№1 дəрісбаян тақырыбы: Психология пəні, оның міндеттері мен əдістері



Pdf көрінісі
бет112/120
Дата01.02.2023
өлшемі10,08 Mb.
#64288
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   120
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—28 в 17.15.15

§ 2. Тұлға жəне мiнез
Тұлға құрылымында ең орталық орынды мiнез алады. Адам мiнезi көптеген адам
бойындағы ерекшелiктерге, соның iшiнде танымдық процестерге де əсер етедi. Мiнез
əрбiр адамның жеке-даралығын жəне жеке адамдық ерекшелiктерiн көрсетедi. Адам мiнезi
жеке адам қызығушылықтарымен, қажеттiлiктерiмен, бағдарларымен, бағытымен,
мотивiмен т.б. байланысты.
Психология ғылымында мiнез топтастырылып оның қасиеттерi мынадай төрт түрлi
жүйеге бөлiнiп қалыптастырылады. Ондай қасиеттер адамның əр алуан нəрселерге
қатынас ерекшелiктерiн көрсетедi.
1.Мiнездiң еңбекке байланысты қасиеттерi: еңбексүйгiштiк, адалдық, еңбекке
жауапкершiлiкпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық.
2.өжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектiк, талапқойғыштық,
асқақтық,менсiнбеушiлiк.
3.Өзiне-өзiнiң қатынасы: өркөкректiк, тəкаппарлық, мақтаншақтық, өзiмшiлдiк,
қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк.
4.Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтылық, заттарды ұстап тұтынуы,
ұқыпсыздығы.
Мұндай ерекшелiктер адамның азаматтық қасиеттерiн көрсететiн негiзгi жəне өзектi
сипаттары болып табылады. Олар адамның қоғамдық қарым-қатынасы жəне əлеуметтiк
типтiк ерекшелiктерi. Ал, мiнез құрылымының ерекшелiктерiне мыналар жатады:
1.Мiнездiң тереңдiгi. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшiлiкке, ұжымға,
еңбекке деген қатынасын бiлдiредi.
2.Адамның жеке басының ерекшелiгi, белсендiлiгi. Бұл қасиет мiнездiң күшi. Осыған
орай, адам мықты, жақсы, тұрақты жəне нашар мiнездi болып келедi.
3.Мiнездiң тұрақтылығының, бейiмделгiштiгiнiң ерекше мəнi бар. Мұндай адамдар


əрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзiмдiлiк пен бейiмделгiштiлiк
көрсетiп,мiнездiң күшiн аңғартады.
§ 3. Мiнездiң қалыптасу ерекшелiгi
Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып
табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң
қайнар көзiн жəне оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен
iздеу керек.
Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған
ортамен,əсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен əсер етедi жəне оның ролi өте
маңызды. Əсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары,
оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң
мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған
адамдармен көп жəне белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар
балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-əрекетпен əсер ете алса,бала мiнез-құлқының
белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-
қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына əсер етедi. Сонымен
адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген
қатынасында пайда болады.
Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең
болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi
қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға əсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды,
елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың
керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, əрекеттерiмен əсер ете алу мүмкiншiлiгi
жоғары.
Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау
стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте
маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, əсiресе анасының баласымен қатынасына
байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз
баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен əсер етедi.
Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ
көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық жəне оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк,
байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн
қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып,
ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады.
Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң
ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды жəне қалыптасады.
Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады жəне өзгередi. Адам
мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да
тұлғаның қырлары сияқты iс-əрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.
Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына əлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның
жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи
шындық жəне обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет