№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 2. Іс-əрекет психологиялық теориясының негізгі түсініктері. Операциялық-



Pdf көрінісі
бет22/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   120
§ 2. Іс-əрекет психологиялық теориясының негізгі түсініктері. Операциялық-
техникалық аспектілері.
Кеңес психологиясының дамуында үлкен маңызға ие болған теорияны
қарастырайық. Бұл теория Кеңес кезінде шығып, оратлық психологиялық теория болды
жəне де 50 жылдан астам уақыт бойы дамып отырды. Аталмыш теорияның зерттелуі мен
дамуы Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, А.В.Запорожец,
П.Я.Гальперин тəріздес əйгілі Кеңес психологтардың аттарымен байланысты. Неге осы
теория Кеңес психологиясында аса маңызды орын алады? Біріншіден, осыдан бұрын біз
сананың пайда болуы мен адам психикасының дамуында еңбек пен іс-əрекеттің шешуші
рөлі туралы айтқан болатынбыз. Бұл көзқарас осы уақытқа дейін Кеңес психологтардың
зерттеу методологиясында басты орын болып отыр. Екіншіден, іс-əрекеттің
психологиялық теориясы осы көзқарасқа сүйене отырып, адамның санамен қоса
психикалық феномендерінің көрінуінде іс-əрекеттің рөлін аша түседі. Адамға баға беріп,
оның тұлғалық ерекшеліктері пікір айту үшін біз негізінен оның іс-əрекетінің нəтижесіне
сүйенуіміз керек.
Іс-əрекеттің психологиялық теориясы ХХ ғасырдың 20-жылдардың аяғы мен 30-
жылдардың басында дами бастады.Бұл теорияның басты ерекшелігі – ол диалектикалық
материализмнің негізгі принциптеріне сүйенеді жəне осы философиялық бағыттың басты
тезисін қолданады. Іс-əрекеттің теориясы А.Н.Леонтьевтің еңбектерінде толығырақ
қарастырылған.
Осы теорияның негізгі түсініктеріне іс-əрекет, сана жəне тұлға жатады. Бұл


түсініктерде қандай мағына жатқанын анықтап, олардың құрылымын қарастырайық.
Адам іс-əрекеті күрделі иерархиялық құрылымға ие. Ол бірнеше деңгейлерден тұрады.
Жоғарғы деңгей – іс-əрекеттің ерекеше түрлерінің деңгейі, содан кейін əрекет деңгейі,
содан соң – операциялар деңгейі. Ал ең төменгі деңгей – психофизиологиялық
функциялар деңгейі.
Іс-əрекетті талдаудың негізгі бірлігі болып отырған əрекет осы иерархиялық
құрылымда орталық орын алады. Əрекет – мақсатты жүзеге асыруға бағытталған процесс.
Бұл жерде мақсат – саналы бейне екеніне бірден көңіл бөлу керек. Белгілі іс-əрекетті
орындай отырып, адам үнемі осы бейнені өз санасында ұстап отырады. Осылайша, əрекет
дегеніміз – адам белсенділігінің саналы көрінісі. “Əрекет” ұғымының негізгі
сипаттамаларының төрт компоненті бар. Біріншіден, əрекет керекті компонент ретінде
сана актісін қосады. Екіншіден, əрекет – бір мезгілде жүріс-тұрыс актісі. Сонымен қатар
мынаған көңіл аудару керек, əрекет – санамен байланысқан қимыл. Жоғарыда
айтылғаннан сана мен жүріс-тұрыстың тығыз байланысы туралы қорытынды жасауға
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет