1 Дәріс тақырыбы Кіріспе. Катты де ненің құрылысы



бет22/35
Дата04.05.2023
өлшемі1,19 Mb.
#89991
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
Материалтану Конспект лекций (2)

11 Дәріс тақырыбы. Болат өндірісі және металургиясы
Қазіргі кезде болат өндірудің келесі тәсілдері қолданылады:
1 Болат өндірудің конвертерлік тәсіл (бессемер, томас, оттегі-конвертерлік);
2 Мартен тәсілі (негізді және қышқылды үрдістері);
3 Электрлік тәсілі (доғалы және индукциялық пештерде жүргізілетін үрдістер).
Конвертерлік тәсіл
Болат өндірудің конвертерлік тәсілінің басқа тәсілдермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:

  • Өнімділігі жоғары. Конвертерде көміртектің тотығу жылдамдығы мартен пешімен салыстырғанда 10 – 100 есе, ал өнімділігі 5 7 есе артық болады;

  • Конвертер үрдісі кезінде отынның қажеттілігі жоқ. Үрдістің жүруіне қажетті жылу шойынның құрамындағы Si, Mn, P және т.б. қоспалардың тотықтану реакцияларының нәтижесінде бөлініп, пештің температурасы 1700ºС – қа дейін көтеріледі;

  • Конвертердің құрылысы қарапайым болып келеді, өнімнің өзіндік құны арзан болады.

Кемшіліктері

  • Конвертер болатының сапасы төмен болады, құрамындағы газдар мөлшері едәуір жоғары (N – 0,01-0,08% , ал мартен болатта - 0,004-0,006%);

  • Конвертер үрдісі бойынша өнделетін шойынға, оның химиялық құрамына қатаң талаптар қойылады;

  • Конвертер тәсілі бойынша жеткілікті мөлшерде металл сынықтары мен кенді өңдеуге болмайтындығы;

- Конвертер үрдісінің жүру жылдамдығы өте жоғары боғандықтан, үрдіс барысын реттеу өте қиынға соғады, негізінде реттеуге де келмейді.
Оттегілі-конвертерлік тәсілі
Конвертер болатының сапасын төмендететін негізгі зияндысы N. Ауа құрамындағы N конвертер жылуының біразын өзімен бірге атмосфераға алып кетіп, оның t-сын төмендетіледі және оған қоса, азот шойында ериді. Сондықтан ауаның орнына таза оттегі үрленеді. Үрленетін ауаны құрамында азот болмағандықтан алғашқы кездеэлементтердің тотығу процестері жылдам жүреді де конвертердің t-сы тез көтеріліп S 2-3 синутта, Мn, C 16-18 минутта тотығып бетеді. Процесс нәтижесінде Р тотығының темір тұздары түзіліп, ізвесть шлак күйінде балқыған металдың бетіне шығады болаттағы Р; S элементерінің мөлшері азайды. Процестің тағы бір ерекшелігі сол мартен шойыны мен темір сынықтарын өңдеу арқылы сапа жағынан мартен болатынан кем түспейтін құрамында 0,004-0,006% N бар болат алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет