pH өзгеруі.Көбінесе ерітінділердің рН өзгеруін қышқыл-негіздік индекаторлар арқылы немесе потегциометриямен анықтайды.
Қышқыл-негіздік индекаторлар негізінде әдетте молекулалық және иондық формасының түстері әртүрлі әлсіз органикалық қышқылдар алынады. Мысалы, лакмус – әлсіз қышқыл, оның HL формуласын келтіру оңай, ерітіндіде диссоциация жүреді:
HL + H2O ↔ H3O+ + L- қызыл көк
Қышқыл ортада тепе-теңдік диссоциацияланбаған бағытқа қарай ауысады және ерітіндінің түсі қызыл болады. Негіздік ортада H3O+ ионы су молекуласы түзілуіне қатысады. Тепе-теңдік оң жаққа аниондар түзілу бағытына қарай ығысады және ерітінді көк түске енеді. Түстің өзгеруі рН 6-дан 8-ге дейінгі аралықта пайда болады (1.22-кесте). Әртүрлі индекаторлар әртүрлі рН мәндерінде түсін өзгертеді. Универсалды индекатор – индекаторлар қоспасы, ол ақырындап рН-тың кең аралығында түсін өзгереді.
Гидролиз. Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясы тұздардың гидролиз процессін қышқыл-негіздік тепе-теңдікпен түсіндіруге мүмкіндік береді. Тұздар гидролизі астында иондардың сумен алмаса әрекеттесуі болатыны белгілі, нәтижесінде ортаның рН мәні өзгереді.
Аниондар гидролизі келесідей теңдікпен сипатталады:
А1 В1 CH3COO- + H2O ↔ CH3COOH + ОН- В2 А2
K1 = K = Ka1 / Ka2 = Kw / Ka2; рК1 = 14 – рКа Гидролиз костантасы К1 түйіскен негіздердің CH3COO- негіздік константасы қызметінде атқарады.
Катиондар бойынша гидролиз келесі теңдікпен өрнектеледі:
В2 А2 [Fe(H2O)6]3+ + H2O ↔ [Fe(H2O)5 (ОН)]2+ + H3O+ А1 В1 K1 = K = Ka1 / Ka2 = Kа1 =Kw / Kb2; рК1 = рKa = 14 – рКb Бұл жағдайда гидролиз константасы – бұл түйіскен қышқылдардың [Fe(H2O)6]3+ қышқылдық константасы. 1.53-суретте көрсетілген диограмма судың дифференционалданатын аймағы ішіндегі қышқыл мен негіздер үшін гидролиздің ығысуы туралы қорытынды шығаруға көмектеседі. Қышқыл әлсіз болған сайын аниондар гидролизі күштірек, ал негіз әлсіз болған сайын катиондар гидролизі күштірек бола түседі. Гидролиз тепе-теңдігі көбінесе солға бағытталған Кг˂˂1. Гидрлизді рН ерітіндінің өзгеруі арқылы есептеугеде болады.
Мысалы, натрий ацетаты ерітіндісінің рН есептеу үшін гидролиз константасы қолданылады:
Тұздардың концентрациясын С есептесек:
[ОН-]2- = (C-[OH-]) * (Kw/Ka), ал [OH-] ˂˂ C
2pOH = -lgC + 14-pKa немесе pH = 14 –рOH = 7 + 1/2pKa + 1/2lgC
Онда 0,01 М ерітінді үшін NaCH3COO рН=7+2,38-1=8,38.
Гидролиз сұйылтқанда, қыздырғанда немесе байланыстыратын иондары (OH- немесе H3O+) бар заттар қосқанда күшейеді. Алюминий хлориді және натрий карбонаты ерітінділері әрекеттескенде гидролиздің бірлескен кұшеюі пайда болады және реакция соңына дейін жүреді: