№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 2. Қабілеттің даму деңгейі жəне дербес ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет116/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120
§ 2. Қабілеттің даму деңгейі жəне дербес ерекшелігі
Психологияда қабілеттің даму деңгейін жіктеудің төмендегідей түрлері жиі кездеседі:
қабілет, дарындылық, талант, данышпандық.
Кез келген қабілет өзінің даму процесінде өзінің дамуын алдағы деңгейде жеткілікті
рəсімделуіне қажетті неғұрлым жоғары деңгейге көтеретін кейбір қабілеттер үшін
бірқатар кезеңнен өтеді. Алайда қабілеттің дамуы үшін алдыменен атлаптылықты
құрастыратын негіздемесі анықталатын болуы тиіс. Бейімділікпен қабілеттілік дамуының
табиғи негізін қалыптастырушы, жүйке жүйесінің анатомия-физиологиялық ерекшелігі
түсіндіріледі. Мысалы, тума бейімділік ретінде алуан түрлі анализаторлардың даму
ерекшелігі шыға келеді. Солай, музыкалық қабілетті дамытуға арналған негіз ретінде
естуді қабылдаудың белгілі бір сипаттамалары бой көтере алады. Ал интеллектуалдық
қабілет бейімділігі ең əуелі ми қызметінде - үлкен немесе кіші қозуы, жүйке үрдісінің
жылжымалылығы, уақтылы байланыстарды құрастырудың жылдамдылығы жəне т.б. яғни,
И.П.Павлов генотип – деп атаған жүйке жүйесінің тума ерекшеліктерімен
айқындалынады. Бұл қасиеттерге мыналар жатады:
- қоздыруға қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни, қарқынды жəне жиі
қайталанатын жүктемені, оның белгілі шекте тежеуді болдырмай, ұзақ мерзімге төзіп тұра
алатын қабілеттілік;
- тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің күші, яғни, ұзақ жəне жиі
қайталанылатын тежеу əсеріне төзіп тұра алатын қабілет;
- қоздыру жəне тежеу əсерінің жауабына жүйке жүйесінің біркелкі реактивтікте
анықталынатын қоздыруға жəне тежеуге қатысы бойынша жүйке жүйесінің
салмақтылығы;
- қоздыру немесе тежеудің жүйке процесіндегі пайда болу мен тоқтатылудың
жылдамдығы бойынша бағаланылатын жүйке жүйесінің тұрақсыздығы.
Қазіргі уақытта дифференциалды психологияда көбінесе В.Д.Небылицын ұсынған адам
жүйке жүйесінің қасиеттерінің 12 өлшемдік жіктелінуі қолданылады. Оған 8 бастапқы
қасиет (қоздыру мен тежеуге қатысы бойынша қозғалмалылығы жəне тұрақсыздығы,
жылжымалылығы, күші) жəне 4 екінші деңгейлі қасиет (осы негізгі қасиеттер бойынша


салмақтылық) жатады. Аталмыш қасиеттер барлық жүйке жүйесіндегі (оның жалпы
қасиеті) сияқты, жекеленген анализаторларға да (парциалды қасиет) қатыса алатындығы
дəлелденген.
Ми құрылысының бұл тума анатомия-физиологиялық ерекшеліктері, қозғалу жəне сезу
мүшелері немесе туа біткен бейімділіктер адамдар арасындағы дербес ерекшеліктердің
табиғи негізімен анықталынады. И.П.Павловтың пікірінше, дербес ерекшелік негізін
жоғары жүйке əрекетінің басым типтері мен ескерту жүйелерінің сəйкестік ерекшеліктері
анықтайды. Аталмыш белгілерді негізге ала отырып, адамдарды үш түрлі тұрпатқа бөлуге
болады: шығармашылық тұрпатты (алғашқы ескерту жүйесі басым), ойлау тұрпатты
(екінші ескерту жүйесі басым) жəне орташа тұрпатты (тең өкілді).
Павловтың бөлген тұрпатты топтары ана топтың да, мына топтың да өкілдерінде əр
түрлі туа біткен бейімділіктер болатындығын шамалап отыр. Солай, шығармашылық
тұрпаттың ойлау тұрпатынан негізгі өзгешелігі “көркемдеуші” үшін бүтіндей қабылдау
сипатталған, ал “ойшы” үшін – оның жекелеген бөлігіне ұсақталған қабылдау ортасында
айқындалынады; елестету жəне ойлау ортасында “көркемдеушілерде” кескінді ойлау мен
елестету басым көрінеді, сол сəтте “ойлаушы” сияқты абстрактылы, теориялық ойлау
неғұрлым сипатты; эмоционалды ортада шығармашылық тұрпатты тұлға көтеріңкі
эмоциямен өзгешеленеді, ал ойлау тұрпатының өкілдері мəселеге неғұрлым
интеллектуалды, сабырлы реакцияда қасиеттенген.
Адамда белгілі бір бейімділіктің болуы онда сол немесе басқа қабілеттіліктің
дамитынын білдірмейтіндігін атап өткен жөн. Мысалы, музыкалық шығармашылықты
дамыту үшін елеулі алғы шарты нəзік есту қабілет болып табылады. Алайда шеткі (есту)
жəне орталық жүйке аппаратының құрылғысы музыкалық қабілеттілікті дамытудың алғы
шарты болып табылады. Музыкалық естуге байланысты адамзат қоғамында пайда болуы
мүмкін музыкалық қабілеттілік байланысты мамандық жəне кəсіпте ми құрылғысы алдын
ала қарастырылмайды. Адам өзі үшін қызметтің қандай саласын таңдау жəне оның
бейімділігін дамыту үшін оған қандай мүмкіндіктер ұсынылатыны қарастырылмаған.
Демек, адамның бейімділіктері қандай дəрежеде дамуы оның дербес ерекшелегінің
жағдайына байланысты болады.
Олай болса, бейімділіктің дамуы – бұл қоғамның даму ерекшелігі мен тəрбиелеу
шарттарына байланысты əлеуемттік шарттастырылған үрдіс. Бейімділіктер егер қоғамда
қандай да бір мамандықтарға қажеттілік туындаса, соның ішінде, нақтылы қайда
жіңкішке музыкалық есту қажет болған жағдайда дамиды жəне өзгередң. Бейімділікті
дамытудың екінші елеулі факторы тəрбиелеу ерекшелігі болып табылады.
Спецификалық емес бейімдеулер. Адамда бейімділіктің белгілі бір түрініңі болуы
оның негізінде қолайлы жағдайда қандайда бір нақтылы қабілет міндетті дамуы тиіс
дегенді білдірмейді. Сол бір бейімділіктің негізінде ұсынылатын əрекеттің, талаптың
сипатына қарай əр түрлі қабілеттілік дамуы мүмкін. Солай, ырғақты жақсы сезетін жəне
жақсы естуі басым адам, музыкалық орындаушы, дирижер, биші, əнші, музыкалық
сыншы, педагог, сазгер жəне т.б. болуы мүмкін. Сонымен қатар бейімділік болашақ
қабілеттің сипатына əсерсіз деп тануға болмайды. Есту анализаторының өзгешелігі
аталмыш анализатордың ерекше даму деңгейін талап ететін қабілеттерде айтылады. Біз
осыдан əлеуметтік елеулі дəрежелі қабілеттілік адамның нақтылы əрекет барысында
қалыптасады деген тұжырым жасаймыз. Қабілет даму үшін жағдайдың бар жəне жоқ
болуына байланысты, олар потенциалды жəне актуалды болуы мүмкін.
Потенциалды қабілет нақтылы əрекет түрінде іске асырылмайтын, бірақ тиесілі
əлеуемттік жағдайды өзгерткенде актуализациялауға қабілетті болуымен түсіндіріледі.
Қағида бойынша, актуалды қабілетке тура сол сəтте нақтылы əрекет түрінде іске
асырылуға қажеттілер жатады. Потенциалды жəне актуалды қабілеттер адамның қабілетін
дамытатын əлеуемттік жағдайлар сипатаның жанама көрсетіші ретінде бой көрсетеді. Дəл
сол əлеуметтік жағдай сипаттары потенциалды қабілеттің дамуына мүмкіндік туғызады
немесе кедергі келтіреді, олардың актуалдыға айналуын қамтамасыз етеді немесе
қамтамасыз етпейді.
Сіз көріп отырғандай, қабілетпен қандай да бір əрекеттің табысты орындалуына
қатысты сондай дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Сондықтан қабілет тұлғалықтың
негізгі қасиеті ретінде қарастырылады. Алайда, ешбір жекелеген қабілет іс-əрекеттің
нəтижелі орындалуын өзі ғана қамтамасыз ете алмайды. Кез келген іс-əрекеттің нəтижелі
орындалуы əрқашан бірқатар қабілетке қатысты болады. Жақсы жазушы болу үшін ол
қаншалықты жетілген болса да, бір ғана байқампаздығы жеткіліксіз. Жазушы үшін бірінші
дəрежелі мəнділік байқампаздық, кескінді есте сақтау, ойлаудың бірқатар түрлері, жазба
тілмен байланысты қабілет, назарды шоғырландыратын қабілет жəне басқа да
қабілеттердің болуы.
Екінші жағынан, кез келген нақты қабілеттің құрылымына іс-əрекеттің сан алуан
түрлері мен арнайы қасиеттерінің талаптарына жауап беретін, іс-əрекеттің тек қана бір
түрін табыспен қамтамасыз ететін əмбебап жəне жалпы қасиеттер жатады. Мысалы,
математикалық қабілетті зерттей отырып, В.А.Крутецкий математикалық əрекетті
табысты орындау үшін қажетті деп мыналарды белгіледі:
- пəнге белсенді, оң қатынасы, онымен шұғылдануға икемділігі, құмартып
əуестенуде дамудың жоғары деңгейіне өтуі;


- мінездің кейбір белгілері, ең əуелі еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, дербестік,
мақсаттылык, табандылық, сонымен қоса, тұрақты интеллектуалды сезім;
- əрекет барысында орындалуына қолайлы психикалық жағдайдың болуы,
- сол салаға қатысты белгілі білім, іскерлік жəне дағдының қоры;
- сенсорлық жəне ақыл-ой орталарында аталмыш əрекеттің дербес-психологиялық
ерекшеліктерінің талаптарына жауап беретін.
Бұдан аталған қасиеттердің алғашқы төрт категориясын барлық əрекеттер үшін қажетті
жалпы қасиет ретінде қарастыру көзделеді, жəне оларды қабілеттің компоненттері деп
санауға болмайды, қабілеттің компонентімен қызығушылығы мен икемділігі, мінез
құлықтары, психикалық жағдайы, сонымен қатар іскерлігі мен дағдылары есептелінуі
тиіс.
Қасиеттің соңғы тобы табыстылықты тек қана нақты əрекетте анықтайтын
спецификалық болып табылады. Бұл осы қасиеттер ең алдымен басқа салаларда
қабілеттіліктердің 
айқындалуымен 
байланыссыз 
жəне 
арнайы 
ортада
айқындалатындығымен түсіндіріледі. Мəселен, биграфилық мəліметтер бойынша
А.С.Пушкин лицейде математикаға көп тер төккенімен елеулі жетістік көрсеткен жоқ;
Д.И.Менделеев мектепте математика жəне физика саласында зор жетістіктерімен
өзгешеленіп, ал тіл сабақтарында толық “бірлікке† иелік еткен.
Сонымен қоса арнайы қабілетке музыкалық, əдеби, сценалық жəне т.б. жатқызу қажет.
Қабілет дамуының келесі деңгейі дарындылық болып табылады. Дарындылық адамды
қандай да бір əрекетті табысты орындау мүмкіндігімен қамтамасыз ететін қабілеттің
өзгеше сəйкестігі деп аталады.
Бұл анықтамада дарындылықтан əрекеттің жетістіксіз орындалуы емес, тек сондай
жетістікті орындалу мүмкіндігі ғана тəуелді екені атап өту керек. Кез келген əрекетті
табысты орындау үшін тек қана лайықты қабілеттің сəйкестігі болуы ғана талап етілмейді,
сонымен қоса қажетті білім мен дағдыны талап етеді. Адам қандай да феноменалдық
математикалық дарындылығы болса да, егер ол ешқашан математика оқымаған болса, ол
осы саладағы ең қарапайым қызметті табысты атқара алмайды. Дарындылық қандай да
əрекеттің табысқа жету мүмкіндігін ғана анықтайды, осы мүмкіндікті іске асырылуы
лайықты қабілетті қандай өлшемде дамытады жəне қандай білім мен дағды игерте
алатынын анықтайды.
Дарынды адамдардың дербес ерекшелігі қызығушылығы бағыттылықта басты кейіпте
білінеді. Мəселен, бір адамдар математикаға, келесісі – тарихқа, үшіншісі - қоғамдық
жұмысқа тоқталып жатады. Қабілеттің ары қарай дамуы нақтылы əрекетке өтеді.
Қабілет құрылымында компененттерді екі топқа бөлуге болатынын атап өту жөн. бірі
жетекшілік жағдаймен шұғылданса, келесісі көмекші болып табылады. Суретшілік
қабілет құрылымында жетекші қасиет көруші анализатордың жоғары табиғи
сезімталдығы- сызық, пропорция, формалар, сəуле мен көлеңке, колорит, ырғақты сезу,
жəне де суретші қолының сенсомоторлық қасиеті, жоғары дамыған есте сақтау жəне т.б.
болады. Көмекші қасиеттерге көркемдік елестету, эмоционалды көңіл күй, салытын
суретіне эмоционалды қатысы жəне т.б. жатқызуға болады.
Қабілеттің жетекші жəне көмекші əрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін бірлікті
жасайды. Алайда қабілет құрылымы – бұл өте икемді құрылыс. Жетекші жəне көмекші
қасиеттерін сəйкестігі əр түрлі адамдарда нақты қабілеттіліктері бірдей емес. Адамда
қандай қасиеттің жетекші болатына байланысты əрекетті орындауға қажетті көмекші
қасиеттердің қалыптасуына өтеді. Сонымен қоса, тіпті, қандай қызметтің шеңберінде де
адамдар аталмыш əрекетті біркелкі табысты орындауға мүмкіндік беретін, кемшіліктердің
орнын толтыратын əр түрлі қасиеттің сəйкестігін игере алады.
Қабілеттің болмауы қандай да əрекеттің орындалуына жоқ қабілеттіліктің орнын
толықтыратын механизмдері болғандықтан адамның жарамсыздығын білдірмейтінін атап
өткен дұрыс. Əрекетпен үнемі шұғылдану кімнің оған қабілеті бар тек сол ғана емес,
кімде жоқ оларда бола береді. Егер адам бұл əрекетпен шұғылдануды жалғастыруға
мəжбүрлі болса, ол онда өзінің тұлғалылығының күшті жақтарына сүйене отырып, жете
түсіне отырып немесе жете түсінбей-ақ қабілеттің кемшіліктерін толықтыратын болады.
В.И.Ильиннің пікірі бойынша орнын толықтыру меңгерген білім немесе іскерлігі арқылы,
немесе əрекеттің дербес-тұрпаттылық стилінің қалыптасуы арқылы, немесе неғұрлым
дамыған қабілеттіліктің басқасы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бір қасиетті
басқалармен кеңінен толықтыру мүмкіндігі қандай да қабілеттің салыстырмалы
əлсіздігіне əкеп соғады, бұл қабілеттілікпен анағұрлым тығыз байланысты əрекеттің
жетістікті орындалу мүмкіндігін мүлдем жоққа шығармайды. Жеткіліксіз қабілет сол
адамның жоғары дамыған басқалармен кең көлемде орнын толықтыру болуы мүмкін. Тура
осы сан түрлі салалардағы адамның жетістікті əрекетінің мүмкіндігін қамтамасыз етуі
ықтимал.
Қабілеттің білінуі əрқашан қатаң дербес жəне көбіне сирек ұшырасады. Сондықтан
адамдардың дарындылығын қиюластыру, тіптен бірдей əрекетпен шұғылданатын нақтылы
көрсеткіштер жиынтығын ұсыну мүмкін емес. Əр түрлі психодиагностикалық əдістің
көмегімен қандай да қабілеттіліктің болуын қалыптастыруға жəне олардың дамуының
салыстырмалы деңгейін анықтауға болады. Неге салыстырмалы? Себебі, қандай да
қабілеттің даму деңгейін немесе абсолюттік бастамасын ешкім де білмейді. Əдетте,


зерттелінетін қандай да бір таңдаудың біршама нəтижесімен оның нəтижесін салыстыру
жолымен нақты адам үшін байымдылық шығарылады. Қабілетті бағалаудағы мұндай
тəсілдеме сандық əдістерді қолданғанда негізделінеді.
Адамның қабілетті сипаттай отырып, олардың дамуының шеберлік деңгейін, яғни,
əрекеттің нақтылы түріндегі кемелдігін жиі бөліп көрсетеді. Адамның шеберлігі туралы
айтқанда алдымен оның өндірістік əрекеттегі жетістікті шұғылдану қабілеттілігін сөз
етеді. Алайда бұдан шеберлік дайын іскерлік пен дағдының тиесілі жиынтығынан
туындайды деп іздестіруге болмайды. Кез келген мамандықтың шеберлігі туындайтын
мəселенің шығармашалық шешілуіне психологиялық дайындығын шамалайды.
“Шеберлік – бұл бір мезетте келетін “не” жəне “қалай” – деп текке айтпайды: шебер үшін
шығармашылық міндетті жете түсіну жəне оны шешудің тəсілдерін табудың арасында
үзіктің жоқ екенін атап көрсетеді.
Адам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі – талант. “Талант” сөзі бір жалқау құл
өзінің қожасы жоқ кезде ұрлап алған күмісін, айналымға жібертіп пайда алудың орнына
оны жерге көміп тастайтын (осыдан, “талантыңды жерге көм” –деген мақал шыққан)
Библияда кездесетін шекті ұғым. Қазіргі кезде талант арнайы қабілеттіліктің (музыкалық,
əдеби жəне т.б.) жоғары деңгейі болып түсіндіріледі. Қабілет сияқты талант та əрекет
негізінде айқындалып, дамиды. Талантты адамның əрекеті тəсілдеменің сонылығымен,
принципиалды жаңалылығымен ерекшеленеді.
Талантты ояту қабілет сияқты жалпы қоғамды шарттастырылған. Онда аталмыш
қоғамның алдында тұратын нақтылы міндеттерінің ерекшеліктері мен дəуір қажеттілігіне
байланысты толыққанды даму үшін неғұрлым қолайлы жағдай қанадай дарындылық.
Талант – бұл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту
қажет. Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы
мүмкін емес. Мəселен, таланттылардың арасынан есте сақтауы жақсы да, жаман да
адамдарды көптеп табуға болады. Адамның шығармашылық əрекетінің есте сақтауы бұл
оның жетістігіне байланысты факторлардың бірі ғана. Бірақ нəтижелер терең
қызығушылықсыз, күшті екпінсіз, бай қиялсыз, икемді ақылсыз жеткілікті болмайды.
Қабілет дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталынады. Данышпандық
туралы адамның шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мəдениет дамуында бүтін
дəуірді құрастырғанда айтылады. Данышпан адамдар өте аз. Барлық бесмыңжылдық
өркениет тарихында небəрі 400-ден астам ғана данышпан бар деп саналынады.
Данышпандықты сипаттайтын дарындылықтың жоғары деңгейі əрекеттің əр түрлі
салаларындағы сиректілігімен шарасыз байланысты. Лайықты əмбебептылыққа қол
жеткізген данышпандар арасында Аристотель, Леонарда да Винчи, Р. Декарт, Г.В.
Лейбниц, М.В. Ломоносовтарды атауға болады. Мысалы, М.В. Ломоносов білімнің əр
түрлі салаларында: химия, астрономия, математика, сонымен қатар суретші, поэзияны
күшті білген əдебиетші, тілші, жетістіктерге қол жеткізген. Алайда бұл данышпандардың
барлық дербес қасиеттері бірдей дəрежеде дамыды деуге келмейді. Данышпандықтың
өзіндік “профилі” болады, қандай да бір жақты онымен басым болса, кейбір қабілеттерде
айқынырақ болып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет