№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 3. Іс-əрекет теориясы жəне психология пəні



Pdf көрінісі
бет24/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   120
§ 3. Іс-əрекет теориясы жəне психология пəні
Іс-əрекеттің оперецаялық-техникалық аспектілерін қарастырғаннан кейін біз келесі
сұрақтарға жауап іздеуіміз керек: неге белгілі əрекет жүзеге асады, мақсат қайдан пайда
болады? Осы сұрақтарға жауап беру үшін қажеттілік жəне мотив түсініктеріне
жүгінуіміз керек.
Іс-əрекет.


Қажетілік – тірі организмдердің белсенділігініің алғашқы формасы. Қажеттілікті тірі
организмдердің денесінде əрдайым пайда болатын шиеленіскен күй деп сипаттауға
болады. Адамда аталмыш күйдің пайда болуы организмде бір заттың жетіспеушілігімен
немесе индивидке керекті нəрсенің жоқтығымен түсіндіріледі.
Адам қажеттіліктерін биологиялық,органикалық(суға, оттегіге, тамаққа деген
қажеттілік) жəне əлеуметтік деп бөлуге болады. Əлеуметтік қажеттіліктерге ең əуелі
адамдармен қарым-қатынасқа, танымдылыққа жəне сыртқы əсерлерге деген
қажеттіліктерді жатқызамыз. Бұл қажеттіліктер адамның бойында жастайынан пайда бола
бастайды да, бүкіл өмір барысында сақталып келеді.
Қажеттілік пен іс-əрекеттің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұраққа жауап беру
үшін əрбір қажеттіліктің даму процесінде екі кезеңді бөлу қарастыру керек. Бірінші кезең
– затпен бірінші кездесуге дейінгі кезең. Екінші кезең – осы кездесуден кейінгі кезең.
Əдетте бірінші кезеңде субъект үшін қажеттілік жасырын болады. Адам қысылып-
қымтырыла тұра бұл күй немен байланысты екененіне өз-өзіне есеп бере алмауы мүмкін.
Мотив қажеттіліктің пəні болып айқындалады. Мотив арқылы қажеттілік нақтылана
түседі, субъектке түсінікті болады. Қажеттілік пен мотивтің пайда болысымен адамның
жүріс-тұрысы шұғыл өзгереді. Егер бұрын жүріс-тұрыс бағытталмаған болса, онда
мотивтің пайда болысымен ол өзінің белгілі бағытын алады. Өйткені мотив - əрекеттің
пайда болу себепшісі. Əдетте бір мақсат үшін адам бірнеше əрекеттер жасайды. Бір
мотивке негізделген осы əрекеттердің жиынтығы іс-əрекет деп аталады, дəлірек айтсақ,
ерекше іс-əрекет немесе іс-əрекеттің ерекше түрі. Осылайша, мотивтің арқасында біз
А.Н.Леонтьевтің іс-əрекет теория құрылымындағы жоғарғы деңгейге келіп жеттік – ол
ерекше іс-əрекет деңгейі.
Іс-əрекет тек бір ғана мотив үшін іске аспайтынын айта кету керек. Кез-келген ерекше
іс-əрекет мотивтердің жиынтығына негізделуі мүмкін. Мотивтердің бірісі əрдайым
жетекші, ал екіншісі –тұрлаусыз болады. Осы тұрлаусыз мотивтер ынталандыру-мотиві
болып келеді.
Мотивтер мақсаттың қалыптасуымен əрекеттерді түғызады. Біз атап кеткендей, мақсат
əрқашанда саналы болады, ал мотивтің өзі екі үлкен классқа бөлуге болады: іс-əрекеттің
саналы жəне санасыз мотивтері. Мысалы, саналы мотивтерге өмір мақсаттарын жатқызуға
болады. Бұл мақсат-мотивтер. Бұндай мотивтердің болуы үлкен адамдардың көпшілігіне
тəн. Келесі классқа мотивтердің көпшілігі жатады. Белгілі жасқа дейін кез-келген
мотивтер санасыз болып келетін айта кету керек.
Санасыз (бейсаналы) мотивтер санада ерекше формада көрінеді. Олардың формасы
екеу: эмоциялар жəне тұлғалық мағына.
Іс-əрекет теориясында эмоциялар іс-əрекет нəтижесінің мотивке деген қатынасының
бейнесі ретінде сипатталады. Мотив жағынан алғанда іс-əрекет сəтті өтіп жатса, оң
эмоциялар пайда болады, ал егер сəтсіз өтіп жатса – теріс болады. Адам күйін басқаратын
эмоциялар туралы А.Н.Леонтьев ғана зерттеп қоймай, сонымен қатар бұл туралы З.Фрейд,
У.Кэннон, У.Джемс, Г.Ланге тəрізді ғалымдар жазған болатын.
Тұлғалық мағына – мотивтердің санада көрінуінің басқа формасы. Дəл осы жетекші
мотивте мағына құраушы функция бар екенін айта кету керек. Ынталандыру-мотиві
мағына құраушы функция қызметін атқармайды, тек қана қосымша қоздырушы қызметін
атқарып, эмоцияны тудырады.
Іс-əрекеттің мотивация проблемасымен кем дегенде екі маңызды мəселе байланысты.
Ол, біріншіден, мотив пен тұлға байланысы, екіншіден, мотивтердің даму механизмдері
туралы мəселе. Бірінші мəселеге тоқтала кетейік.
Тұлға туралы оның іс-əрекеті бойынша жəне жүріс-тұрысы бойынша қорытынды
жасай алатынымыз бізге мəлім. Бірақ біз айқындағанымыздай, адам іс-əрекеті мотивтерге
тəуелді. Адамның мотивтер жүйесінің иерархиялық құрылымы бар. Əр түрлі адамдарда
бұл құрылым əр түрлі болып келеді. Бір жағдайда адамда тек бір ғана жетекші, маңызды
мотив болады. Басқа жағдайда бір, екі немесе одан да көп жетекші мотивтер болуы
ықтимал. Жетекші мотивтер негізі бойынша айырылып қоймай, сонымен қатар олардың
əр түрлі күші болады. Мотивтер жүйесінде қандай мотивтер ірге ретінде қолданылатыны
тұлғаның сипаттамасы үшін аса маңызды. Ол тек қана бір өзімшілдік мотив немесе
альтруистік бағыт алған мотивтердің жүйесі т.б. болуы мүмкін.
Енді жаңа мотивтер қалай пайда болатынына тоқтала кетейік. Іс-əрекетті талдау
кезінде жалғыз жол – қажеттіліктен мотивке қарай, содан соң мақсатқа жəне іс-əрекетке.
Шынай өмірде əрдайым кері процесс жүреді, іс-əрекет барысында жаңа мотивтер мен
қажеттіліктер қалыптасады. Іс-əрекет іске асқан кезде қажеттіліктер шеңбері ұлғаяды.
Қазіргі психологиялық ғылымда мотивтердің қалыптасу механизмдері толық
зерттелмеген. Іс-əрекеттің психологиялық теориясында бір механизм жете зерттелген – ол
мотивтің мақсатқа жылжу механизмі (мақсаттың мотивке айналу механизмі).
Жоғарыда айтылғандардан мотивтердің қалыптасу механизмінің сипаттамасынан
психиканың дамуы жөнінде аса маңызды қорытынды шығаруға болады. Мотив тұлғаның
жекелігін қылптастырады, өйткені адам туралы пікір айту үшін оның іс-əрекетінің
нəтижесіне көңіл аударуы қажет. Осыдан біз іс-əрекет тұлғаның қалыптсауына əсер етеді
деген қорытындыға келеміз. Осылайша, адам айналысатын іс-əрекет түрі оның болашақ
дамуын болжайды. Бұл жерде біз диалектикалық материализмге тірелеміз.
Мотив
Мақсат
Əрекет
Сыртқы, заттық.
Ішкі, ақыл-ойға
негізделген
Операциялар
1
2
3
4
5
Психофизиологиялық функциялар


Іс-əрекеттің тағы да бір аспектісі бар, іс-əрекеттің психологиялық теориясы ондаған
жылдар бойы Кеңес психологиясында жетекші болғанының себепшісі дəл осы аспект. Осы
уақытқа дейін біз тек қана сыртқы бақылаушыға көрінетін практикалық іс-əрекетті сөз
етіп келдік. Бірақ іс-əрекеттің басқа түрі бар, ол – ішкі іс-əрекет. Ішкі іс-əрекеттің
функциялары неден тұрады? Ішкі əрекеттер сыртқы əрекеттерді дайындайды. Олар адам
əрекеттерін үнемдеуге көмектеседі. Бəрінен бұрын олар қателіктер жасамауға мүмкіндік
туғызады.
Ішкі іс-əрекет екі негізгі қасиеттермен сипатталады. Біріншіден, ішкі іс-əрекеттің
құрылымы сыртқы іс-əрекет құрылымымен бірдей. Олардың айырмашылығы тек өту
формасында ғана. Ішкі іс-əрекет пен сыртқы іс-əрекет арасындағы айырмашылық – ішкі
іс-əрекет қимылдары шынайы заттармен емес, олардың бейнелерімен жүзеге асады.
Екіншіден, ішкі іс-əрекет сыртқыдан интериоризация процесі жолымен пайда болды.
Іс-əрекет теориясының авторлары ішкі іс-əрекет арқылы сана проблемасы мен
психикалық процестердің талдауы деген мəселелерге тоұталды. Іс-əрекет теориясының
авторларының ойы бойынша психикалық процестерді іс-əрекет позициясынан талдауға
болады, өйткені кез-келген психикалық процесс белгілі мақсатпен жүзеге асып, өзінің
операциялық-техникалық жүйесі болады.
Қорытынды ретінде іс-əрекеттің психологиялық теориясының методологиялық
маңызына тоқтала кетейік. Кеңес психологтардың ғылыми жұмыстары мен зерттеулерінің
көпшілігі іс-əрекеттің подход
принципіне негізделеді. Мұнда адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере
отырып адам іс-əрекетінің психикалық аспектілері немесе іс-əрекеттің заңдылықтары
зерттеледі.
Осылайша, біз бірнеше қорытынды жасай аламыз. Біріншіден, адамның психикасы
мен іс-əрекеті өзара байланысты, сондықтан психиканы зерттеу жəне оның
заңдылықтарын тұжырымдау іс-əрекет принциптеріне негізделеді. Екіншіден, адам
айналысатын іс-əрекет оның өмірлік құндылықтары мен мотивтерінің дамуын жəне
субъектің жалпы бағыттылығын анықтайды. Сондықтан да іс-əрекеттің еркше түрлері
адамның психикалық дамуының заңдылықтарына əсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет