерде тұрғанын және қай салада қызмет 
көрсеткені туралы айтып беру керек. Бұл тәсіл негізі архитектуралық 
ескерткіштерді көрсеткенде қолданылады. 
Монтаж тәсілі.
Бұл тәсіл реконструкция тәсіліне ұқсас келеді. Монтаждық 
тәсілдің көмегімен экскурсовод бір объектті көрсеткенде басқа бір объектпен 
немесе бірнеше объектілерді мысалға келтіреді. Монтаж тәсілін қолданған 
кезде экскурсовод экскурсанттарға сол объект туралы толық ақпарат береді. 
Локализация тәсілі
– экскурсиядағы жетістікер көбіне көрсетілетін заттар 
қаншалықты нақты екенін, болған оқиғаның қай жерде қалай болғаны жайлы 
толық мағлумат алуына байланысты. Локализация әдісі – көрсетудің оқиға 
болған орнымен байланыстырылуы. Берілген тәсіл өзінің атауын 
«Локализация» терминінен алған. Локальді деген сөз «жергілікті, өзінің 
белгілі бір орны» деген ұғымды білдіреді.
 Абстарктілік тәсіл
– бұл тәсілді қолданып экскурсовод объекттің бөліктерін 
экскурсанттардың ойында мысал ретінде келтіреді. Бұл тәсілдің көмегімен 
экскурсовод объекттің керек емес бөліктерін көрсетпей тек қана экскурсияның 
тақырыбын ашуға көмектесетін бөліктерін көрсетеді. Бұл методикалық тәсіл – 
«Абстрагирование» деген сөзден шыққан, яғги бөлек белгілерден ойша бөліну. 
Салыстыру тәсілінде
экскурсовод бір объектіні басқа бір объектімен 
салыстырады. Салыстыру тәсілінің міндеті – объектің ерекшеліктерін көрсету.
Экскурсияда көрсетудің ерекшеліктері:
1.Автобус сағатына 60-70км жылдамдықта келе жатқанда объектілерді 
көрсету. 
2.Автобус ақырын келе жатқанда объектілерді көрсету.
3.Объектті автобус тоқтаған кезде көрсету, бірақ экскурсанттар автобустан 
шықпайды.
4.Объектті автобус тоқтаған кезде және экскурсанттар автобустан шыққан 
кезде көрсету.
Экскурсиялық талдау. 
Обьектіні көрсетумен байланысты. Топтың алдында 
тұрған обьектіні талдайды. Экскурсиялық талдаудың түрлері: өнертану, өнер 
туындылары, архитектураларды көрсеткенде, тарихи – тарихқа қатысты 
ғимараттарды көрсету кезінде, табиғи-ғылыми табиғат обьектілерін және
өнірістік-экономикалық ғамараттарды

көрсету кезінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет