Шихтаның ыдырауы мен ұшқыш ғаздардың бөлінуі 1, 2, 3, 4 реакциялардаң нәтижесіндегі пайда болған СО, Н2 газдары шихтамен әрекеттесіп, оны ыдыратады. Шихтаның колошник аймағында басталып (150-450 0С), (100-200 0С) алдымен ылғал бөлініп, 300-400 0С температурада кристалды су бөлінеді де мынадай карбонаттар ыдырайды. СО3-390-400 0С; МnCO3-5250; MnCa(CO3)2-7300; CaCO3-890-890 0C.
Темірдің тотықсыздануы Темір екі түрлі жолмен жанама және тура тотықсыздану реакциялары бойына тотықсызданады. Темірдің көміртегі мен сутегі арқылы тотықсыздануын жанама, ал көміртегі арқылы тотықсыздануын тікелей тотықсыздану дейді. Темірдің жанама тотықсыздануы 400-950 0С-та келесі реакциялар бойынша жүреді.
3FeO3+CO=2Fe3O4+CO2 3Fe3O4+2CO=6FeO+2CO2 6FeO+6CO=6Fe+6CO2 3Fe2O3+9CO+Fe+9CO2 950 0C-тан бастап жанама тотықсыздануы нашарлап, темір тікелей тотықсыздану реакциялар бойынша түзіледі. Темір тотығының таза темірге дейін тотықсыздануы негізінен тікелей тотықсыздану реакциясы бойынша жүзеге асады:
FeO+CO=Fe+CO2 CO2+C=2СО FeO+C=CO+Fe
Тікелей және жанама тотықсыздану реакциялары бірге жүріп, шихтадағы темірдің 60%-і жанама тотықсыздану, ал қалғаны тікелей тотықсыздану реакциясы бойынша тотықсызданады. Темірдің Si-қосылыстарының тотықсыздану мына реакциялар бойынша жүреді:
Fe2S1O4+2CaO=Ca2S1O4+2FeO
2FeO+2C=2Fe+2CO FeS1O4+2CaO+2C=2Fe+Ca2S1O4+2CO
Марганец элементі темір кеннің құрамындағы МnO2, Mn3O4, тотықтарынан 800-900 0С температурада СО арқылы, ал МnO 1110 0С температурада көміртегі арқылы тотықсызданады.
2МnO2+CO=Mn2O3+CO2 3Mn2O3+CO=2Mn3O4+CO2 Мn3O4+CO=MnO+CO2 MnO+C=Mn+CO
Шихтардағы тотықсызданған Мn-тің 75-80%-і шойынға өтіп қалған шлакқа ауысып және ұшып кетеді.
1450 0С-та S1O2+2C=S1+2CO+Q
Фосфор элементі шойын үшін зиянды элемент.
(СаО3)Р2О5+3S1O2+3CaO·S1O2+P2O5 P2O5+5C=5CO+2P
Фосформен қатар шихтаның құрамында күкірттің бір бөлігі келесі реакция бойынша шлакқа өтіп, қалғаны ұшын кетеді. Күкірттің 80-90%-і мына реакция бойынша шлакқа өтеді.
FeS+CaO=FeO+CaS
FeO+C=Fe+CO
FeS+CaO+C=2Fe+CO2+CaS
Шойынның құрамындағы күкірт мөлшерін азайту үшін, шихтаға салынатын ізвесть мөлшерін көбейту керек.
Темірдің көміртектенуі. Әдетте сұр шойын мен ақ шойынның құрамында көміртегінің мөлшері 3,5%-4,5%. Ақ шойынның көміртектенуі 400-500 0С t-да 3FeO+5CO=Fe3C+5CO2 реакциясы бойынша жүреді. Пештің орта шамасында 2СО=СО2+С реакция бойынша пайда болған қара күйе шихтаға еніп, темірді көміртектендіреді.