1-дәріс тақырыбы: Коллоидтық химияның анықтамасы, негізгі мәселелері мен бағыттары. Коллоидтық химияның дамуына қысқаша шолу. Дисперстік жүйелердің жіктелуі. Мақсаты


Дисперстік фаза бөлшектерінің өзара әрекеттесу сипаты немесе дисперстік фазаның кинетикалық қасиеті бойынша жіктеу



бет6/6
Дата11.12.2023
өлшемі201 Kb.
#137152
1   2   3   4   5   6
Дисперстік фаза бөлшектерінің өзара әрекеттесу сипаты немесе дисперстік фазаның кинетикалық қасиеті бойынша жіктеу
Бұл жіктеу бойынша дисперстік жүйелер дербес (бос) дисперстік және байланысқан дисперстік жүйелер болып екіге бөлінеді. Дербес дисперстік жүйелерге бөлшектер арасында байланыс болмайтын, броун қозғалысы, иә салмақ күші бойынша дисперстік ортада тәуелсіз қозғалатын құрылымсыз жүйелер жатады. Бұндай жүйелер қозғау күшіне кедергі жасамайды, аққыштық т.б. сұйыққа тән қасиеттер көрсетеді. Оларға мысалы, лиокірнелер өте сұйылтылған жүзгіндер мен майғындар, аэрокірнелер жатады.

Байланысқан дисперстік жүйелерде бөлшектер өзара молекулалық күштер бойынша байланысқан. Олар дисперсиялық ортада өздеріне тән кеңістік тор/құрылым/ түзеді. Сол себептен олардың жылжуы қиынға соғып, олар тек тербелісті қозғалыста болады. Бұларға концентрлі жүзгіндер мен майғындар жатады. Олар жартылай қатты дененің қасиеттеріндей қасиет көрсетеді. Бірақ оларды дисперсиялық ортасы қатты дене боп келетін жүйелермен шатыстырмау керек. Бұл соңғы жағдайда бөлшектер бір біріне салыстырмалы түрде қозғалмайды, бірақ бұның себебі дисперсиялық ортаның тұтқырлығының өте жоғары болуына байланысты. Бұл соңғы жіктеу тек коллоидтық немесе дисперстік жүйелерге ғана емес ҮМҚ ерітінділеріне де қолданылады.



Бақылауға арналған сұрақтар: 1) Коллоидтық химияның анықтамасын беріңіздер. 2) Коллоидтық химияның дамуына қысқаша шолу беріңіздер. 3) Дисперстік жүйелердің жіктелуін түсіндіріңіздер
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Қоқанбаев Ә.Қ.Коллоидтық химия курсы: Беттік құбылыстар, Дисперстік жүйелер: оқулық. - Алматы: ЖШС ”Полиграфкомбинат”, 2013. – 656 б.
2. Қ. Әбдиев, Қ. Мұсабеков. Коллоидтық химияның негіздері. Алматы «Қазақ Университеті», 2008. 4.
4.Ә.Қоқанбаев. Коллоидтық жүйелердің жалпы қасиеттері. «Қазақ Университеті» Алматы, 2002 ж
5. Құмарғалиева C.Ш. Коллоидтық химияның негіздері, А 2011 ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет