болады. Күштiлiгiне байланысты эмоциялардың көп түрiн бөлуге болады. Аз көрiнетiн
жəне нашар сезiлетiн түйсiнудiң эмоциялық жағынан бастап, күштi, қысқа уақыттық,
бақылауға жəне басқаруға келмейтiн аффектермен аяқтауға болады.
өзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның
эмоциогендi жағдаяттармен (шынайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына
байланысты жəне сəйкес қажеттiлiк қанағаттанбаған күйде тұрған уақытқа байланысты.
Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын-ала өзгертiп, яғни оның созылуына
немесе қысқаруына əсер етуге болады. Созылу уақытына байланысты эмоцияның түрлерi
өте көп, қысқа уақыттың аффективтi реакциядан бастап бiрнеше күнге созылатын
эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мысалы ретiнде көңiл-күйдi алуға болады.
Қазiргi кезде балалар эмоциясына көп əсер ететiн теледидардағы бағдарламалар мен
компьютерлер. Қазiргi адамның өмiрi түрлi техникалар мен электроникалар адам тұрмысы
мен өмiр сүруiн жеңiлдетедi, бiрақта ар-намысына тырысып, биiк деңгейде өмiр сүру үшiн
не керек? Рухани, моралды құндылықтармен байытып (жəрдем беру, адамгершiлiк, өнерге,
əдебиетке, поэзияға т.б.) толықтыру қажет. Мысалы, адамдардың өмiрiн компьютермен
салыстырсақ, компьютердiң адамдарға қарағанда мүмкiншiлiктерi бiршама артық.
Компьютер адамдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндiрiсте, оқуда тиiмдi
(жеңiлдету, тездету, тереңдету) жағдайларды туғызады, техникалық, экономикалық
прогреске жол ашады. Бiрақта ақыл-ой еңбегiн жеңiлдете отырып, ол адамның жалпы
дамуын шектейдi, яғни ақыл-ой дағдылары тиiстi деңгейге көтерiлмейдi. Балалардың
қиялына, логикалық ойлауына, ырықты ес процестерiне тиiстi тосқауыл қояды.
Компьютер балалардың iшкi əлемiн өз экраны сияқты тарылтады. Олардың ақыл-ойын
қарапайым сезiмсiз интегралды сұлбаға айналдырады. Компьютердiң есiнде жан, жоғары
сезiм туралы түсiнiк жоқ. Тек қана жан адам баласының ойын мынадан: өзара тақыр
есептесуден сақтайды. Жан ғана адамның ақыл-ойын жоғары сезiмдермен (жоғары
махаббат, адамдарға ақ ниетпен қарау, əлемдi сүю т.б.) сəулелендiредi. Дамыған жан
адамның ақыл-ойын қатыгез, салқынқандық, адамзатқа зиян келтiретiн ойлардан
сақтайды. Осыны түсiне отырып, белгiлi немiс жазушысы Ремарк былай деп жазған: ң
Мен ғажап уақытта өмiр сүргенмiн, талай ғылым жетiстiктерiне (газ пешi, электрлi тұрмыс
құралдары т.б.) куəгерi болдым. Көп қиындықтарды ғылым арқылы жеңдiк. Бiрақ та
адамдар осы уақыттың арасында өзгерген жоқ. Адамдар бiр-бiрiне жақын болғысы
келмейдi жəне жақсармады.
Қорыта айтқанда, адамдардың сезiмдерiн байытуда ғылымның, техиканың
түрлi жетiстiктерi басты рол арқармайды. Адамдарға жоғары сезiмдер ақыл-ой,
адамгершiлiк, эстетикалық сезiмдер қажет.
Достарыңызбен бөлісу: