1-дәріс. Тақырыбы: Фонетика туралы жалпы түсінік. Фонетиканың салалары. Қазақ фонетикасының зерттелуі 1



бет12/20
Дата02.10.2023
өлшемі100,31 Kb.
#112449
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ

Тіркес (комплекстік) екпіні. Кейде тілімізде бірнеше сөз тізбектеліп барып бір ғана екпінге ие болуы мүмкін. Басқаша айтқанда кең мағыналы ұйытқы бір сөздің әртүрлі реңкін нақтылап, жан-жақты түсіндіру мақсатында орналасқан бағыныңқы сөздер өзінің негізгі ұйытқы сөзімен тізбектеліп бірнеше сөз бір ғана екпінге бағына отырып өзара бірақ түйдек құрайды. Қазақ тілінде мағыналы грамматикалық топ құрып, айрықша комплекске түсетін мынадай сөз топтары бар:
1) қос сөздер: (ата-ана, тәлім-тәрбие, ыдыс-аяқ);
2) мағыналы сөздер мен шылау сөздер: (сен ғой, оқу үшін, ай мен күн);
3) күрделі сөздер: (еңбек ет, темір жол, көкала);
4) жалғаусыз тіркестен анықтауышпен анықталған сөздер: (білімді адам, Абай көшесі, Қара теңіз т.б);
5) пысықтауыш пен баяндауыш: (оқуға келдік, жақсы оқиды, үйде бол);
6) идеоломаланған сөздер: (кірпік қақпай, қас қағым сәт, құлақ сал);
7) жалғаусыз тура толықтауыш пен баяндауыш (хат жаз, егін ек, мал бақ).
Сөз екпіні. Егер сөз бірнеше буыннан құралса ол сөздің басқа буындарына қарағанда бір буыны ерекше бөлініп көтеріңкі естіледі. Осындай екі немесе көп буынды бір сөздің арасынан бір буынның қалған буындарымен салыстырғанда көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп айтылады. Сөз екпіні әр сөздің жеке ұғымын, сөздік бейнесін танытатын, сол өзі даралап тұрған ұғымы арқылы бір сөзбен екінші сөздің шегін бөліп жігін ажырататын негізгі жолдың бірі.
Жалпы дүниежүзіндегі сөз екпіні функциялық сапасы жағынан бір емес. Осымен байланысты сөз екпіні үнді (тоникалық немесе музыкалық) екпін және лебізді (динамикалық) экспираторлық екпін болып негізгі екі топқа бөлінеді.Таза үнді екпіні бар топқа жататын Серб, Литва тілдерінде екпін түскен дауысты үнін созылыңқы түрленген әуені мен қарқын қосылып, күшейе түседі. Қытай, Корей, Дунған тілдерінде жан-жақты түсіндіру мақсатында орналасқан бағыныңқы сөздер өзінің негізгі ұйтқы сөзімен тізбектеліп, бірнеше сөз бір ғана екпінге бағына отырып, өзара бірақ түйдек (комплекс құрайды). Екпіннің мұндай түрі тіркес (комплекстік немесе ритмикалық синтагма) екпін деп аталады. Сөз екпінінің екінші түрі лебізді динамикалық (экспираторлық) екпін. Мұның ерекшелігі – бір сөз ішіндегі екпін түскен буын басқа буындарға қарағанда созылыңқы көтеріңкі айтылып бәсең естіледі. Сөз ішіндегі екпін түскен дыбыс фонациялық ауаның күші арқылы немесе демінің экспирациялық қарқынымен күшейтіп айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет