1 Дәріс Тақырыбы



бет1/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû


1 Дәріс Тақырыбы: Кіріспе. Морфология пәні туралы түсінік, жалпы заңдылықтары мен негізгі ұғымдар.


Сүйектер туралы ілім- остеология. Қанқаның фило-онтогенезі. Сүйек. Сүйектің құрылымы,құрлысы және түрлері.

Мақсаты:Тірек - қимыл аппаратына, қаңқаның бөліктері, сүйектің құрылысы, пішіні, түрлері туралы түсінік беру. Сүйектер туралы ілім – остеология,сүйектің мүше ретінде сипаттамасына, сүйектің түрлеріне сипаттама беру. Морфология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың, морфологияның негізгі даму кезеңдері; морфология ғылымының қызметтік ерекшеліктері мен органзм механизмдері туралы түсінік қалыптастыру. Әртүрлі құрылымдық деңгейдегі организмдер құрылымдарының (жасушалар, ұлпалар, мүшелер, мүшелер жүйелері) сыртқы дене бітімі мен пішіндерінің және ішкі құрылысының тұрақты қалыптылығы мен қалыптылықтың өзгеруін зерттеп білу.

Негізгі сұрақтар:


  1. «Жануарлар морфологиясы» пәніне кіріспе. Қаңқаның фило-онтогенезі.

  2. Жануарлар организмінің құрлысы мен даму заңдылықтары. Морфология пәнінің мазмұны, мақсаты және салалары.

  3. Морфология пәнінің басқа ғылымдармен байланысы, зерттеу әдістері.

  4. Сүйек мүше ретінде сипаттамасы.

  5. Сүйектің құрылымы, құрылысы және түрлері.

  6. Сүйек ұлпасы. Сүйектің химиялық құрамы және физикалық қасиеттері

1. Мофология (грек. мorphe- пішін,; logos – ілім) ілімінің негізгі зерттеу нысандары – түрлі жануарлар мен адамның тірі организмдері. Сондықтан, морфология биология ғылымдарының үлкен бір саласы болып саналады.
«Морфология» терминін тірі жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен пішінін, ішкі құрылысы мен даму заңдылықтарын зерттейтін ілімнің атауы ретінде бірінші рет 1817 жылы немістің ұлы ақыны және табиғат зерттеушісі Иоган Вольфганг Гете ұсынды.
Морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы дене пішіні мен ішкі, көзге көрінетін ірі және арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін ұсақ құрылымдарының (ұлпаларының, мүшелерінің, мүшелер жүйелерінің) құрылысын зерттейтін биологияның ірі саласы. Ол биология ғылымдарының негізгі салаларының бірі ретінде зоология, физиология және экология ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды.
Морфология – жануарлар организмдерінің сыртқы пішіні мен ішкі, көзге көрінетін ұлпа ірі (макро) жəне арнайы аспапсыз көзге көрінбейтін ұлпа ұсақ (микро) құрылымдардың (клеткаларының, ұлпаларының, мүшелерінің, мүшелер жүйелерінің) құрылысын зерттейтін ұлпа биологияның ірі саласы. Ол биология ғылымдарының негізгі салаларынын бірі ретінде зоология, физиология жəне экология ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Морфология ілімінің мақсаты – əр түрлі құрылымдық деңгейдегі организмдер құрылымдарының (жасушалар, ұлпалар, мүшелер, мүшелер жүйелері) сыртқы дене бітімі мен пішіндерінің жəне ішкі құрылысының тұрақты қалыптылығы (статикасын) мен қалыптылықтың өзгеруін (динамикасын) зерттеп білу. Ал ғылым ретінде ұлпадағы морфологияның зерттеу нысандары – адам мен түрлі жануарлар организмдерінің сыртқы пішіндерінің, оларды құрайтын мүшелер мен мүшелер жүйелерінің сыртқы жəне ішкі құрылысы, аталған құрылымдардың ұлпалық құрамы мен оларды құрайтын жасушалар (клеткалар) жəне бейжасушалық (клетка емес) құрылымдардың құрылысы. Морфология әлемі адам мен жануарлар организмі жасушаларының, ұлпаларының, мүшелер мен мүшелер жүйелерінің құрылысын, олардың қалыптасуы мен дамуына байланысты зерттей отырып, медицина, 6 ветеринария жəне əр түрлі биология салалары мамандарының практикалық мақсаттарына сəйкес үлкен көмегін тигізеді. Атап айтқанда, морфологиялық зерттеу нəтижесінде алынған ғылыми мəліметтер жоғарыда аталған мамандықтар мамандарына организмнің құрылымдық бөліктері қызметтеріне бағытты əсер етудің мүмкіндіктері мен жолдарын көрсетеді. Сондықтан, морфология іргелі (фундаментальді) пəн ретінде университеттердің биологиялық, медициналық жəне ветеринариялық факультеттерінде өтілетін физиология, биохимия, генетика жəне т.б. биологиялық пəндермен қатар, патологиялық физиология, патологиялық анатомия жəне барлық клиникалық пəндермен тығыз байланысты. Организмнің əр түрлі құрылымдық бөліктері (жасушалар, ұлпалар, мүшелер, мүшелер жүйелері) атқаратын қызметтеріне сəйкес, тек олардың өздеріне тəн морфологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Сондықтан, олар морфологияның түрлі бөлімдерінің зерттеу нысандары болып табылады. Морфология әлемі адам мен жануарлар организмі жасушаларының, ұлпаларының, мүшелер мен мүшелер жүйелерінің құрылыс заңдылықтарын зерттейтіндіктен, ол үлкен де, дербес төрт бөлімнен құралады. Олар: цитология, эмбриология, гистология жəне анатомия. Цитологиялық, эмбриологиялық жəне гистологиялық зерттеулер – үлкейткіш аспап – микроскоптың (грек. micros – ұсақ; scopeo – көремің) көмегімен іске асады. Сондықтан, жасушалардың, ұлпалардың жəне мүшелердің микроскоп арқылы көрінетін құрылысын жануарлар организмі құрылымдарының микроскопиялық құрылысы— деп атайды. Ал анатомия жануарлар организмі мүшелері мен мүшелер жүйелерінің үлкейткіш аспапсыз жəй көзге көрінетін қүрылысын зерттейді. Жануарлар организмі құрылымдарының анатомиялық құрылысын, олардың макроскопиялық кұрылысы — деп атайды. "Морфология" терминін тірі жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен пішінін, ішкі қүрылысы мен даму зандылықтарын зерттейтін ілімнің атауы ретінде бірінші рет 1817 жылы немістің ұлы ақыны жəне табиғат зерттеушісі Иоган Вольфганг Гете ұсынды.
Мақсаты - әртүрлі құрылымдық деңгейдегі организмдер құрылымдарының (жасушалар, ұлпалар, мүшелер, мүшелер жүйелері) сыртқы дене бітімі мен пішіндерінің және ішкі құрылысының тұрақты қалыптылығы мен қалыптылықтың өзгеруін зерттеп білу.
Мофрологиялық зерттеу нәтижесінде алынған ғылыми мәліметтер медицина, ветеринария және әртүрлі биология салалары мамандықтарының мамандарына организмнің құрылымдық бөліктері қызметтеріне бағытты әсер етудің мүмкіндіктері мен жолдарын көрсетеді. Сондықтан, морфология іргелі пән ретінде университеттерде өтілетін физиология, биохимия, генетика және т.б. биологиялық пәндермен қатар, патологиялық физиология, патологиялық анатомия және барлық клиникалық пәндермен тығыз байланысты. Морфология төрт бөлімнен құралады. Олар: цитология, эмбриология, гистология және анатомия.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет