шығарады. Іс-əрекеттің мақсаты тамақ табу сияқты тек қана биологиялық мағынаға ғана
ие болып қоймай, биологиялық мəнмен байланысы жоқ əлеуметтік қарым-қатынас
орнатуға да бағытталуы мүмкін.
Талдаудың негізгі элементі ретіндегі “əрекет” ұғымының сипаттамаларына сүйене
отырып, іс-əрекеттің психологиялық теориясының
негізгі принциптері қалыптасады:
1) Сана –өз-өзінде тұйықталған құбылыс ретінде қарастырыла алмайды: сана іс-
əрекетте көріну керек.
2) Жүріс-тұрысты адам санасынан бөліп қарастыруға болмайды.
3) Іс-əрекет – бұл белсенді, белгілі мақсатқа бағытталған процесс. (сана мен жүріс-
тұрвс арасындағы байланыс принципі)
4) Адам іс-əрекеті заттық болып келеді; олардың мақсаты əлеуметтік сипатқа ие. (адам
іс-əрекетінің заттылығы жəне оның əлеуметтік негіздемесінің принципі)
Əрекет – бұл өте ұсақ құрамалардан тұратын күрделі элемент. Осындай жағдай əрбір
əрекет мақсатқа негізделетінімен түсіндіріледі. Адамның мақсаты əрқырлы ғана емес,
сонымен қатар көп масштабты болып келеді. Ірі мақсаттар бар, олар –өз алдына ұсақ
мақсаттарға бөлінеді.
Енді əрбір əрекет əртүрлі жолдармен орындалатынына көңіл аудару керек, яғни
əртүрлі тəсілдермен орындалады. Əрекетті орындау тəсілі операция деп аталады. Əрекетті
орындау тəсілі жағдайларға байланысты болады. Əр түрлі жағдайларда бір мақсатқа жету
үшін əртүрлі операциялар қолданылуы мүмкін. Жағдайларға сыртқы шарттар мен əрекет
етуші субъекттің мүмкіндіктерін жатқызамыз. Сондықтан іс-əрекет теориясында мақсат
міндет деп аталады.
Міндетке байланысты операция əр түрлі əрекеттерден тұруы мүмкін. Бұл əрекеттер өз
алдына ұсақ əрекеттерге бөліне алады.Осылайша, операциялар – іс-əрекеттің ірірек
бірліктері.
Операцияның басты қасиеті олар аз сезіледі немесе тіпті сезілмейді. Əрекеттен
операцияның айырмашылығы сонда. Жалпы айтқанда, операция деңгейі – ол автоматтық
əрекеттер мен
дағды деңгейі. Дағды түсінігіне орындау барысында пайда болатын саналы
іс-əрекеттің автоматтандырылған компоненттерін жатқызамыз. Басынан бастап
автоматтандырылған əрекеттерге қарағанда (мысалы рефлекторлық қимылдар) ұзақ
жаттығулар арқасында дағды автоматтандырылған болады. Сондықтан операциялардың
екі түрі болады: бірінші түріне адаптация мен бейімделу арқылы пайда болған
операцияны жатқызамыз. Ал екінші түріне – автоматизацияның арқасында дағдыға
айналып, санасыз əрекеттер процестеріне өтіп кеткен саналы əрекеттерді жатқызуға
болады. Бірінші түр айтарлықтай сезілмейді, ал екіншілері сана шекарасында тұрады.
Жоғары айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: операция мен əрекеттер
арасында айқын шекараны бөлу қиынға соғады.
Енді іс-əрекет құрылымындағы үшінші, ең төменгі деңгейге өтелік – ол
психофизиологиялық функциялар деңгейі. Іс-əрекет теориясында психофизиологиялық
функциялар деп – психикалық процестерді қамтамасыз ететін физиологиялық
механизмдерді айтамыз. Адам биоəлеуметтік организм болғандықтан, біз психикалық
процестердің өтуін психикалық процестердің іске асу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін
физиологиялық процесс деңгейлерінен бөліп қарастыра алмаймыз. Психикалық
функциялардың көпшілігі организмнің бірнеше мүмкіндіктерінсіз жүзеге аспайды.
Осындай мүмкіндіктерге түйсікке қабілеттілікті, қозғалғыштық қабілеттілігін, өткен
əсерлер мен іздерді бекіту мүмкіндігін жатқыза аламыз. Осы категорияға жүйке жүйесінің
морфологиясында бекітілген жəне өмірдің алғашқы айларында туа пайда болған
механизмдерді айта кету керек. Осы қабілеттер мен механизмдердің барлығы адамға
туылған сəттен бастап беріледі, яғни олардың генетикалық шарттылығы бар.
Психофизиологиялық функциялар психикалық функциялардың іске асуына қажетті
алғышартты
да, іс-əрекет құралын қамтамасыз етеді. Мысалы, біз керекті ақпаратты еске
сақтағымыз келсе, онда тез жəне сапалы еске сақтап алудың арнаулы тəсілдерді
қолданамыз. Бірақ егер біздің есте сақтау қабілетін қамтамасыз ететін мнемикалық
функциямыз болмаса, онда біз ақпаратты есте сақтай алмас едік. Мнемикалық функция
туа пайда болатын функция болып табылады. Туылған сəттен бастап бала көп мөлшердегі
ақпаратты есте сақтай бастайды. Сонымен қатар есте сақтау мүлдем мүмкін болмайтын
естің ауруы болады (корсаковский синдром). Бұл ауру мнемикалық функцияның
бұзылуының нəтижесінде пайда болады. Бұндай ауруға шалдыққан адам тіпті бірнеші
минут бұрын болған оқиғаны есіне түсіре алмайды. Сондықтан да психофизиологиялық
функциялар іс-əрекет процестерінің органикалық фундаментін құрайды. Оларсыз нақты
əрекеттер ғана емес, міндеттің іске асуы да мүмкін болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: