№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет94/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   120
XII ТАРАУ. ЕРIК
Қысқаша мазмұны
1. Ерiк туралы ұғым.
2. Ерiк жайлы негiзгi теориялар.
3. Ерiктiң физиологиялық негiздерi
4. Ерiктiк iс-əрекеттiң құрылымы.
5. Адамның ерiктiк қасиеттерi жəне олардың дамуы.
Адам тек түйсiк, қабылдау, ес, қиял, ойлау арқылы дүниенi танып қана қоймайды, оны
сонымен қатар өзгертедi, оған ықпал жасайды əрi өзiнiң қажеттiлiктерiне орай бейiмдейдi.
Алайда қажеттi нəтижеге жету үшiн адамға белгiлi бiр күш жұмсауына жəне кездескен
кедергi мен қиындықтарды жеңуiне тура келедi. Жалпы адамның өз көңiл қалауына,
тiлектерiне қарамай iстеуге мəжбүр болатын, бiрақ қажеттi əрi саналы түрде ақыл-
парасатқа негiзделген əрекеттердiң тууын қамтитын психикалық реалдықты, болмысты
түсiндiру үшiн ерiк деген ұғымды қолданамыз. Қазақ тiлiнде ерiк сөзiне синоним ретiнде
қайрат, күш-қуат, қажыр, жiгер, ырық сияқты сөздердi пайдаланады. Отандық психология
ғылымының негiзiн қалаушы Жүсiпбек Аймауытұлы 1926 жылы жазылған “Психология”
кiтабында: “Iшкi өмiрдiң барып-барып тиянақтайтын жерi – амал (iс) мен сыртқа шығу,
осыны қайрат дейдi. Қайрат кең мағынада да, тар мағынада да жүретiн сөз”- деген түсiнiк
берiп кетедi. Кең мағынасында, қайратты iс-əрекеттерге итеретiн жалпы қабiлеттер, ал тар
мағынада зейiннiң мiндеттi қатысуын талап ететiн, санаға салу мен ақылмен шешу
арқылы жүзеге асатын қасиет ретiнде сипаттайды. Ж. Аймауытов “Олай болса, қайрат...
бiрiмен-бiрi алысқан бiрнеше пернелердiң (елестердiң) жүйелерi болғанда орын алатын
нəрсе екен; қайрат сана майданы күрделi болудан тұратын нəрсе екен.”-деп жазады.
Жалпы қазақы ойлау жүйесiнде “ерiк” сөзiнен гөрi “қайрат” сөзi көбiрек қолданылғанын
Абай, Шəкерiм, Мағжан Жұмабаев шығармаларынан да байқауымызға болады. Мəселен,
М. Жұмабаев “Педагогика” (баланы тəрбия қылу жолдары) атты кiтабында “... бiр
мақсатқа жету үшiн жанның аңды (саналы- Ж.С) ұмтылуы қайрат деп аталады. Əрине,
жан құр ұмтылып қана қоймайды, сол ұмтылғанын болдыру үшiн дененi iске қосады.
Жанның қайрат күшi арқылы iстелетiн iсi ерiктi iс деп аталады”-деген анықтама бередi.
Жəне қайраттың тартылу,ұмтылу жəне тiлеу сияқты түрлерiн бөлiп көрсетедi əрi оның


қалай жасалатынына түсiнiк бередi.
Ал бүгiнгi психология ғылымы ерiкке қандай анықтама бередi, соған келейiк.
Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен
көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен
кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып
табылады жəне мотивтермен, таным жəне эмоциялық процестермен тығыз байланысты.
Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр əрекетi барысындағы қиын жағдайларда
белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн
бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi жəне тежеушi.
Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға
отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған əрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген
мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын,
қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас
тартуға мəжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр
жағынан, адамның əрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар
мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-əрекеттi ұйымдастырады.
Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең əуелi- кедергi-
қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана
ерiк көрiнедi. Бұл кедергiлер сыртқы не iшкi болуы мүмкiн. Сыртқы кедергiлерге уақыт,
кеңiстiк, заттардың физикалық қасиеттерi, өзге адамдардың қарсы iстелетiн əрекеттерi
жататын болса, iшкi кедергiлер мазмұнына- адамның қатынасы мен бағдары, бiлiмiнiң
аздығы, ерiншектiгi, енжарлығы,ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйi жəне т.б.
кiредi. Сыртқы жəне iшкi кедергiлер санада бейнелене отыра, ерiктiк күш салу тудырады.
Ол қиындықты жеңге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.
Өмiр практикасында жеке қылықтар мен əрекеттерден тұлғаның ерiктiк ұйымдасуы
қалыптасады. Ерiктiк қасиеттер тұлғаның ажырамас белгiсiне айналады.
Адам мақсатқа жету үшiн ақыл-ой мен дене күшiн саналы түрде бағыттауы мүмкiн.
Мəселен, адам мүлтiксiз, өте дұрыс жəне қажеттi шешiмдер қабылдайды делiк. Алайда,
сол шешiмдi орындау үшiн күш-қуатын жинап, жұмылдырмаса, яғни, азды-көптi күш
жұмсамаса, онда ол өз мiнез-құлқын игеруде дəрменсiздiк көрсетедi. Бұл жағдайда алға
қойған iстi практика жүзiнде орындаудың дұрыс жолы табылғанымен шешiм орындалмай
қалды. Оларды жүзеге асыруға ерiк күшi жетпей қалды. Демек, бiр нəрсенi саналы ұғыну
дегенiңiз əрекет жасаумен барабар емес. Ерiк дегенiмiз, И.М.Сеченовтың сөзiмен айтқанда
- сезiмнiң əрекет жағы. Бiздiң толғаныс-тебiренiстерiмiз, яғни сезiмдерiмiз мазмұнды
болады. Күнделiктi өмiрде бiз түсiнiп қабылдағандарымызды не ұғынғандарымызды ғана
емес, осы мазмұнға сай туатын тебiренiстердi де басшылыққа аламыз. Сезiм əрекет,
қылықтарға итермелеу рөлiн атқарады. Сондай-ақ көңiл-күй мiнез-құлықты ұстамды ету
құралы да бола алады. Мəселен, ұят сезiмi жағымсыз қылық жасауға тыйым салғандай
болады, одан сақтайды. Кей кезде сезiмге берiлмей əрекет жасау қажеттiгi туады. Мысалы,
түнде далаға шығу қорқынышты-ақ, əйтседе адам қорқыныш сезiмiн басып, керектi
нəрсенi алып келедi. Адам жұмысқа бөгет болатын болса, қызығулардан, ойындардан,
ұнайтын iстерiнен, шылым шегу, арақ iшуден бас тартуы мүмкiн. Дəл осы жерде ерiк
өзiнiң басты қызметiнiң бiрi – тежегiштiк қасиетiн көрсетедi.
Сонымен, бiз психологиялық əдебиеттердi оқи отыра, ерiк өзiнiң ерекше белгiлерi бар
əрi оңай анықтап байқауға болатын жəне ғылыми тiлмен сипаттауға болатын, толық
шынайы психикалық құбылыс екенiн көруiмiзге болады. Ерiктiң қандай негiзгi белгiлерi
бар?
Тiптi сонау дəуiрлерде Аристотель ерiк ұғымын өздiгiнен қозғаушы күшi жоқ
бiлiмдерге сай адам қалай мiнез-құлқын жүзеге асыратынын түсiндiретiн ұғым ретiнде,
өзiнiң жан туралы iлiмiнiң негiзгi категориялар жүйесiне енгiзген болатын. Аристотельде
ерiк талаптану,ұмтылумен қатар мiнез-құлық барысын өзгертуге қабiлеттi фактор ретiнде
көрiндi. Аристотель бойынша адам мiнез-құлқына қозғау салатын “ талпыныс (ұмтылу)
заты, ал ол арқылы ақыл-парасат итермешi болады, өйткенi талпыныс
заты ол үшiн
бастау боп табылады” . Басқаша айтсақ, ерiк проблемасы əрекет затына қозғаушы күштi
беру мəселесi жəне сонымен əрекетке түрткiнi қамтамасыз ету боп табылады.
Ерiктiк актiнiң елеулi белгiлерiнiң бiрi ол əрқашан да күш жұмсау, шешiм
қабылдау жəне оны жүзеге асырумен байланысты. Ерiк мотивтер күресiн талап етедi.
Осы елеулi белгiсi бойынша, ерiктiк əрекеттi басқалардан ажыратуға болады. Ерiктiк
шешiм əдетте бəсекелес əрi қарама-қайшы, түрлi бағыттағы əуестiк, елiгу жағдайында,
олардың ешқайсысы ерiктiк шешiмсiз түпкiлiктi жеңуге қабiлетсiз болғанда қабылданады.
Ерiк өзiн-өзi шектеу, едəуiр күштi құштарлықтарды тежеуден, сол сəтте тiкелей туындаған
тiлектер мен түрткiлердi басып тастау ебдейлiгiнен, маңызды əрi мəндi мақсаттарға зауық,
елiгулердi саналы бағындырудан тұрады. Өзiнiң жоғары деңгейiнде ерiк адамның рухани
жəне адамгершiлiк құндылықтары, кəмiл сенiмi мен мұраттарынан көрiнедi.
Ерiктiк психологиялық құбылыс ретiндегi тағы бiр белгiсi – бұл жүзеге
асырылатын iс-əрекеттiң ойластырылған жоспарының болуы. Жоспары жоқ не алдын ала
белгiленген жоспар бойынша орындалмайтын əрекеттi ерiктiк деп санауға болмайды.
С.Л.Рубинштейн айтқандай, “ерiктiк əрекет- бұл ... саналы, мақсатқа бағытталған əрекет,


ол арқылы адам өзiнiң импульстерiн (итермешi күш) саналы бақылауға бағындырып жəне
қоршаған болмысты өзiнiң түпкi ой-ниетiне сəйкес өзгерте отыра алдында тұрған
мақсатты жүзеге асырады”.
Ерiктiк əрекеттiң елеулi белгiсiне əрекеттi жүзеге асыру барысында тiкелей
қанағаттанудың болмауында жатқызамыз. Өйткенi, ерiктiк əрекет əдетте моральдық
емес, эмоциялық қанағаттанудың болмауымен сипатталады. Ойлағаныңды табысты жүзеге
асырғаның үшiн адамда моральдық қанағаттану сезiмi сөз жоқ болады.
Адамның ерiк күшi тек жағдайды жеңу не игеруге ғана бағытталмайды, сонымен
қатар адамның өзiн-өзi жеңуден де көрiнiс бередi. Бұл əсiресе, эмоциялық қызба жəне
ұшқалақ мiнездi адамдарға тəн болып келедi.
Ерiк проблемасын арнайы зерттеген ресейлiк психолог В.А.Иванников ерiк
өлшемiнiң төрт типiн бөлiп көрсетедi Оның айтуынша ерiк өлшемi мыналардан көрiнедi:
1) Ерiктiк əрекеттерден; 2)Мотив пен мақсатты таңдаудан; 3) Адамның iшкi күйi, əрекетi
мен əр түрлi психикалық процестерiн реттеуден; 4) Тұлғаның ерiктiк қасиеттерiнен;
Сөйтiп, адамның өзге тiршiлiк иелерiнен елеулi айырмашылықтары оның сана мен
интеллектен басқа ерiк күшiнiң болуында, олсыз бүкiл қабiлеттiлiктер құр жай бекер сөз
болып қалмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет