1 Дәріс Тақырыбы



бет159/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

лимфа түйіндері - lymphonodi орналасады қорғаныш, қан жасаушы және әртүрлі заттарды жоюшы қызметтерін атқаратын. Бұлар, паренхиматозды бұршақ немесе овальды пішінді келетін, мөлшері 0,2-20 см дейін жететін, сұрғылт-сары түсті бездер. Ірі қара және кіші малдарда лимфа түйіндері ірі келеді, саны 300-дей. Жылқыда лимфа түйіндерінің саны 8 мыңға жуық болады, шошқада 200-дей, ал итте 60 шақты.
Лимфа түйіндері сыртынан тығыз қабықпен қапталған - capsula, оның дөңес беткейінен көптеген әкелгіш лимфа тамырлары енеді (шошқада әкеткіш). Бұған қарама-қарсы жатқан ойыс жағында лимфа түйінінің қақпасы - hilus - болады. Қақпадан әкеткіш лимфа тамырлары мен веналар шығып, артериялар мен нервтер енеді. Шошқада бұл аумақтан әкелетін лимфа тамырлары өтеді. Әрбір лимфа түйіндері сұйықтықты белгілі бір аумақтан жинайды. Мұндай аумақтарды лимфа түйінінің түбірі деп атайды. Лимфа түйіндері топтасып - лимфа орталықтарын құрады, 19-ғыз лимфа орталығы болады. Лимфа түйіндері сыртынан тығыз қабықпен қапталған - capsula, оның дөңес беткейінен көптеген әкелгіш лимфа тамырлары енеді (шошқада әкеткіш).
Бұған қарама-қарсы жатқан ойыс жағында лимфа түйінінің қақпасы - hilus - болады. Қақпадан әкеткіш лимфа тамырлары мен веналар шығып, артериялар мен нервтер енеді. Шошқада бұл аумақтан әкелетін лимфа тамырлары өтеді. Әрбір лимфа түйіндері сұйықтықты белгілі бір аумақтан жинайды. Мұндай аумақтарды лимфа түйінінің түбірі деп атайды. Лимфа түйіндері топтасып - лимфа орталықтарын құрады, 19-ғыз лимфа орталығы болады.
Лимфа бездерінің атаулары, орналасқан аумағымен немесе лимфа жинайтын мүшенің атымен аттас келеді. Лимфа түйіндері денеде орналасуы мен байланысты бөлінеді: беткей және терең, қуыс қабырғасының және қуыс ортасында орналасқан. Беткей орналасқан лимфа түйіндері сипап сезіледі, сондықтан диагностикалық маңызы зор. Оған жататындар: төменгі жақ, шықшыт, жұтқыншақ, мойынның беткей, қолтық, шап беткей және тобық асты, тобық үсті түйіндері.
Қуыс қабырғасының терең лимфа түйіндері омыртқа денелерінің, аортаның, төссүйегінің бойында орналасады. Ішкі органдардың түйіндері саны жағынан ең көп, олар лимфа жинайтын мүшелердің қақпасының аумағында жатады. Атаулары мүшелер аттас келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет