адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару.
өялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның əрекетi мен қылықарына қатты əсер етедi,
сананы жаулап алады. Тұлғаны қорғаныш механизмдерi белсендiредi. Өмiрдегi түрлi
жағдайлар ұялу мен одан адамгершiлiк деңгейде құтылу – тұлғалық борыш.
өялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол
моральдық-
эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын,
артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi.
өялу мен мақтаныш эмоциясы негiзiнде адамда өзiне қатысты тұрақты дамуы жүредi.
Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сəйкес емес
жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның
қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-əрекет кемiстiгi жəне т.б. Айну эмоциясы
сəйкес объектiнi өзгертудi,
жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.
Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi
бар. Ол сəйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi
тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң
артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.
Өзiн кiнəлау эмоциясында адам өзiнiң кiнəсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын
немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына
өзiн кiнəлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнəлайды жəне өкiнедi (үлгерген жоқпын, iстей
алмадым, ескерте алмадым, кең пейiлдiк көрсете алмадым жəне т.б.),
көбiнесе өзiнiң
кiнəсiн ақтауға тырысады (зардап шегiнуге көмектесу, кешiрiм өтiну, түсiндiруге тырысу).
Тұлғаның негiзгi кемелдену көрсеткiшi – ол өзiнiң қылығына жауап беру жəне кiнə сезiмiн
сезiну, кiнəсiн ақтауға тырысу.
Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң
төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай,
мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi
қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. Адам өзiнiң күштiлiгi немесе
батылдығы осы сезiмдерден өткенде бағалайды.
Кез-келген адамның өзiнiң қайталанбас эмоционалдық қоры болады.
Бұл нақты
эмоциялық бейiмдiлiкте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, кiнəнi сезiнуде көрiнедi.
Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерiн анықтауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: