Адсорбция шамасы тәуелді:
Адсорбент пен адсорбтивтің химиялық және физикалық табиғатына. Мысалы, активтелген көмірдегі алифатты заттарға қарағанда ароматтық заттар жақсы сіңіріледі, немесе адсорбтивтегі қос байланыс саны артқан сайын адсорбция жоғарылайды. БАЗ-адсорбцияны жоғарылатып, БАЕЗ-адсорбцияны кемітеді.
Температураға. Температураны жоғарылатқанда физикалық адсорбция төмендейді, себебі адсорбциялық қабаттағы қозғалыс артады. Температураны арттыру химиялық адсорбцияны арттырады, себебі адсорбцияланған молекулалардың энергиясы өседі.
Концентрацияға. Көп жағдайда концентрацияның төмен аймағында адсорбция адсорбтив концентрациясы артқан сайын жоғарылайды, сонан соң адсорбциялық орталықтар толып, адсорбция шекті мәніне жетеді. Ерітіндінің адсорбциялану кезінде адсорбция шамасына еріткіш әсер етеді, егер еріткіш молекулалары жақсы адсорбцияланса, онда адсорбцияға кедергі келтіреді.
∞
Күшті электролиттер ерітіндісіне адсорбциялаушы бос иондардың мөлшері мен таңбасы әсер етеді. Иондық адсорбция таңдамалы болып, Панет-Фаянс ережесіне бағынады: қатты адсорбент бетінде, оның құрамына енетін не адсорбентпен бірдей тобы бар, яғни адсорбенттің кристалдық торын толық құрай алатын иондар жақсырақ адсорбцияланады. Мысалы, АgJ адсорбенті ВаСІ2; АgNО3; КJ; СuSО4; NаСІ ерітінділерінен өзінің беткі қабатында Аg+ J-, сіңіре алады, бұл иондар кристалдық тордың құрылуын анықтайды. Егер оң және теріс зарядталған иондардың бірдей мөлшері адсорбцияланса, онда күшті электролиттер адсорбциясы эквивалентті деп аталады.
14 дәріс
Жоспар:
1.Табиғи және жасанды эмульсиялар.
2. Эмульсиялардың жіктелуі.
Эмульсия — екі сұйықтың бір-бірінде еріген микрогетерогенді системасы. Эмульсиядағы дисперсті фаза да, дисперстік орта да бірдей агрегаттық күйде, атап айтқанда сұйық коллоидты система болып табылады. Егер мұндай системаларды бірі екінші-сінде ерімейтін сұйықтар қүрайтын болса, онда ұзақ уақыт сақталады. Эмульсиялардағы дисперсті фазаны құрайтын шар тәрізді бөл-шектердің өлшемі әр түрлі болады: кәдімгі көзге көрінетін бөлшек-тен бастап коллоидтық дәрежедегі дисперстілікке дейін эмульсия-дағы дисперстік фазаның бөлшектері көбінесе 0,1 —10,0 мкм ара-лығында болады. Сондықтан да оларды кәдімгі жай опгакалық микроскоп арқылы байқауға болады. Эмульсиялар да суспензия-лар тәрізді табиғат пен өндірісте кең таралған.
Эмульсиялар табиғатта және техникада көп тараған.
Достарыңызбен бөлісу: |