1-дәріс тақырыбы: Коллоидтық химияның анықтамасы, негізгі мәселелері мен бағыттары. Коллоидтық химияның дамуына қысқаша шолу. Дисперстік жүйелердің жіктелуі. Мақсаты


Коллоидтық және дисперстік жүйелердің жіктелуі



бет3/6
Дата11.12.2023
өлшемі201 Kb.
#137152
1   2   3   4   5   6
Коллоидтық және дисперстік жүйелердің жіктелуі
Білімнің қай саласында болса да күрделі құбылыстар мен обьектілерді қарастырған кезде жеңілдету және кейбір заңдылықтарды табу үшін олардың әр түрлі белгілермен жіктелуін білеміз. Сол мақсатпен дисперстік жүйелерді де жіктеген жөн. Әр кезде коллоидтық және дисперстік жүйелерді әр түрлі принциптермен жіктеледі. Бірақ та дисперстік жүйелердің осы уақытқа дейін (бірыңғай) біртұтас жіктелуі жоқ. Оның себебі дисперстік жүйелерді жіктеу кезінде олардың барлық қассиеттерін қарастырмай, тек кебіреулеріне ғана тоқталады. Төменде сол әр түрлі принципке негізделген дисперстік жүйелердің жіктелуіне қысқаша тоқталайық.


Дисперстілік көрсеткіші немесе дисперстік бөлшектердің өлшемі бойынша жіктеу

Дисперстілік бойынша алғаш Зидентопф пен Зигмонди микроскоп көрінетін бөлшектерді микрондар, ал көрінбейтіндерді ультрамикрондар деп атауды ұсынды. Ультрамикрондардың өзін субмикрондар және амикрондар деп екіге бөлді. Субмикрондарға ультрамикроскоп көмегімен байқалатын, яғни өлшемі 5÷200 нм болатын бөлшектерді, ал амикрондарға ультрамикроскоппен байқалмайтын бөлшектерді жатқызды.


Соңғы кездерде бұл терминдерді қолданылмайды деуге болады.
Дисперстік фаза бөлшектерінің өлшемі (көлденең қимасы) 10-3 см-ден жоғары болса, немесе дисперстілігі 103 см-1-ден аз болса, ондай дисперстік жүйелерді макрогетерегендік жүйелер (дөрекі дисперстік жүйелер) деп атайды. Егер бөлшектердің дисперстілігі 103-105 см-1 аралығында болса, онда оларды микрогетерегендік жүйелер деп атайды. Егер дисперстік фаза бөлшектердінің шамасы 10-5-10-7 см немесе дисперстілігі 105-107 см-1 аралығында болса оларды ультрамикрогетерогендік (немесе коллоидтық) жүйелер деп атайды. Дисперстік фаза бөлшектері атом, молекула, иондардың өлшеміндегі дәрежеде, яғни Д>107 см-1 болса оларды молекулалық-иондық дисперленген немесе гомогендік жүйелер деп атайды.
Макрогетерогендік жүйелердегі бөлшектерді қарапайым көзбен, ал микрогетерогендік жүйелерді микроскоппен көруге болатын болса, ал ультрамикрогетерогендік (коллоидтық) жүйелердің бөлшектерін тек ультрамикроскоп арқылы байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет