№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


ІС-ƏРЕКЕТ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР



Pdf көрінісі
бет21/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

 ІС-ƏРЕКЕТ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР.
Іс-əрекеттің жалпы психологиялық сипаттамасы. Іс-əрекет түсінігі. Іс-əрекеттің
қоздырушы себептері. Іс-əрекеттің мақсаты. Іс-əрекеттегі ерік жəне зейін. Тұлға іс-
əрекетінің ерекшелегі жəне оның атрибуттары. Тұлға іс-əрекетінің түрлері. Іс-əрекет жəне
тұлғаның дамуы. Іс-əрекет психологиялық теориясының негізгі түсініктері.
Операциялық-техникалық аспектілері. Ресей ғалымдарының еңбектеріндегі іс-əрекет
теориясының зерттелуі жəне дамуы. Іс-əрекет құрылымы. Іс-əрекеттің орталық
құраушысы ретіндегі əрекет. Əрекеттің негізгі сипаттамалары. Іс-əрекет психологиялық
теориясының негізгі принциптері. Іс-əрекеттің шарттары. Операция туралы түсінік.
Автоматты əрекеттер жəне дағды. Іс-əрекеттің психофизиологиялық функциялары.
Іс-əрекет теориясы. Тірі организмдердің белсенділігінің алғашқы формасы ретіндегі
қажеттілік. Қажеттілік қалыптасуының жəне дамуының негізгі кезеңдері. Іс-əрекеттің
мотиві. Жетекші мотив жəне ынталандыру-мотиві. Бейсаналық мотивтер: эмоциялар жəне
тұлғалық мағына. Мотивтердің пайда болуының механизмдері. Ішкі іс-əрекет туралы
түсінік.
Əрекет физиологиясы жəне белсенділік физиологиясы. Психомоторика туралы
жалпы түсінік. И.М.Сеченов əрекет физиологисы туралы.Əрекеттің рефлекторлы
концепциясы. Сенсомоторлық процестердің түрлері. Идеомоторлық процестер жəне
сенсоречевті реакциялар. Əрекет ұйымдастыруының механизмдері. Н.А. Бернштейн жəне
оның физиологиялық əрекет теориясы. Сенсорлық коррекцияның принципі. Əрекеттің
орындалу барысына əсер ететін факторлар. Кері байланыс дабылдары. Рефлекторлы
сақина. Бернштейн бойынша əрекет құрылымының деңгейлері. Қозғалу дағдысының
қалыптасу процесі жəне белсенділік принципі. Ерікті əрекеттер.
§ 1. Іс-əрекеттің жалпы психологиялық сипаттамасы
Iс-əрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсендi қатынасының бiр формасы
немесе қоршаған орта мен субъектiнiң өзара қатынасының динамикалық жүйесi.
Тiрi материяның өлi материядан, жоғары формалардың төмен формалардан
айырмашылығы – белсендiлiкте. Адамның белсендiлiгi өте көп қырлы. Жануарға тəн түрлi
формаларға қоса, адамда белсендiлiктiң ерекше формасы – iс-əрекеттi айтуымызға
болады. Iс-əрекеттi адам белсендiлiгiнiң ерекше түрi ретiнде анықтауға болады: ол
мəдениеттiң материалды жəне рухани дүниесiн құрайды, өзiнiң қабiлеттерiн дамытады
жəне адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны iс-əрекетте қолдануы – жануар
белсендiгiнен айырмашылығы болып табылады. Яғни, адам iс-əрекетi продуктивтi, өнiмдi
сипатқа ие. Жануар белсендiгiнен тағы бiр ерекшелiгi: егер жануар белсендiгi тек
биологиялық қажеттiлiктерден туса, адам iс-əрекетiне өнер,танымдық қажеттiлiктер түрткi
болады. Сонымен қатар, адам iс-əрекетiнiң формалары жануарға тəн емес, күрделi
қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мəселен, баланы кiшкентайынан
бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануды (қасық, пышақ, орындық, сабын) үйретедi.
Соның нəтижесiнде жануар белсендiгiнен өзгеше заттық iс-əрекет пайда болады.
Сонымен, адам iс-əрекетiнiң жануар белсендiгiнен негiзгi айырмашылықтарын
тоқталатын болсақ:
1. 
Адам iс-əрекетi продуктивтi, творчестволық сипатқа ие. Ал жануар белсендiгi
табиғатта берiлгеннен басқа ешнəрсе жасай алмайды
2. Адам iс-əрекетi құрал немесе əдiс ретiнде қолданатын мəдениеттiң материалды жəне
рухани дүниемен байланысты.
3. Iс-əрекет адамды, оның қабiлеттерi мен қажеттiлiктерiн, өмiр шарттарын дамытады. Ал
жануар белсендiлiгi негiзiнен олардың өзiнде жəне өмiр шарттарын өзгертпейдi.
4. Адам iс-əрекетi, оны орындаудағы түрлi формалар мен əдiстер – тарихи өнiмi болып
табылса, жануардың белсендiгi биологиялық эволюция нəтижесi болып табылады.
5. Заттық iс-əрекет адамға туыла берiлмейдi, ол заттарды қолдануда мəдени түрде
белгiленiп қойған. Бұндай iс-əрекеттi оқу жəне тəрбие барысында қалыптастырып, дамыту
керек. Ал жануар белсендiгi алдын-ала, яғни генотиптiк тұрғыда берiген.
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген
еңбек түрі іс-əрекет болып табылады. Кез-келген қарапайым іс-əрекеттің актісі субъекттің
белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез-келген іс-əрекеттің қоздырушы
себептері бар іс-əрекеттің қоздырушы себептері жəне де ол белгілі жетістіктерге
бағытталады.
Іс-əрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі


мен іс-əрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы жəне ішкі шарттардың жиынтығы.
Мотив, іс-əрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен
міндеттерін анықтайды.
Мақсат – адам іс-əрекеті бағытталған нəтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе
белгілі əрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі
мəселеде) іс-əрекет мақсаты. Кез-келген міндет əрдайым мыналарды қамтиды: талап,
көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген
мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-əрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке
мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты басты мақсатқа жетуге болмайды.
Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін əуелі адам сол мамндықтың теоретикалық
аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мəселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін
практика жүзінде іске асыру керек.
Қазіргі заманғы адам əр түрлі іс-əрекеттермен шұғылданады. Іс-əрекеттің барлық түрін
классификациялау мүмкін емес, өйткені адам іс-əрекетінің барлық түрін сипаттау үшін
адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту керек, ал адам қажеттіліктерінің саны өте
үлкен. Мұның себебі адамның индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Бірақ іс-əрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады. Олар барлық адамға тəн
жалпы қажеттіліктерге сəйкес келеді. Ол адамның индивидуалды ерекшеліктерімен
түсіндіріледі. Іс-əрнкетің түрлеріне: ойын, оқу жəне еңбек жатады.
Ойын – адам іс-əрекетінің ерекше түрі. Ойынның нəтижесінде материалдық немесе
идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бəсеңдік,демалу мақсатын
көздейді. Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік
жəне ережесі бар ойындар. Индивидуалды ойын тек бір адамның қатысуымен жүретін
адам іс-əрекетінің түрі. Топтық ойын бірнеше индивидтың қатысуымен жүреді. Заттық
ойын заттардың қатысуымен байланысты болады. Сюжеттік ойын белгілі сценарий
бойынша жүреді. Рөлдік ойындар белгілі рөлмен шектелген əрекеттеоге негізделеді. Ал
ережесі бар ойындар ойынға қатысушылардың белгілі ережелер жүйесімен реттеледі.
Сонымен қатар ойынның аралқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік,
ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Ойын барысында пайда болатын қарым-қатынас əдетте
жасанды сипатта болады. Жасанды дегеніміз – айналадағылар оны шынайы
қабылдамайды жəне адам туралы қорытынды жасауға негіз бола алмайды. Ойындық
жүріс-тұрыс пен ойындық қарым-қатынас адамдардың шынайы қарым-қатынасына əсерəн
тигізбейді. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму
сипатымен ерешеленеді. Үлкен адамдарда ойын жетекші іс-əрекет болып табылмайды, тек
қарым-қатынас пен бəсеңдік қызметін атқарады.
Іс-əрекеттің тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның білім,икем мен дағды алу мақсатын
көздейтін іс-əрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде жəне арнайы
мекемелерде іске асуы мүмкін.Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда
оқу өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу əрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей
индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады.
Адам іс-əрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында
адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық жəне рухани мəдениетті құрды, өмір
жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек
құралдарын жасау жəне оларды жетілдіру ең əуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына
еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық жəне көркем
шығармашылықтың артуының факторы болды.
Адам іс-əрекеті – ол өте күрделі жəне көпқырлы құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет