№1 дәріс
Тақырыбы:
Экскурсияның негізгі
функциялары мен белгілері
Дәріс мақсаты:
Студенттерге осы тақырып бойынша теориялық білімдерін
жетілдіріп, оны тәжірибеде қолданудың аясын кеңейту
Жоспар:
1.Экскурсияның негізгі функциялары
2. Экскурсияның белгілері
1. Экскурсияның негізгі функциялары.
Экскурсияның функциялары
оның негізгі қасиетін қарастырады. Экскурсияның бес функциясы бар:
ғылыми насихат (танымдық), ақпараттық, бос уақытты мәдени ұйымдастыру,
қызығушылықты
қалыптастыру, мәдени ой-өрісті кеңейту.
Танымдық ең негізгі функция. Экскурсия саяси, ғылыми, көркемдік
және басқа да көзқарастарды игеруге көмектеседі. Экскурсия ғылым
жетістіктерін,
ғарышты жаңа зерттеу туралы, археологтардың ашулары,
спортсмендердің жеңістері, мәдениет саласының жаңалықтары т.б.
ақпараттарды
қамтиды. Радио, теледидар,
лекция сияқты ақпараттар
көздерінен экскурсияны жоғары дәрежедегі көрнекілік және тыңдаушыларға
әсер етуі арқылы ерекшелендіреді. Экскурсия білім мен қатар бос уақытты
мәдени өткізуге мүмкіндік береді. Адамның рухани қажеттілігін қамтамасыз
етеді. Экскурсияның түрлі білім беретін оқұ формалары арасында – білімді
жүйелеу, ақпараттарды іріктеу т.б. өзіндік орны бар. Білім нақты бағытта оқу
және өндірістік экскурсиялар кезінде қалыптасады.
Мәдени ой өрісті кеңейту функциясы мұражай экскурсиясында айқын
байқалады, ал сауықтыру функциясы қала маңында өткізілетін экскурсияларда
байқалады – суға түсу, тауға шығу, шаңғы тебу. Әр нақты берілген экскурсия
бірнеше функцияны атқара алады. Ол экскурсия тобына байланысты. Балалар
мен жасөспірімдер үшін – мәдени ой өрісті кеңейту; маман таңдаған жастар
үшін қызығушылықты қалыптастыру; шетелдік туристер үшін – ақпараттық
функция т.б.
Экскурсия
саяси,
философиялық, ғылыми, әдеби идеялар мен теорияларды таратуға
көмектеседі. Отандық үгіт - насихат жүргізу
қызметін орындай отырып
экскурсия кез-келген тақырып жөнінде саяси - идеялық нақты бағытты
ұстануы тиіс. Адамгершілік принциптеріне сүйенген экскурсияның негізіне,
ғылымилық, шыншылдық,
өмір теориясымен байланыс, тапқырлық,
таңқалдырушылық, түсініктілік, жүйелілік, ұлтжандылық жатады.
Ғылымилық
принципі.
Экскурсияның мазмұны қазіргі ақпараттармен сай келіп жатады. Барлық
деректер, оқиғалар, теориялық жағдайлар ғылыми тұжырымдамаларға дәйек
болу арқылы қазіргі заманғы ғылымның өздерімен
байланысты бағытта
объективті ғылыми баға алады.
Өмірмен байланыс теориясы.
Экскурсия материалы өмірмен байланысты болуы тиіс. Мысалы, өмір сүріп
отырған қоғамдағы оқиғалардың нақтылығы деген сияқты жағдайлармен
байланысты болуы керек. Экскурсия жемісі ұсынылған
материалдардың
қаншалықты түсініктілігіне байланысты. Сондай-ақ, ол материалдардың