1-дәріс тақырыбы: Коллоидтық химияның анықтамасы, негізгі мәселелері мен бағыттары. Коллоидтық химияның дамуына қысқаша шолу. Дисперстік жүйелердің жіктелуі. Мақсаты


Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның агрегаттық күйіне байланысты жіктеу



бет4/6
Дата11.12.2023
өлшемі201 Kb.
#137152
1   2   3   4   5   6
Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның агрегаттық күйіне байланысты жіктеу
Бұл классификацияны Во. Оствальд жасаған болатын. Олардың кестеде көрсеткендей 9 жағдайын қарастыруға болады.

4- кесте. Агрегаттық күйі бойынша жіктеу



Дисперстік фаза

Диспер-сиялық орта

Шартты түрде белгіленуі

Жүйенің аты, мысалдары

Газ1

Газ2

Г1 2

Газдардың жоғары қысымдағы күйі

Сұйық

Газ

С/ Г

Тұмандар, бұлттар, булар

Қатты

Газ

Қ/Г

Түтін, шаң-тозаңдар

Газ

Сұйық

Г/С

Көбіктер

Сұйық1

Сұйық2

С12

Майғындар (Эмульсиялар, сүт, мұнай)

Қатты

Сұйық

Қ/С

Жүзгіндер (Суспензиялар), табиғи судағы дисперсиялар, коллоидтық ерітінділер

Газ

Қатты

Г/Қ

Қатты көбіктер, кеуек заттар, активтелген көмірлер

Сұйық

Қатты

С/Қ

Қатты майғындар, адсорбенттер, топырақтар

Қатты1

Қатты2

Қ12

Қатты кірнелер, қорытпалар, асыл тастар.

Дисперстілік дәрежесі коллоидтық бөлшектерге сәйкес келетін жүйелерді коллоидтық химияда кірнелер (зольдер) деп атайды. Дисперсиялық орта газ болған жағдайда оларды-аэрокірнелер деп атайды, егер сұйықтық болса лиокірнелер деп атайды. (Грекше лиос – сұйықтық) сұйықтықтың табиғаттына байланысты лиокірнелер – гидрокірне, алкокірне, этерокірне, бензокірнелер болып бөлінеді (оларға сәйкес дисперсиялық орта – су, спирт, эфир, бензол). Егер коллоидтық жүйенің дисперсиялық ортасы органикалық сұйықтық болса, онда оларды органокірнелер деп жалпы атай береді. Дисперстік фаза қатты, ал дисперсиялық ортасы сұйық болып келген микрогетерогендік жүйелерді жүзгіндер (суспензиялар)деп атайды.


Во. Оствальдтің осы классификациясын Зигмонди дисперсиялық ортаның агрегаттық күйіне байланысты үш-ақ топқа бөлді. Сұйық, газ және қатты ортадан тұратын жүйелер. Бұларды қысқаша лиокірнелер, аэрокірнелер және солидо (иә криокірнелер) деп те атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет