табылады. Өндірістік экскурсияның маршруттары тек бүкіл кәсіпорындағы
емес, сонымен оның жеке өндірістік учаскелерінде жүргізілуі мүмкін.
Мұражайлық.
Мұражай экскурсиялары: экскурсанттар саны бойынша
жоғарыда аталған топтардан күрт артығырақ болады. Олар мемлекеттік,
ведомстволық мұражайларында, сурет галереяларында, көркем көрмелерде,
шаруашылық жеке салаларының (машина жасау, ауыл шаруашылық және т.б.)
тарих пен жетістіктер көрмелерінде, мемориалды мұражайларда және т.с.с.
жүргізіледі.
Табынушылық құрылыстар және монастірлер мен мешіттер.
Діни
құрылыстар мен монастырлерде діни тақырыпқа байланысты өзіндік
экскурсиялар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, олар архитектуралық-қала
құрылысшылық, өнер танушылық және тарихи экскурсияларды пайдаланады.
Экскурсиялар қозғалу тәсілі бойынша
жаяу, көліктік және
комбинирленген болып бөлінеді. Әрбір аталған экскурсияның түрлері өзінің
артықшылықтарына ие. Жаяу экскурсияларда (маршруттағы топтың
қозғалысының темпінің баяу кезінде) экскурсиялық нысандарды көруіне және
экскурсия жүргізушінің әңгімесіне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етеді.
Жаяу қалалық экскурсияның ұзындығы 2-6 км.
Көліктік экскурсияның артықшылығы – қалалық немесе қаладан тыс
үлкен территориялармен таныстыру, нысандардың (бір-бірінен алыс алыс
орналасқан) экскурсияның көрінуіне мүмкіндігін береді. Ең таралған түрі –
автобустық. Олар 2 бөліктен тұрады: автобустың қозғалыс барысындағы көру
және әңгіме; тоқтаулардағы автобустан шығу мен экскурсиялық нысандарға
талдау жасау. Қазіргі уақытта экскурсиялық ұйымдар, экскурсиялардың
өткізуіне көліктік құралдар ретінде, сонымен қатар өзен теплоходтарын,
арнайы жабдықталған трамвайларды, тік ұшақтарды пайдаланады.
Комбинирленген экскурсиялар көліктік жаяу құралдарды, тәсілдерді
пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: