Қосымша В.
«Армысың, әз Наурыз! »
Этнографиялық экскурсия мәтіні
Кіріспе бөлім: Ассалаумағалейкум ! Қадірменді қонақтар ! Ақ-
көңіл,қонақ
жай,пейілі дархан қазақ деген халқы бар Қазақстан мен біздің арайлы
Алматымызға қош келіпсіздер! Жаныңызды
жадыратар көктемнің жайма-
шуақ шағында сіздерді ата бабаларымыздан келе жатқан жаңа-жыл
мейрамы «Науырыз» мерекесімен және қазақ халқының салт-дәстүр
ерекшеліктерімен таныстырғалы отырмын.Сіздердің жүздеріңіздің
нұрлы,көңілдеріңіздің жайдары болуына тілектес мен экскурсия жүргізушісі
экскурсовод, қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы қазақ
ұлттық
педагогикалық университетінің 3-курс студенті Райсов Азамат (қолын
кеудесіне қойып тағызым етеді).Поезиядан үзінді:
Науырыз жылдың басы-құт береке төгілетін,
Нұрын шашып тіршілікке-күш қуат берілетін.
Бойыңды шаттық кернеп,шабыт өрлеп,
Күй сандығы ән мен жырдың сөгілетін.
( «Наурыз» С.К.Алшымбеков)
Иә, Науырыз жылдың басы құт берекенің бастауы,қыстан қалжырап
шыққан тіршілікке күш-қуатын төгіп, жаныңа шаттық ұялататындығы сөзсіз.
«Науырыз»-парсы сөзі.Бұл қазақша айтқанда, «жаңа күн» деген
сөз.Неліктен бұған жаңа күн деп ат қойған.Әрбір өткен кешегі күн ескі
болып,әрбір үстіміздегі бүгінгі күн жаңа болады ғой. «Жаңа күн»
деп атаудың
мәнсі науырыз айында күнмен түн теңеледі.Сонан кейін күн ұзарып, жылы
бола бастайды.Күн жылыға айналғаны-жазға айналғаны.Жаз болса дүние
жаңаланады:ағаш,шөп жасарып,жапырақтанып,гүлденіп,жаңа бұтақтар
жаяды,жануарлар төлдеп жаңа ұрпақтар жаяды.Жылдың
төрт тоқсанының
ішінде дүниені жасартып,жаңалайтын –жаз.Сол
тоқсанның басы науырыз
болғандықтан бұл күн «Науырыз» яғни «жаңа күн» деп аталады.Науырыз –
қазақтың басты мейрамы.Олай дейтінім- үнемі желдің өтінде,қақаған қыста
мал бағу қамымен жүретін қазақтар тіршілік жағынан қыстың өтуіне,жаздың
жетуіне шын пейілімен тілектес болып,басқа
елден артық қуанып, науырыз
тойын ерекше шаттықпен дәстүрлі түрде тойлап отырған.Сондықтан науырыз
тойы арқалы қазақтың бар болмысын танып білуге болады.
Наурыз- «Ұлыстың ұлы күні» деп тегін аталмаған.Өйткені ол табиғатынан
бірлікті,туысқандықты,достықты,қайырымдылық
пен ақпейілдікті
уағыздайтын,ел мен елді,жұрт пен жұртты табыстыратын мереке.Бұл
мерекеде дүйім жұрт бір-біріне «Амансың ба,ұлыс оң болсын,ақ мол
болсын,қайда барсаң жолың болсын» деп ақ тілегін білдірген.
Наурызға байланысты үміт,сенім де,ақ пейіл,адал көңіл де,парасатты
қарым-қатынастар да өзінің жалғастығын тауып жатса керек.Ренжіскен
жандар татуласып,араздардың да амандығы жарасып,өкпелерін тарқатуға да
тайлы қазан,науырыз көжелер себеп болған.
Достарыңызбен бөлісу: