френологиялық карта құрылған. Солардың арасынан “қабілет томпағы” музыкаға,
поэзияға, кескіндемеге; “дөңестер” атақұмарлық, сараңдық, батылдыққа жəне т.б.
белгіленген. Алайда бұл тəсіл жарамсыз болып қалды. Сансыз көп ашылған жаңалықтар
бас сүйек ми қабығының формасын қайталамайтынын көрсетті, сондықтан адамның ақыл-
ой жəне адамгершілік ерекшелігін бас сүйектің томпағы жəне
ойпаты бойынша анықтау
ғылымға қарсы жəне тиянақсыз.
Ч.Дарвиннің эволюция теориясы ұстанымдарынан бастау алып, қабілеттілік
мұрагерлігін түсіндірген Фрэнсис Гальтонның еңбегі кең танымалдыққа ие болды.
Көрнекті қайраткерлердің өмір жолын талдай отырып, Гальтон адам табиғатының жоғары
сатыға көтерілуін ақыл-ой жəне денелей дамыған адамдар, ерекше дарынды нəсілдің
мұрагерлік заңдылығы негізінде сырын ашу долымен мүмкін деген қорытындыға келген.
XX ғасырда Гальтонның
желісін жалғастыра отырып, Коте атақты адамдардың
дарындылық дəрежесін энциклопедиялық сөздіктерде оларға меншіктеп берліген жол
саны бойынша анықтап, 400-ге
жуық адамды бөліп алып, кімнің жоғары қабілеттілігі
қаншама ұрпаққа жалғасатындығын анықтаған.
Аталмыш бекіту негіздемені жоққа шығару еместігін атап өтейік. Əсіресе, неміс
музыканты Бахтың жанұя тарихына əсер етеді. Онда музыкалық зор қабілеттілік алғаш
1550 жылы анықталынған. Жанұядағы бастаудың көзі Т.Рибоның “Жан дүниелік
қасиеттердің мұрагерлігі” еңбегінде көрсетілгендей, жұмыстан соң жан дүниесін музыка
мен əнге аранған тоқашшы В.Бах болған. Оның екі ұлы болған,
екі ғасыр аясындағы
белігілі Германияның үздіксіз музыканттар қатары осылардан басталады. Бахтың
жанұясында жалпысы 60 - қа жуық музыкант болған, соның ішінде 20 – көрнекті.
Сонымен қатар, Л.Н.Толстайдың əжесі – Ольг Трубецкая мен А.С.Пушкиннің əжесі –
Евдокия Трубецкая апалы-сіңілі болғаны белгіленген. Неміс мəдениетінің бес ірі өкілі –
ақын Шиллер мен Гельдерлин,
философтар Шеллинг мен Гегель, жəне дле физик Макс
Планк туысқандар болған: олардың арғы атасы XV ғасырда өмір сүрген Иоганн Кант
болған.
Қабілетті дамытудағы мұрагерліктің маңызын зерттеу мақсатымен өткізілген
зерттеулердің бірінде балалардың музыкаға қабілетті
ата-аналарының не екеуі де
музыкант, не екеуі де музыкант емес болғанын анықтаған. Төменде осы зерттеудің
нəтижесі келтірілген (кесте)
Достарыңызбен бөлісу: