барысында құрылады жəне танымдық іс-əрекеттің құрылымның ерекшеліктерімен
анықталады деп көрсетеді автор.
Өкінішке орай, күнделікті тəжірибеде “қабілет” жəне “дағдылар” ұғымы əсіресе
педагогикалық тəжірибеде əдеттегі қорытындыға келтіруге жиі теңдестіреді. Бұл тектес
классикалық үлгі ретінде соңынан белгілі суретші болып қалған В.И.Суриковтың сурет
Академиясына түсудегі сəтсіз əрекеті қызмет етуі мүмкін. Суриковтың қабілеттілігі
қаншалықты ерте берілгенімен де, оның сурет салудағы іскерлігі мен дағдылары əлі
болмаған. Академиялық педагогтар Суриковтың академияға түсуіне бас тартты. Онымен
қоса, академия инспекторы Суриков ұсынған суретті көріп, былай дейді: “Мынадай
суреттер үшін сізге академияның жанынан жүруге тыйым салу керек”. Академия
оқытушыларының қателігі олар қабілеттіліктің болмауынан іскерлік пен дағдының
болмауын ажырата алмауында. Суриков үш айдың ішінде тиісті іскерлікті меңгеріп,
нəтижесінде сол педагогтар бұл жолы оны академияға лайықты деп қабылдайды, ол
олардың қателіктерін ісімен дəлелдейді.
Қабілет іскерлік жəне дағды, біліммен сəйкеспейтініне қарамастан, бұл іскерлік пен
білімділік ешқандай байланыссыз дегенді білдірмейді. Іскерлік пен дағдыны, білімділдікті
жеңіл жəне тез қабылдап алуы қабілетке байланысты болады. Осы білім мен іскерлікті дер
кезінде игеріп алу, қабілеттің ары қарай дамуына ықпал етеді, сонда лайықты білім мен
дағдының болмауы қабілетті дамытудың тежеуі болып табылады.
Б.М.Теплов қабілет дамудың үздіксіз үрдісінсіз болуы мүмкін емес деп санаған.
Адамдар тəжірибесіндегі қолданыстан шыққан дамымайтын қабілет уақыты келе жоғалып
кетеді. Біз өзімізде бар қабілетті жүйелі сабақпен байланысты мынадай күрделі адамзат
əрекеттерінің түрлері музыка, техникалық жəне көркемдік шығармашылық, математика,
спорт жəне т.б. тек қана тұрақты жаттығудың арқасында қолдай жəне дамыта аламыз.
Кез келген əрекеттің орындалуының табыстылығы қандай да, болмасын əр түрлі
қабілетке байланысты болады, жəне де сол бір нəтижені беретін бұл байланыстыру əр
түрлі тəсілдермен қамтамасыз етілген болуы мүмкін. Бірдей қабілеттерді дамытуға
қажетті талаптың болмауы олардың тапшылығы басқаларының неғұрлым жоғары
дамуының салдарынан толықтырылуы мүмкін. “Адам психикасының маңызды
ерекшеліктерінің бірі қандай да бір қабілеттің салыстырмалы əлсіздігі салдарынан
басқаларының бірдей қасиеттері тетенше кеңінен орнын өтеу мүмкіндігі болып табылады,
тіпті осы қабілетпен неғұрлым тығыз байланысты əрекетті табысты орындау мүмкіндігі
ескерілмейді. Жетілдірілмеген қабілет сол адамның жоғары дамығанын өте кең шекте
басқалармен орын толытыруы-деп жазды Б.М.Теплов”. Жалпы алғанда психология
ғылымының көптеген мəселелерінің ішінде ең маңызды орынды қабілеттер мəселесі
алады. Мүмкін бұл ғылыми зерттеуге қиындық келтіруші мəселенің əрқашан да
қызығушылығын жоғалтпауы оның практикалық маңыздылығында болар. 50-60 жылдары,
Ананьев Б.Г., Ковалев А.Г., Крутецский В.А., Леонтьев А.Н., Платонов К.К., Рубинштейн
С.Л., Дружинин В.Н. жəне тағы басқа Кеңестік зерттеушілердің еңбектерінің арқасында
қабілет мəселесінің барлық басты аспектілерін ғылыми тұрғыда түсінуге маңызды қадам
жасалды. Рубинштейн С.Л. 30- шы жылдары қабілетке байланысты өз көзқарасын айта
бастайды. Оның алғашқы жұмысының мазмұны кейінірек „жалпы психология негіздері”
оқулығында баяндалды. Онда автор осы мəселеге деген көзқарасын айта отырып,
қабілетті дамытудың алғышарттарын негізге ала отырып, жалпы дарындылық пен арнайы
қабілеттер сұрақтарын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: