1-дәріс тақырыбы: Коллоидтық химияның анықтамасы, негізгі мәселелері мен бағыттары. Коллоидтық химияның дамуына қысқаша шолу. Дисперстік жүйелердің жіктелуі. Мақсаты


Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның әрекеттесу сипаты немесе дисперстік жүйелердің термодинамикалық тұрақтылығы бойынша жіктеу



бет5/6
Дата11.12.2023
өлшемі201 Kb.
#137152
1   2   3   4   5   6
Дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның әрекеттесу сипаты немесе дисперстік жүйелердің термодинамикалық тұрақтылығы бойынша жіктеу
Бұл жіктеу дисперсиялық орта сұйықтық болғанда ғана қолданылады. Жәйлап сұйықтықты (ұшырған) кептірген кезде қалған құрғақ қалдықтың таза дисперсиялық ортада еру ерімеуіне байланысты Зигмонди коллоидтық жүйелерді жүйелерді 2 топқа бөлді. Құрғақ қалдық дисперсиялық ортада өздіген еріп диспергіленбесе оны қайтымсыз деп, ал егер құрғақ қалдық дисперсиялық ортада алдымен ісініп, кейіннен өздігінен еріп кетсе, оны қайтымды жүйелер деп атады. Қайтымсыз жүйелерге металдардың кірнелері, АgJ гидрокірнесі т.б. жатады, ал қайтымды жүйелерге желатиннің судағы, каучуктің бензолдағы ерітінділері жатады. Фрейндлих ойы бойынша коллоидтық жүйенің қайтымды, иә қайтымсыз болуы сол жүйені түзетін дисперстік фаза мен дисперсиялық ортаның әрекеттесу қабілеттіліктеріне байланысты. Қайтымды жүйенің дисперстік фазасы молекулалық түрде дисперсиялық ортамен әрекеттеседі, сондықтанда онда ериді. Осыған байланысы бұндай коллоидтық жүйені Фрейндлих лиофильдік коллоидтық жүйе деп атады (грекше лиос – сұйық, фило – ұнатамын).
Лиофильдік жүйелер – термодинамикалық тұрақты жүйелер. Олар өз бетімен түзіледі, түзілу кезінде жүйенің еркін (Гиббс) энергиясы азаяды, яғни . Мұндай жүйелерге бетті-активтік заттардың мицеллярлық ерітінділері, үлкен молекулалық қосылыстардың ерітінділері және бентонит сазбалшықтарының жүзгіндері жатады. Оларға агрегаттық тұрақтылық тән болады.
Қайтымсыз коллоидтық жүйенің дисперстік фазасы ортамен әрекеттеспегендіктен онда ерімейді. Оларды Фрейндлих лиофобтық жүйелер деп атады (фобо – ұнатпайтын). Лиофобтық жүйелер – термодинамикалық тұрақсыз жүйелер. Олар ұзақ өмір сүре алмайды. Оларға жүзгіндер , майғындар , көбіктер және т.б. жатады. Лиофобтық жүйелерді тұрақтандыру үшін оларға тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) қосады. Мысалы тұрақтандырғыш рөлін электролиттер, бетті-активтік заттар, үлкен молекулалық қосылыстар және т.б. заттар атқарады. Егер дисперсиялық орта су болатын болса, онда аталған жүйелер жоғарғы терминдерге сәйкес гидрофильдік және гидрофобтық коллоидтық жүйелер деп аталынады. Зигмонди мен Фрейндлих үлкен молекулалық заттардың ерітінділерін де коллоид деп қарастырған болатын. Сондықтан бұл жіктеу тек коллоидтық жүйе емес, коллоидтық жүйеге сәйкес келетін ҮМҚ, яғни полимерлердің ерітінділерін де қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет