түскиіздің орта шетніндегі жасыл мақпал үстіне қызыл шүғадан ойылып, түтас өрнек жапсырса, ал
Солтүстік облыста осы күнге дейін түскиізді матадан оюлап тігу дәстүрі сақталып келеді. Әдетте
шетін сары жіппен жиектеп, кестелеп тігеді. Ал екі жағы мен басына жалпақтау I етіп, көк шүға мен
мақпал үстайды. Оған қатарлап, ортанғы үлгіге карағанда уактау, сол тектес кызыл шүғадан ою
түсіреді. Түс киіздің өн бойына екі сызык тартылып тігіледі. Түс киіз жасаудың турлі жолдары мен
көптеген түрлері бар. Әрбір шебер осы бір халық арасыыа кең тараған бағалы жиһазды дайындауға
өздерінің барлық шеберліктеріп аямай жүмсап келеді.
Тулақ.
Тулақ дегеніміз - тайдың терісін шикідсй керіп кептірген
гөсеніш. Сондықтан оиы тай тері деп те атайды. Тулақ жасау үшіп, жаңа
сойылған тайдың терісін шелінен, көк етінен арылтып, тазалап алады. Егер
тері өте майлы болса, аққүс (күйдірілген әк тас, ащы сортаң топырақ, түзды
көлдін сазы) жағып майын алады. Терінің майын алу үшін қүстың саңғырығын да жағады.
Содан кейін теріні тегіс жерге, немесе тактайға керіп, шегелеп тастайды. Әбден кепкен тері катайып
көнге айналады. Теріні куп көзінен таса, көлеңкеде, кептірген абзал. Кепкен терінің үстіне
бөстек,Көрпе жержастық салып төсеніш ретінде пайдаланады. Жүн сабағында | тулақты төсеніш
ретінде пайдаланады. Егер сабайтын жүн көп болса оған
көрші - қолаңды көмекке шақырады. Жүнді сабап болған сон, көмектескеп
адамдарға шашу тамақ береді. Оны "тулак шашу" деп атайды. Сабауды түзу
өскен жаңғылдан немесе қабықталған тал мен мойылдан әзірлейді. Жүн
сабағында жылдам жүру үшін сабауды қозға төсеп алады. Жүнді тулақтыц
устіне жайьш, екі - үш адам отырады да, қос қолдарына сабау үстап, екі
колды кезек жүмсап сабайды. Сабалатын жүннің сапасына орай жүн
сабаудың көсіп сабау, есіп сабау, екшеп сабау, көпсітіп сабау, каржып сабау,
кос қолдап сабау деп аталатын түрлері бар.
Ши -
далалы жерде өсетін көп жылдык өсімдік. Бойы бір, бір жарым метрге дейін жетеді. Бір
түбірден өрбіп, топтасып өседі. Осы шиден тоқылған киіз үйдің бұйымын да ши деп атайды.
Ши тарту, ши пісіп жетілген кезде адамдар ши тартуға шығады. Бұл өтс нәзік жұмыс. Өйткені ши
жіңішке (жуандығы 4-5 миллиметрдей) болғандықтан оны сындырып алмай, ең үшындағы үлпілдек
сабағынан үстап, еппен тарту керек. Жері қатты, тақыр жердің шилерін тарту өте қиынға түседі.
Сондықтан шиді жаңбырдан соң тартқан қолайлы. Ши тартушылар әдетте бала - шағаларын,
туыстарын қоса сртеді. Себебі төрт қанатты бір үйдің шиін току үшін (үзындығы 12-15 метрдей) бір
центнердей ши жүлу керек.
Ши аршу керекті ши тартылып, жиналып қойылған соң ол алдымен аршылады. Яғни шидің
түйіршік бастары біркелкі етілш қырқылып, сыртындағы жүқа қабыршақтары сыдырылады. Бүл
жауапты жүмыстардың бірі. Жалаңаш қолмен істеген адамдардың көбілеріне ши кіріп жарақаттану
жиі болғандықтан, оны аршу жас балалардан гөрі ересек адамдардың ісі.
Достарыңызбен бөлісу: