1 Дәріс Тақырыбы



бет50/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

АЗЫҚ ҚОРЫТУ АППАРАТЫ
Азық қорыту аппаратының дамуы. Филогенезде бір жасушалы
қарапайым жəндіктердегі цитоплазмалық ас қорытудан бастап, жануарлар дене құрылысының күрделенуіне байланысты көп жасушалы организмде азық қорыту процесінің əр түрлі қызметтерін атқаруға бейімделген жасушалар топтары дамып жетіле бастайды. Ішекқуыстыларда азық қорыту мүшелер жүйесі болмайды. Ауыз тесігі арқылы дене куысына түскен азық, дененің ішкі қабатын астарлайтын энтодерма жасушаларының қатысумен қорытылады. Қорытылмай қалған азық қалдығы қайтадан ауыз тесігі арқылы
сыртқа шығарылады. Төменгі сатыдағы құрттардың ас корыту түтігі ауыз тесігінен басталып, алдыңғы (ауыз-жұтқыншақ) жəне ортаңғы ішектерге бөлінеді. Алдыңғы ішек эктодермадан пайда болып, азықты ұстау жəне жұту сияқты қызметтерді жүзеге асырады. Ал азықтың қорытылуы мен сіңірілуі энтодермадан дамыған ортаңғы ішекте жүреді. Жоғары сатыдағы құрттар денесіндегі екіншілік куыстың (целоманың) дамуына байланысты, ас қорыту түтігі өзін қоршаған дене бөліктерінен оқшауланып, онда кіреберіс (ауыз) жəне шығаберіс (аналь) тесіктері пайда болады. Сонымен қатар, азық қорыту
түтігі алдыңғы, ортаңғы жəне артқы бөлімдерге бөлінеді. Хордалыларда, мысалы, қандауыршада (ланцетникте), ауыз қуысы жұтқыншақтан көлденең шымылдық арқылы бөлінген. Жұтқыншаққа көптеген желбезек саңылаулары ашылады. Ортаңғы ішек қабырғасында бауыр төмпегі жетіледі. Аналь тесігі құйрықтың алдыңғы жағында орналасқан. Желбезек аппаратының күрделенуіне байланысты, балықтардың ауыз-жұтқыншағы көп өзгеріске ұшырайды. Алдыңғы ішек ретімен орналасқан түтікше мүшелерден, яғни қысқа өңеш пен қарыннан тұрады. Ортаңғы бөлім ащы ішек бауыр жəне
ұйқы бездерінің жетілуімен ерекшеленеді. Артқы бөлім жуан ішекте қорытылған қоректік заттар уақытша жиналып сіңіріледі де, азықтың қорытылмай қалған бөлігінен нəжіс қалыптасып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жуан ішектің аналь тесігімен аяқталатын соңғы бөлігі — клоакаға, зəр бөлу жəне көбею мүшелерінің шығару өзектері ашылады.
Қосмекенділердің азық қорыту жүйесінің құрылысы балықтардың азық қорыту жүйесіне ұқсас болып келеді. Бірақ, олардың атмосфералық ауамен тыныс алуға бейімделуі жəне осыған байланысты тыныс алу мүшелерінің дамуы, ішек түтігі бас бөлімі (ауыз-жұтқыншақтың) құрылысының күрделенуіне əсерін тигізеді. Желбезек аппараты жойылып, ауыз бен мұрын куыстары толық бөлініп, бір-бірінен ажырайды. Жұтқыншақтан кейін, онымен жалғасқан газ алмасу мүшелері дамиды. Космекенділер алдыңғы ішегі құрамына өңеш пен қарын кіреді. Ал олардың артқы ішегі клоака үстіндегі томпайған бүйеннен жəне клоакадан тұрады. Бауырымен жорғалаушыларда желбезек аппараты тек эмбриондық дамудың бастапқы кезінде ғана байқалады. Олардың ауыз-жұтқыншағында қатты таңдай айқын білінеді, ал крокодилдерде ауыз қуысы жұтқыншақтан жұмсақ таңдай арқылы бөлінген. Кейбір бауырымен жорғалаушыларда бұлшық етті қарын бөлініп, жеке қарын болімі ретінде жетіле бастайды, ал құстарда ол жеке қарын болып қалыптасып, ас қорытуда үлкен қызмет атқарады. Ішектің артқы бөлімінде бүйеннің көлемі қосмекенділермен салыстырғанда біршама үлкейеді.
Сүтқоректі жануарларда ас қорыту жүйесінің бөлімдері жоғары дəрежеде дамыған. Ауыз жəне мұрын қуыстары бір-бірінен толығымен бөлінген. Ортаңғы ішек - он екі елі, аш жəне мықын ішектерге, ал артқы ішек бүйенге, тоқ ішекке (жиек ішек) жəне тік ішекке бөлінеді.
Сыртқы ортаның белгілі бір жағдайларына бейімделуге байланысты жəңе азықтану түріне қарай (шөп, ет, жеміс, насеком қоректілер, талғаусыздар т.б.) азық қорыту жүйесінің бөлімдері мен мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері де, əр түрлі болып келеді. Шөпқоректі жануарлар құрамында ірі талшықты жасүнығы (клетчаткасы) мол азықты қорыту үшін
көп уақытты қажет етеді. Сондыктан, бұлардың тоқ ішек көлемінің ұлғаюына (жылқы) немесе қарын бөлімдері санының көбеюіне (күйіс қайтаратын жануарлар) əсерін тигізеді. Ал етқоректі жануарлардың (жыртқыштар) ас қорыту жүйесінің ұзындығы шөпқоректі жануарлар жүйесімен салыстырғанда əлдеқайда қысқа болып келеді.__



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет