Жалпы қабілетке сан түрлі əрекеттер түрлерінде адамдардың табыстарын
анықтайтындарды жатқызу қабылданған. Мысалы, аталмыш категорияға қол
қозғалысындағы талғампаздық пен дəлшілдік, есте сақтау, сөйлеу жəне басқа да ойлау
қабілеттіліктері енеді. Олай болса, жалпы қабілетпен көбінесе адамдарға тəн дараланған
қабілеттермен түсіндіріледі. Арнайы қабілет
ерекше пайда болатын қажетті
бейімділіктерді жүзеге асыруға жəне олардың дамуына арналған, адамдар табыстылығын
арнайы əрекеттер түрлерінде анықтайтындармен жобаланып түсіндіріледі. Ондай
қабілеттерге музыкалық, математикалық, лингвистикалық, техникалық, əдеби,
көркем-
шығармашылық, спорттық жəне т.б. жатқызуға болады. Адамдарда жалпы қабілеттің
болуы олардың арнайы қабілеттің дамуын жоққа шығармайтынын ескеруіміз керек
Қабілет мəселелерін зерттеушілердің көпшілігі жалпы жəне арнайы қабілеттер арасында
кереғар ұғым болмайды, олар өзара бірін-бірі толықтырып жəне байытып отырады.
Сонымен қатар, кейбір жағдайларда жалпы қабілеттің жоғары деңгейде дамуы белгілі бір
əрекет түрлеріне қатысы бойынша арнайы қабілет ретінде бой көтере алады. Осыған ұқсас
кейбір авторлардың өзара əрекеттері олардың көзқарасы бойынша жалпы қабілет арнайы
қабілетті дамытуға арналған базасы болып табылады деп түсіндіреді. Басқа зерттеушілер
жалпы жəне арнайы қабілеттің өзара байланысын түсіндіре отырып,
қабілеттің жалпы
жəне арнайы деп бөлінуі өте шартты екенін атап көрсетеді. Мысалы, шын мəнісінде əрбір
адам оқу курсынан соң қоса, көбейте, бөле алады сондықтан математикалық қабілетті
жалпы қабілет ретінде қарастыруға болады. Алайда бұл қабілет соншалықты жоғары
дамыған адамдар бар екенін, біз оларда өте күрделі
есептерді шығару қабілеттілігі,
математикалық түсініктер мен операцияларды меңгерудің жылдамдығын көрсететін
математикалық таланттың барлығы туралы айта бастаймыз.
Біз адам қабілет қатарына адамдармен өзара əрекеттесуі, қарым-қатынаста
айқындалынатын қабілетті толық негізді жатқызуға тиіс. Бұл қабілеттер əлеуемттік
шарттастырылған болып табылады. Олар адамда қоғамдағы өмірінің процесінде
қалыптасады. Қабілеттің бұл тобынсыз адамға өзіне ұқсастар арасында өмір сүру қиынға
түседі. Солай, қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеу тілі болмаса,
қоғамдағы адамдарға
бейімделе алмаса, яғни, адамдардың əрекеттерін дұрыс бағалау жəне қабылдау, олармен
бірлесіп əрекет жасау жəне əр түрлі əлеуемттік жағдайларда өзара жақсы қарым-
қатынасты жөнге салу, қалыпты өмір жəне адамның психикалық дамуы мүмкін емес.
Адамда бұл тектес қабілеттердің болмауы əлеуметтегі оның биологиялық мəнділіктен
айналдыру жолындағы жеңе алмайтын бөгеттері болар еді.
Қабілетті жалпы жəне арнайы деп бөлудің сыртында теориялық жəне тəжірибелік
қабілет деп бөлу қабылданған. Теориялық жəне тəжірибелік
қабілет бір-бірінен
біріншіден,
адамның
абстрактылы-теориялық
ойлау
бейімділігін
алдын
ала
анықтайтынымен, екіншіден – нақтылы практикалық əрекетімен өзгешеленеді. Жалпы
жəне арнайы қабілетке қарағанда теориялық жəне тəжірибелік қабілеттілік көбінесе бір-
бірімен сəйкес келмейді.
Достарыңызбен бөлісу: