№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері


§ 2. Ерiктiң физиологиялық негiздерi



Pdf көрінісі
бет96/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   120
§ 2. Ерiктiң физиологиялық негiздерi.
Ерiктiк əрекеттердiң физиологиялық механизмдерiн былай түсiндiруге болады.
Үлкен ми сыңарларының төбелiк бөлiгiнде қимыл қозғалысты басқаратын аумақ
орналасқан. Ол ми қыртысының барлық аумақтарымен, соның iшiнде барлық
талдағыштардың ми қыртысы ұштарымен байланысып жатады. Бұл байланыс ми
қыртысының белгiлi бiр аумағында пайда болған қозудың қимыл-қозғалыс аумағына
жетiп, онда да осындай процесс туғызу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi.
Сонымен, ми қыртысының қозғалыс бөлiгiнiң мидың басқа бөлiктерiмен
байланысы адамның саналы қимылдары мен əрекеттерiнiң алға шарты болады. Бiрақ
мұндай байланыс мiнез-құлықты ерiктiк реттеу механизмiн толық қамти алмайды.
Сондықтан екiншi сигалдық байланыстардың рөлiнде ескеру керек. Өйткенi, екiншi
сигналдық байланыстар ми қыртысының жалпы байланыстар жүйесiне қосылады да,
оның қызметiн əлдеқайда күрделендiрiп жiбередi.
Екiншi сигналдық байланыстар негiзiнде адам мiнез-құлқының барлық саналы
жəне мақсатты реттелуi жүзеге асады, алынған ақпараттың орнын, мезгiлiн, сипатын,
тəсiлiн, қарқынын т.б. анықтау атқарылады. екiншi сигнал жүйесiнiң тiтiркендiргiштерi
адам мiнез-құлқының қимыл-қозғалыстық бөлiгiнiң ғана белсендiлiгiн арттырып қоймай,
ой, қиял, ес тəрiздi көптеген психикалық процестердiң басталуының сигналы болады,
зейiндi реттейдi, сезiмдi туғызады. Екiншi сигналдар (сөздер) көмегiмен адамның бүкiл
саналы əрекетi жүзеге асып реттелiнедi. Екiншi сигналдық байланыстар қимыл
əрекеттердi бөгеу, ерiктi тежеу қызметiнде шешушi рөл атқарады.
Сонымен, екiншi сигналдық байланыстар ақпараттың талдағыштан қозғалыс
бөлiгiне жылжудың бағытын өзгертедi. Бұл ақпарат өте күрделi жолдан өтедi. И.П.Павлов
қимыл-қозғалыстың ырықты болуы бүкiл ми қыртысының жалпы жұмысының нəтижесi
деп түсiндiредi. Ал сананың реттегiш жағы ретiнде ерiк шартты рефлекстiк табиғатқа ие.
Уақытша жүйкелiк байланыстар негiзiнде сан алуан ассоциациялар мен олардың жүйелерi
қалыптасып нығаяды да бұлардың өздерi мақсатты мiнез-құлыққа жағдайлар жасайды.
Тəжiрибе ерiктi реттеуде ми қыртысының маңдай бөлiгiнiң айырықша маңызы бар
екенiн көрсетiп отыр. Əр сəт сайын жүзеге асып жатқан нəтиже мен алдын ала
жасалынған мақсат бағдарламасының салыстырылуы тап осы жерде өтедi. Маңдай
бөлiмiне зақым келу қимыл-қозғалысты, əрекеттi ырықты реттеудiң бұзылуынан көрiнетiн
апраксияға əкеп соғады. Мұндай адам қандай-бiр əрекеттi орындауды бастап, кез-келген
кездейсоқ əсердiң нəтижесiнде оны бiрден тоқтатады не өзгертедi, яғни ерiктiк актыны
жүзеге асыру мүмкiн емес. Ми патологиясы негiзiнде iс-əрекетке түрткiнiң болмауынан,
шешiм қабылдауға, қажеттi əрекеттi жүзеге асыруға қабiлетсiздiктен көрiнетiн абулия
(ерiктiң əлсiреуi) пайда болуы мүмкiн. Абулия ми қыртысының патологиялық тежелуiнен
туындайды.
Мiнез-құлықтың ерiктiк реттелуiнiң рефлекстiк табиғаты ми қыртысында қозудың
оптималдық орны жасалуының алға шарты. Оптималдық қозу орны- бұл ми
қыртысындағы жұмыс орны. Ол адамның осы сəттегi негiзгi iс-əрекетiн жүзеге асырады.
Мiнез-құлықтың ерiктiк реттелуiнiң жалпы механизмiндегi ретикулярлық
формацияның маңызды мəнiн атамай кетуге болмайды. Ретикулярлық формацияның ми
қыртысына баратын белгiлi бiр импульстердi iрiктеп алып, өмiрлiк мəнi жоқтарын бөгеп
отыратын ерекше сүзгi тəрiздi екенi белгiлi боп отыр. Ретикулярлық формация бұл
импульстердi електен өткiзедi. Сол сияқты ретикулярлық формацияның ми қыртысын
энергиямен қамтамасыз ететiн өзiндiк аккумулятор жəне басқару пультi екендiгi жалпыға
белгiлi.
П.К.Анохин ұсынған мiнез-құлықтың ерiктiк реттелуi механизмi ретiнде əрекет
акцепторы ұғымы бiздiң түсiнiктерiмiздi одан əрi тереңде түседi. Оның мəнiсi – жүйке
процестерiнiң сыртқы оқиғалар барысынан оза жүретiндей көрiнетiндiгiнде. Бұрынғы
тəжiрибе негiзiнде адам жүйке жүйесiнде болашақта берiлетiн əсердi алын ала бiледi.


Сигнал негiзiнде мида көп рет қайталау арқылы қалыптасқан жүйкелiк байланыстардың
бүкiл кешенi, ассоциациялардың барлық жүйесi қалпына келтiрiледi.
Сонымен, саналы басқарылатын мiнез-құлық үлкен ми сыңарларында өтiп жататын
көптеген күрделi процестердiң өзара əсерiнiң нəтижесi болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет