1 Дәріс Тақырыбы



бет106/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Көру мүшесі немесе көз көру талдағышының шеткі қабылдағыш бөлімі. Талдағыштың өткізгіш жолы қызметін көру жүйкесі атқарады. Орталықтары аралық және ортаңғы мида, ал қыртысты орталығы үлкен ми қыртысының шүйде бөлігінде болады. Көру мүшесі көз шарасында (аңғалақ) орналасқан, бірінші-сезімтал (нейросенсорлы) сезім мүшесі. Көз көз алмасынан, қорғаныс жоне көмекші құрылымдардан тұрады.
Көз алмасын (bulbus oculi) көз алмасының қабықтары мен оның ішіндегі сәуле сындырғыш мөлдір орта құрайды. Қызметіне байланысты көз алмасының құрылымдарын үш бөлімге бөледі:
1) жарық сындырғыш (диоптрий) мөлдір ортаға қасаң қабық, алдыңғы және артқы камералар сұйығы, көз бұршағы, шыны тәрізді дене;
2) бейімделу (аккомодациялық) аппаратына: нұрлы қабық, кірпікті дене;
3) рецепторлы аппаратқа торлы қабық жатады.
Көз алмасының қабырғасы: сыртқы талшықты қабықтан (tu­nica fibrosa bulbi), ортаңғы тамырлы қабықтан (tunics vasculosa bulbi) және ішкі торлы кабықтан (retina) тұрады. Талшықты қабық көздің алдыңғы жағындағы мөлдір қасаң кабықтан (cornea) және ақ қабықтан (sclera) құралған. Тамырлы қабық үш бөліктен тұрады. Олар: өзіндік тамырлы қабық (tunica fibrosa propria), кірпікті дене (corpus ciliare) және нұрлы қабық (iris). Өзіндік тамырлы қабық көз алмасын қоректендіретін тамырларға бай. Кірпікті дененің бұлшық еті (бірыңғай салалы ет ұлпасы) сақинаша байламмен көз бұршағына жалғасып, көз бұршағының қалындығын өзгерту арқылы оны көру процесіне бейімдейді. Көз бұршағының алдында орналаскан, көздің қуысын алдыңғы және артқы камераларға бөлетін нұрлы қабықта көздің түсін анықтайтын пигментті жасушалар және оның ортасындағы тесік - қарашықты (pupilla) тарылтып және кеңейтіп тұратын бірыңғай салалы ет жасушалары миоциттер болады. Көз алмасының сәуле сындырғыш мөлдір ортасына қасаң қабық, алдыңғы және артқы камералардағы көз сұйығы, көз бұршағы (lens) және шыны тәрізді дене (corpus vitreum) жатады.
Көздің қорғаныс және көмекші мүшелеріне көз шарасы, көздің жарғақты қапшығы, бұлшық еттері, көз майы мен шандыры, көздің жоғарғы және төменгі қабақтары мен көзжасы аппараты жатады. Көзжасы аппараты көзжасы безінен, көзжасы көлінен, көзжасы тесігінен, көзжасы қапшығынан және мұрын қуысына ашылатын мұрын-көзжасы өзегінен тұрады.
Қасаң қабық құрылысы мен химиялық құрамы ерекше, қалыңдығы 0,8-1,1 мм көздің аддыңғы бетіндегі мөлдір қабық. Оның жарық сындырғыш көрсеткіші - 1,37. Касаң қабық бес: алдыңғы эпителий, алдыңғы шекаралық пластинка, қасаң қабықтың өзіндік заты, артқы шекаралық пластинка, артқы эпителий қабаттарынан құралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет