1 Дәріс Тақырыбы


Арты аяқ бұлшық еттері және жамбас белдеуінің бұлшық еттері



бет28/159
Дата02.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#89214
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159
Байланысты:
1 Ä ð³ñ Òà ûðûáû

Арты аяқ бұлшық еттері және жамбас белдеуінің бұлшық еттері
Мақсаты: Алдыңғы аяқ және жамбас белдеуінің бұлшықеттер құрылысы мен қызметі. Бұлшықет жиырылу механизмін түсіндіру, негізгі бұлшықет жиырылу түрлерін және жануар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.

Негізгі сұрақтар:
1. Артқы аяқ және жамбас белдеуінің бұлшық еттері . Тақырыптың қысқаша мазмұны және оқу тәртібі:
1. Аяқ бұлшық еттерін оқып үйрену алдында аяқ буындарының жіктелуін жақсы білу қажет. Себебі бұл бұлшық еттер буындардың атқаратын қызметіне бағытталған, мысалы: жазу-бүгу, алыстату- жақындату.
2. Буын құрылысын, қозғалысын, жалпы бұлшық еттердің орналасу заңдылықтарын (мысалы, экстензорлар немесе аддукторлар қай жерде т.б.) жақсы игермей, аяқтардағы көптеген бұлшық еттерді білу мүмкін емес.
Артқы аяқ бұлшық еттері – артқы аяқтың жамбас-ортан жілік, тобық, тілерсек және бақай буыны бұлшық еттері, сонымен қатар, еттерін бөлек-бөлек әр буынның атқаратын қызметтеріне байланысты (бірінші экстензорлар, содан соң флексорлар т.б.) оқып үйрену, жаттау.
Барлық бұлшық еттердің орналасу орны мен қызметін жаттап, оқу және препараттан тауып айту, қаңқада көрсету.

Артқы аяқтың бұл еттері (musculi membri pelvini) орналасу тәртібі мен атқаратын қызметіне байланысты жамбас, бөксе,тобық, тілерсек және бақай буындарының бұлшық еттерін қозғалысқа келтіреді. Аталған буындардағы қимыл-қозғалыстардың түрлеріне байланысты, оларға әсер ететін бұлшық еттер жазғыш (экстензор), бүккіш (флексор),жақындатқыш (аддуктор), алыстатқыш (абдуктор),сыртқа айналдырғыш (супинатор),ішке айналдырғыш (пронатор) бұлшық еттер болып бөлінеді


Бөксе тобының жазғыш бұлшық еттері
1.Беткей бөксе бұлшық еті – m. gluteus superficialis - сауыр аумағы терісінің астында, санның екібасты бұлшықетінің алдыңғы жағында орналасады.
2.Ортаңғы бөксе бұлшықеті –medius - бөксе еттерінің ішіндегі ең қомақтысы. Ол мықын сүйегінің бөксе беті мен құйымшақ-мықын байламынан басталып, үлкен ұршықта аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет