Бет бұлшық еттері 1. Ауыздың дөңгелек бұлшық еті (m. orbicularis oris) жоғарғы жəне төменгі еріндердің негізін кұрап, тері мен кілегейлі қабықтың аралығында
орналасады.
Ерекшеліктері.Бұлшық ет жылқы мен ұсақ малдарда жақсы, ал сиырда, шошқада жəне итте нашар жетілген.
Қызметі. Ауыздың дөңгелек бұлшық еті еріндерді бір-біріне тартып кысып, ауыз саңылауының қысқыш бұлшық етінің қызметін атқарады.
2. Ұрт бұлшық еті(m. buccinator) жоғарғы жақ жəне төменгі жақ сүйектердің сыртқы беттеріне бекіп, ұрттың негізін құрайды.
Ерекшеліктері. Ұрт бұлшық еті шөппен қоректенетін, əсіресе, күйіс қайтаратын жануарларда жақсы, итте нашар жетілген.
Қызметі. Ұрт бұлшық еті шайнау кезінде азықты жылжытып, азу тістерге салуға көмектеседі.
З.Бет бұлшық еті (m. zygomaticus) бет доғасынан басталып, езуде аяқталады.
Ерекшеліктері. Бет бұлшық еті жылқыда бет қырынан, күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада үлкен шайнау бұлшық еті шандырынан, итте құлақ шеміршегінен басталады.
Қызметі. Езуді артқа жəне жоғары қарай тартады.
4. Мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық ет (m. levator nasolabialis) маңдай жəне мұрын сүйектерінен басталып, мұрын қанаты мен жоғарғы ерінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыдабұлшық ет маңдай жəне мұрын сүйектерінен жұқа сіңір түрінде басталып, екіге ажырайды. Артқы беткей бөлігі езуде, ал алдыңғы терең бөлігі сойдақ тіс бұлшық етінің төменгі жагамен өтіп, жоғарғы ерін мен мұрын қанатында аяқталады.
Қызметі. Жоғарғы ерінді көтеріп, мұрын тесіктерін кеңейтеді.
5. Сойдақ _________тіс бұлшық еті (m. caninus) жоғарғы жақ сүйектің бүйір бетінен басталып, мұрын қанаты мен жоғарғы ерінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда бет қырынан басталып, мұрын қанатында аяқталады. Сиыр мен ұсақ малдарда бет төмпегінен басталып, беткей жəне терең тармақтарға ажырайды да, мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық еттің арасымен өтіп, мұрын қанатында аяқталады. Шошқадакөздікасты тесіктің артқы жағындағы сойдақтіс шұңқырынан басталып, негізінен мұрын қанатында, ал бір сіңірлі бөлігі жоғарғы ерінде аяқталады. Итте көздікасты тесіктің алдыңғы жағанан бастау алып, жоғарғы ерінде аяқталады.