мазмұнын ашатындарды ғана таңдап алу және олар тақырыпшаларға
байланысты болуы керек.
Қорытынды.
Негізгі бөлім сияқты экскурсиялық объектілермен
байланысты болмайды. Ол уақыт бойынша 5-7 минутты алу керек және 2
бөлімнен тұру керек.
1) Экскурсияның негізгі мазмұнының қорытындысы, тақырып бойынша
қорытынды, экскурсияның мақсатын жүзеге асыру.
2)
Басқа
экскурсиялар жөнінде мағлұмат, яғни олар берілген тақырыпты кеңейте және
тереңдете алуы керек. Қорытынды негізгі бөлім, кіріспе сияқты өте маңызды.
Экскурсияның қызықты болуы
өте маңызды. Дегенмен де, ол туристерге қажетсіз
мағлұматпен толықпауы
қажет, материалды ұсыну әдісі де қиын болмауы керек, оны керісінше оңай әрі
түсінікті игерілетіндей дәрежеде жасалуы керек. Осыған байланысты
экскурсия тақырыптары тек қана белгілі бір экскурсанттар тобына сай болу
керек (үлкен кісілер және балалар, жастар, қала немесе ауыл тұрғындары,
гуманитарлық профессия жұмысшылары, шетелдіктер және т.б.). Мұндайды
экскурсиондық қызмет көрсетуге дифференциалдық
әдісті қолдану деп
атайды. Ол тұтынушының қызығушылықтарын ғана емес, олардың
мақсаттарын ескеруі тиіс. Егер экскурсия фольклорлық тур шегінде
көрсетілетін болса, онда негізінен көрсету мен баяндауда көбінесе осы өңірдің
тарихына, ескерткіштеріне, ұлттық ерекшеліктеріне көп көңіл бөлу қажет.
Егер де экскурсия іскерлік турдың программасына кірген болса, онда көбінесе
іскерлік және қоғамдық орталықтарға көп көңіл бөлу қажет. Экскурсиондық
қызмет көрсетуді курорттық
аймақтарда ұйымдастырған кезде, негізінен
экскурсиондық серуендеуді, (табиғи ландшафтыларды,
ескерткіштерді,
объектілерді тамашалау) көбірек жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: