1 Дәріс Тақырыбы


бөлік дейді. Қарынның кардиальды жəне пилорикалық бөліктері аралықтарындағы негізгі бөлігін қарын түбі



бет58/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

бөлік дейді. Қарынның кардиальды жəне пилорикалық бөліктері аралықтарындағы негізгі бөлігін қарын түбі (fundus) немесе қарынның фундальды бөлігі — деп атайды. Қарынның алдыңғы қабырғалық беті (facies parietalis) бауыр жəне көкетпен, артқы висцеральды беті (facies visceralis) ішек ілмектерімен жанасады. Оның жоғарғы алдыңғы жағында қарынның кіші иіні (curvatura ventriculi minus), ал төменгі артқы жағында
қарынның үлкен иіні (curvatura ventriculi majus) болады. Осы аталған иіндерден кіші жəне үлкен қарын шарбылары басталады. Олар екі қабат сірлі қабықтан құралған. Сірлі қабықтар арасындағы борпылдақ дəнекер ұлпасымен қоректендіруші қан жəне лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Кіші шарбы қарынды бауырмен, ал үлкен шарбы қарынды көкбауыр жəне ішекпен байланыстырады. Қарынның қабырғасы түтікше мүше ретінде үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы етті жəне сыртқы сірлі қабықтардан тұрады. Бір
бөлімді безді қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тəрізді эпителиймен астарланған. Безді қарынның кілегейлі қабығында қарын сөлін болетін кардиальды безді аймақ (gl. cardiaca), фундальды безді аймақ (gl. fundalis) жəне пилорустық безді аймақ (gl. pylorica) болады. Бір бөлімді аралас қарын кілегейлі қабығының безсіз аймағын көпқабатты жалпақ эпителий, ал безді аймағын бірқабатты призма тəрізді эпителий астарлайды.
Кілегейлі безді аймақтың өзі бездерінің құрылысына сəйкес кардиальды, фундальды жəне пилорустық бөліктерге бөлінеді. Итте бір бөлімді безді қарын, жылқы мен шошқада бір бөлімді аралас қарын.
Қарын түбі кілегейлі қабығының ішкі бетінде фундальды без өзектері ашылатын ұсақ қарын шұңқырлары көрінеді. Аш қарынның кілегейлі қабығының ішкі беті қатпарланып жатады.
Бір бөлімді қарынның гистологиялық құрылысы. Бір бөлімді безді қарынның кілегейлі қабығы бірқабатты призма тəрізді эпителиймен астарланған. Эпителий астындағы борпылдақ дəнекер жəне ретикулалы ұлпалардан кұралған өзіндік тақташада қарапайым түтікшелі қарын бездері орналасады. Олардың өзектері кілегейлі қабықтағы қарын шұңқырларына ашылады. Құрылысы мен сөл бөлу сипатына қарай қарын безі: кардиальды бездер, фуңдальды (қарын түбі) бездер жəне пилорустық (ішкақпалық) бездер болып үш түрге бөлінеді. Олар аттарына сəйкес безді қарынның кілегейлі қабығынын аттас аймақтарында орналасады.
Кардиальды қарын бездері өңеппің қарынға ашылатын тесігі маңыңдағы кілегейлі қабықтың кардиальды аймағында жатады.
Олардың түтікше пішінді секреторлы соңғы бөлімдері тарамдалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет